Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазан айында істеу керек 12 амал

23.05.2019
- Ислам
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айының бітуіне 12 күн қалғанда осы 12 амалды орындап үлгеріңіз. Бұл амалдар сіздің жан-дүниеңізді рухани құндылықтармен толтырып, тәніңізге ауыртпалық түсірмейді.

Құран оқу. Құранды мағынасын түсіне отырып ережесімен оқу. Егер арабша қаріп танымаймын десеңіз, алдағы санаулы күндер – сіз үшін үлкен мүмкіндік. Еліміздің барлық мешітінен өзіңізге ыңғайлы уақытта құран үйреніп алуыңызға болады. Ежіктеп болса да Құран Кәрімді оқу үлкен сауап екенін естен шығармаңыз.

Нәпіл намаздарын оқу. Әдетте нәпіл намазын 2 рәкағат етіп оқу – сүннет әрі сахабалардың бәрі жасырып жасаған ғибадаттары. Тек мәкруһ болған уақыттан басқа мезгілдерде жақсылап дәрет алып екі бас намаз оқыңыз. Сондай-ақ, сәске уақытындағы духа, түнгі тәхәжжүд намазы, ақшам мен құптан аралығында оқылатын әууәбин намазы, 10 түрлі күнәні кешіретін 4 рәкағаттық тәсбих намаздары да нәпіл құлышылқтардың қатарына жатады.

Өз-өзіңізге есеп беру. Серуендеп жүрсеңіз де, үйіңізде отырсаңыз да өз-өзіңізге «Мен қайдан келдім және қайда барам?», «Алла Тағала менен не қалайды және менің Раббымның алдындағы міндетім қандай?» деген сұрақтарға жауап беріп, өткеніңіз бен бүгініңізге, келешегіңізге көз салыңыз.

Күнәларға тәубе ету. Сәт сайын өткен күнәларыңыз үшін Алладан кешірім, жарылқау тілеп, шынайы тәубе етіңіз. Әсіресе, ұйқыға жатар алдын өзіңізді соңғы рет қол жайып отырғандай сезініп, Аллаға жалбарыныңыз.

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026

Аллаға жиі мадақ айту. Алла Тағалаға шамаңыз келгенше көбірек мақтау-мадақ айтыңыз. Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір қысқа ғана жиында жүзден аса «Субханаллаһ» деп айтқанын риуаят етеді.

Ренжіскен адаммен татуласу. Ренжіскен адаммен татуласу – Рамазан айындағы ең іргелі істердің бірі. Себебі, шайтан бір-бірінен жүзін бұрған мұсылмандардың араз болып жүргенін қалайды. Ал ораза кезінде арада реніш болған адаммен шынайы түрде кешірім сұрасып, татуласқан жөн.

Араздасқанды жарастырып, қаймыққанның көңілін аулау. Араздасқан екі адамның арасын жарастырып, татуласуына себепкер болу да – сауапты іс. Сонымен бірге, уайымы бар адамның жанынан табылып, сабырға шақыру да – теңдессіз жақсы амалдың бірі.

Садақаны көп жасау. Садақаны мейлінше көп жасау, қолыңыздағы барды қиналған адамға, жетім-жесірге, ауыр науқастарға санамай беру және көңілін аулау. Садақаны қалтасы бай емес, көңілі, пейілі бай адам ғана бере алатынын ұмытпаңыз.

Жақын адамдарға зиярат жасау. Ең жақын ағайын-туыс, дос-жаранның халін біліп, мүмкіндігіңізге қарай үйлеріне барып, арнайы зиярат жасаңыз. Көмек қажет болса жәрдемдесіңіз, шүйіркелесіп, жақсы нәрселерді әңгіме қылыңыз.

Діни жиындарға қатысыңыз. Мешітте немесе басқа кез келген ортада өтетін қайырымдылық шараларына, уағыз-насихат, рухани кештерге қатысыңыз. Сондай-ақ, шақырған ауызашарлардан қалмаңыз және өзіңіз де ауызашар дастарқанын жайыңыз.

Бес уақыт намазды жамағатпен оқу. Жамағатпен намаз оқудың жеке оқығаннан артықшылығы көп. Сондықтан, сауаптар 700 есеге дейін артатын қасиетті айда күнделікті парыз намаздарын жамағатпен орындауға тырысыңыз.

Қабірлерге зиярат жасаңыз. Хадисте: «Сендердің ең ақылдыларың – өлімді жиі еске алатындар» – делінген. Сол себепті қабірлерге зиярат жасап, бір жағы бақилық болған жақындарыңыздың рухына дұға бағыштап, өзіңіз де қабір өмірін еске алыңыз.

Таңбалар: ауызашарҚұраннәпіл намазоразаРамазан
Бөлісу39Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Ислам

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды
Жаңалықтар

Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды

22.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетінің қандай артықшылығы бар?

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00