Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлы Жібек жолы: «Рухани карта» нені қамтиды?

28.05.2019
- Мемлекет және дін
0
@ortcom.kz

@ortcom.kz

1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды  ұсынды. Рухани лидердің пікірінше, бұл карта халықтар арасындағы үзілген рухани һәм мәдени байланыс жібін жалғайды.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Біз өткеннен өнеге алған халықпыз. Осы ретте әріптестеріме Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынамын. Рухани карта өскелең ұрпақтың тарих пен руханият саласына қатысты сұрақтарына жауап беретін бейне бір бағдаршам, шамшырақ болуы тиіс. Тарихынан тағылым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама тарихшы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді», – деп атап өтті Елордада өткен  «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының пікірінше, «Рухани карта» адами фактордың әсерінен дінді әлемдік деңгейде проблемаға айналдырып жіберген исламофобиямен күресте мықты механизм бола алады.

Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасы» дегеніміз не? Тарих қатпарларындағы нендей дүние ескерілуі керек? Осы сұрақтарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровқа қойған едік.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

«Ұлы Жібек жолының  тарихы тереңде жатыр. Бұл жолдың негізі осыдан  үш-төрт мың жыл бұрын болған. Тарихи деректерде Ұлы Жібек жолының  Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастағандығы айтылады.  Оған себеп – Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі мәрте жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болғандығы еді. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырды» дейді спикер.

Шығыс пен Батыс әлемінің аралығындағы дәнекерге айналған Ұлы Жібек Жолы өз дәуірінде өркениеттерді өзара тоғыстырды. Ендігі міндет – тарих тасасында қалған құндылықтарды аршып алу

Осылайша, Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін таратқан. Ал, елге қайтар жолында өзге жерлердің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Осылайша, тарихи деректер Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азия арасындағы байланыстың нығаюына мүмкіндік берген.

Спикердің пікірінше, Шығыс пен Батыс әлемінің аралығындағы дәнекерге айналған Ұлы Жібек Жолы өз дәуірінде өркениеттерді өзара тоғыстырды. Ендігі міндет – тарих тасасында қалған құндылықтарды аршып алу.

«Ұлы Жібек жолының  көп бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан жерін қамтыған еді. Бұл тарихи үрдіс халқымыздың мәдениетін, рухани мұрасын байыта түсті. Қазақ топырағында жазу, сәулет, қол өнерінің дамуына оң әсерін тигізді. Бұл процесс бабаларымыздың интеллектуалды өміріне өзгеріс әкелді. Орталық Азия мен Еуропа арасында алтын көпір болып, байланыс кеңістігін қалыптастырған осынау сауда жолының бойында ірі-ірі мешіттер мен кесенелер бой көтерді. Отырықшылық мәдениет нығайды. Мұның барлығы тарихпен дәлелденген дүниелер. Осы кезеңде бой көтерген әлемге әйгілі Отырар, қазіргі Түркістан, Сауран, Сайрам, Тараз сынды ежелгі қалалар дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Бұл тақырыптар әлі де зерттеуді қажет етеді» дейді Бас имам Батыржан Мансұров.

            Алысқа бармай, Атырау атырабындағы қасиетті Сарайшықты мысалға алайық. Тарих қойнауында өркениет өзегі ретінде сақталып қалған Сарайшық қаласының іргесі XI ғасырда қаланған. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналасқан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған. Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров ислам дінінің кеңінен таралуында Сарайшықтың маңызы зор болғанын айтты.

«Кезінде қазақ даласынан атақты ишан, молда, хафиздар шықты. Олардың ислам дінін таратудағы жүріп өткен жолы өз алдына үлкен мектеп еді. Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасақтау – қазақ даласындағы мұсылмандық мектепті дамытуға да үлес қосады деп сенемін дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

«Тарихынан тағлым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ». Бұл Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сөзі. Ендігі жерде, Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары осынау тарих жолдың өткенін ғибраттың көзімен қайта зерттеуі қажет.

Тақырыпқа тұздық

Дәурен АБАЕВ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек

 Жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды. Радикализмге адамдар қандай себеп бойынша бұрылып кететінін анықтау қажет. Оған жекелеген адамдарды гуманистік, интеллектуалдық, мәдени жағдайлар да итермелеуі мүмкін. Сондықтан да заманауи зайырлы мемлекеттің дін өкілдері аймақтардағы дәстүрге мән беріп, мәдени бағыттағы, ғылым мен білім саласындағы артықшылықтарды ескеруі тиіс деп ойлаймын.

Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды.

Халықаралық конференцияға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз,  Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов, Қытай Ислам қауымдастығының төрағасы Хасан Фа Мин, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадыс, Финляндиядағы Ислам орталығының төрағасы Голтен Бедретдин, т.б. дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны 300 делегат қатысты.

Таңбалар: Баян ЖанұзақоваДәурен Абаев
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ежелгі Отырар ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істейді
Жаңалықтар

Ежелгі Отырар ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істейді

11.12.2022
Қазақстанда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) арналған көрме өтеді
Жаңалықтар

Қазақстанда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) арналған көрме өтеді

27.09.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қайрат Затов: Дінтану – қоғам руханиятын реттеуші ғылым

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00