Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазанды не үшін «Құран айы» дейді?

04.05.2019
- Ислам, Сұрақ-жауап
1
299
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Рамазанды не үшін «Құран айы» дейді?

Жауап: Рамазан – адамдар ақ пен қараны ажыратып, Жаратушы иесі Аллаға кемел түрде бойсынулары үшін Құран түскен берекелі, қасиетті ай.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) Құран негізінен толығымен түсіп болған кезде, яғни, өміріндегі соңғы Рамазан айында қасиетті Құранды Жибрәйілмен (а.с.) бірге басынан соңына дейін екі рет хатым (толық оқу) еткен еді. Бұл ісінің үмметі үшін мән берерлік қыры көп болса керек деген ойдамыз. Соның бір мысалын тарқатып көрелік.

Құран – соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) ең ұлы мұғжизасы. Ол – күллі мұсылман баласына мұра етіліп қалдырылған қасиетті кітап. Оның ең алғашқы аяты, «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!…» («Әлақ» сүресі, 1-аят) делініп әмір түрінде келуінің өзі мына екі сырды ашса керек.

Жаңа айды көргенде не айту керек?

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026

Әуелгісі, адам Құранды түсінбесе де шамасы келгенше арабшасынан оқуы. Кейбіреулер Құранды арабшасынан оқи алмағандықтан сауапты үміт ете отырып, қазақша немесе орысша аудармасынан оқып жатады.

Бір хадисте: «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылық он еселенеді. Мен әлиф, ләм, мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін, әлиф – жеке әріп, ләм – жеке әріп, мим – жеке бір әріп. (Әрқайсысына жеке сауап жазылады)» делінген (Тирмизи).

Яғни, адам ықыласына сай Рамазан айында оқыған Құранының әрбір әрпіне он еседен сансыз еселенген сауап алуы мүмкін. Өйткені, Алла Тағаланың бұл айда жақсы ниетпен жасалған әрбір игі ісі үшін шексіз сауап беретіндігі өзге хадистерде білдірілген. Сонымен қатар, Ислам үмметінің Рамазан айының тарауйх намазында Құран хатым етуді дәстүрге айналдыруы Құранды оқыған адам мен Оны тыңдаған адамға бірдей үкімде екендігін көрсетеді.

Екіншісі, Құранды түсіну, оның талаптарына лайық өмір сүру мақсатында өзге де кітаптарды (тәфсір, хадис, ақида, фықһ және т.б.) оқыған адам Құран оқығанның сауабын алады. Неге десеңіз, әркім Құранның өзін оқып ішіндегі терең мағыналарын жете түсініп кете алмайтыны белгілі.

Міне, осы тұрғыдан Құран бізге пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистерімен, әр ғасырда жазылған том-том діни еңбектер арқылы түсіндіріліп келді. Сол себепті, күні бойы Құранды түсінбей оқи бергеннен гөрі, бір аят оқысаңыз да соның мәнін ұғуға тырысу өте маңызды. Оқыған сол бір аятыңыз сізге қандай бағыт-бағдар көрсетуде, сізден күтілген нәрсе не? деген сұрақтарды өзіңізге қоя отырып, оқығаныңызды түсіну дінімізде ең маңызды іс болып табылады. Тіпті, Рамазан айының Құран айы деп аталуының мәні де осы деуге болады.

Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп және оны басқаларға үйреткендерің», – деген. Бұл хадиске негізделе отырып, жоғарыдағы ойымызды мына бір маңызды мәселемен толықтыруға болады.

Яғни, Құран тіл ұшында қалған кезде адам ғұмыры тұлданады. Бүгінгі мұсылман әлемінің ғылым-технологияда артта қалып, өзара алауыздыққа түсіп күшін әлсіретуін соның бір айғағы деуге болады. Кешегі атынан ат өркетін алып елдердің халқы бүгінде босқынға айналып үлгерді. Әрине, мұның басты себебі мұсылмандар үшін Рамазан айы неге қастерлі? Бұл ай не үшін Құран айы деп аталды? деген сынды сұрақтарға толыққанды жауап іздестірмеуден іске аспақ. Егер бұл айда қасиетті Құранның мәніне өзгеше бір үңіліп, сол руханиятпен келесі Рамазан айына дейін Құран кәрімді зерттеп, зерделеу ісі қолға алынар болса, екі әлемде де мәртебеміз асқақ болмақ!

Таңбалар: Құран айыРамазан
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Ислам

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек?
Жаңалықтар

Рамазан қай күні басталатыны белгілі болды

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

720 сағат қана уақытың бар..

Пікір 1

  1. Жасын жазған:
    6 жыл бұрын

    Сіздерге сұрағымды жауапсыз қалдырмай, барлығына жауап бергендеріңіз үшін көп рахмет.

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00