Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қалай әдемі қартаюға болады?

01.05.2019
- Қоғам
0
Сурет theopenasia.net сайтынан алынды

Сурет theopenasia.net сайтынан алынды

207
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өзге елдердегідей емес өз елімізде үлкен кісілер қарасы азайғандай. Тірі жүрген ата-әжелеріміздің арасында да шеттен шықпай, ақылынан алжаспай өзінің жасына сай көрегендік танытып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп жүргендері де аз.

Иә, Кеңес Үкіметінің құрсауында өскендердің көпшілігі  ата-әже кезеңіне жеткенге дейін тамырынан ажырап, тақия, шапан киюден қалып, сөзінен жаңылысып, аузы дуалы ақсақал атана алмай жүр.

Дегенмен, өмірінің соңғы кезеңінде жүйелі сөз, өткір ақылдың иесі ретінде, барынша қуатты, өмірге құштар боп өткенге не жетсін?!

Осыған орай, психологтар әдемі қарттыққа қазірден бастап ақыл мен тәнді баптау керектігін айтады. Ол үшін мына амалдарды уақтылы қолға алуымыз қажет:

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Жаман әдеттерден арылу


Шылым шегу, ішімдік ішуден арылу өзін сыйлайтын әр жанға денсаулығы үшін міндетті. Алайда, бұлардан  бөлек қартайғанда өзімізге кедергі болатын жаман әдеттер бар.

Бос  әңгімеге құмар болу, өтірік айту, бос дырдумен күн кешу адам жадында негативті ақпараттар мен теріс эмоциялардың сақталуына әкеледі. Ал мұның барлығы – үлкейгенде ми үшін ауыр жүк.

Күйгелектіктен арылу


Көп уайымдап, паникаға оңай беріліп, көңіл күйі тез өзгеретін адамдар стресске оңай шалдығады. Орта жасында жиі стресске ұшыраған адамдар қартайғанда ұмытшақ келеді.

Ғалымдар 38 жыл бойы  800 әйелдің невротикалық күйлерін бақылауға алып, күйгелектік, қызғаншақтық, көңіл күйдің тұрақсыздығынан Альцгеймер аурының пайда болу ықтималдығы артқанын байқаған.

Тыныштықта болу


Ғалымдар өткен ғасыр бойы намаз бен медитацияның адам санасына  орасан зор пайдасы туралы айтып келді. Бұл амалдар адам күні бойы қабылдаған ақпараттарды жүйелеп, кешкен түрлі күйлерін ретке келтіріп, сабырлы болуды үйретеді.

Өзімен-өзі тыныш күйінде жиі қалатын адамның сөзі жүйелі, ойы ұшқыр болады.

Тұрақты даму


Адамның жасы үлкейген сайын мидың қызметі баяулайды. Сол себептен, адам қырықтан асқан соң миды жаттықтыру мақсатында, әдейі өз денсаулығы үшін кезең-кезеңмен бір өнер үйреніп, ақыл-ой еңбегін талап ететін істермен айналысқаны жөн.

Мәселен, мұндайда қолөнермен айналысу, шет тілдерін үйрену, аспаздықты меңгеру, саяхаттап, өзге ортаны тану секілді жаңа белестерді бағындырған абзал.

Серуендеу


Бір орында көп отырып, енжар өмір сүретін адамның денсаулығы ерте сыр береді. Жаттығу жасау, жаяу жүру, жүгіруден бөлек, таза ауада кемінде 25 минут серуендеу ми қызметінің артуына, эмоционалдық күйінің тұрақтығы мен рухани толықтығына жол ашады.

Әдетте, автокөлік трасссаларынан алыс жерлерде, тұмса табиғат ортасында тұратын жандардың миы ауасы ластанған қалада тұратындарға қарағанда анағұрлым сау келеді.

Таңбалар: Динара Болат
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Сөзің ұсақталмасын десең…

14.05.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұхаммед Хайдар Дулати – көрнекті руханият және ғылым қайраткері

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120991 бөлісті
    Бөлісу 48396 Твитерге 30248
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00