Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мүнкәр мен Нәкир періштелері

11.05.2019
- Қоғам
0
2.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мүнкәр мен Нәкир – қабірде адамдарды сұраққа алатын періштелердің аты. Бұл сөзді қазақшаға тәржімелесек, «белгісіз, тосын, бейтаныс, бөгде» деген мағыналарды білдіреді. Мүнкәр мен Нәкир қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген, тіпті ойына да келмеген бейнеде келетіндіктен болса керек.

Имам Ғазали өз еңбегінде: «Құл өлген кезінде қара түсті, жасыл көзді екі періште келеді. Біреуі – Нәкир, екіншісі – Мүнкәр…»,[1] – десе, имам Суюти: «Қабір – ақырет аялдамаларының алғашқысы. Кімде-кім осы аялдамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан да аман-есен өтеді. Ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да қиын болады»,[2] – дейді.

Қабір әлемін бастан кешіру адамдардың бәріне тән құбылыс. Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Адам баласы қабірге жерленгеннен кейін «Мүнкәр» мен «Нәкир» деп аталатын екі періште қабірдегі адамға келіп: «Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?» деген тәрізді сұрақтар қойып, сол сұрақтарға берген жауаптарына қарай онымен қарым-қатынас жасайды.[3] Сұраққа жауап бергендер үшін қабір жайлы мекенге айналып, іші нұрлана түссе, сұрақтарға жауап бере алмағандар үшін қабір азабы басталады. Құранда:

يُثَبِّتُ اللّهُ الَّذِينَ آمَنُواْ بِالْقَوْلِ الثَّابِتِ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الآخِرَةِ

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Аллаһ иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді»,[4] – деген аят бар.

Бұл жайында мына хадисте былай делінеді:

ﺇنّ العَبْدَ ﺇﺫا وُضِعَ فى قَََبْرهِ و تَولَى عَنْهُ ﺃصْحابُهُ،
وﺇنّهُ لَيَسْمَعُ قَََرْعَ نِعالِهِم ﺇﺫا انْصَرَفُوا، ﺃتاهُ مَلَكانِِ فَيُقْعِدانِهِ، فَيَقولانِِِ لَهُ…

«Құл қабірге жерленіп, ағайын-достары кері қайтқанда мәйіт олардың қадамдарының дыбысына дейін естіп жатады. Сосын оған (Мүнкәр, Нәкир) деп аталатын екі періште келеді. Олар мәйітті отырғызып, сұрақ қоя бастайды…»,[5] – деген.

Сондықтан иманы кәміл кісі өмірде қандай қатты қиындық көрсе де «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деген сенімге берік болып, қабірдегі сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Қабірге қойылған әрбір адам қай ұлттан болса да, қай тілде сөйлесе де періштелердің бұл сұрақтарын түсінеді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мүнкәр мен Нәкир періштелері мен пенденің арасындағы сұрақ-жауапты былайша суреттейді:

Екі періште келіп қабірдегі адамнан сұрай бастайды.

Періштелер: «Раббың кім?», – дейді.

Қабірдегі мүмін: «Раббым Аллаһ», – дейді.

Періштелер: «Дінің не?»

– Дінім – Ислам.

Періштелер: «Елші болып жіберілген кім?»

«Аллаһтың елшісі Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)».

Періштелер: «Амалың не?» – дегенде,

«Аллаһтың кітабын оқып иман еттім және мойынсұндым» – деп жауап беруі тиіс.[6]

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Ғазали, Иһиау улумид-дин, 83

[2]    Суюти, Кабир әлемі (ауд: Абдуллаһ Айдын), Стамбул, 2000, 200

[3]    Қараңыз: Тирмизи, Жәнаиз,70; Мүснәд, 3/126

[4]    Ибраһим, 14/27

[5]    Бухари, Жәнаиз, 68, 87; Муслим, Жаннат, 70; Әбу Дәуд, Жәнаиз, 78

[6]    Бухари, Жәнаиз, 66, 85; Муслим, Жаннат, 109

Бөлісу55Твитерге34Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әзірейіл періште

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00