Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәдид пен қадым күресі

26.04.2019
- Қоғам
0
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Орта Азияның Жәдитшілдік қозғалысының ең беделді тұлғаларының бірі Қажы Муғин Шүкрулла 1916 жылы былай депті:

«Бүгінгі таңда біз, түркістандықтар, діни және дүнияуи білімдерді жеткілікті түрде игермедік. Біздің ескі мектептеріміз бен медреселеріміз құлдырап жатыр, құстың ұясындай ескіріп кеткен. Біздің медреселеріміз дүнияуи ғылымдарды оқытуды айтпағанда, діннін негізі болатын тәфсір мен хадис ғылымдарын оқытатын мүғалімдері жоқ. Бізде мүғалімдердің өздерін оқытатын мүғалімдер жоқ, қазіргі әдіспен сауда-саттық ғылымын оқытатын ұстаз жоқ. Замануи сауда-саттық білімі бар ешбір саудагерді таба алмайсың. Бастапқы білім беретін, жүйеленген мектеп те жоқ. Егер біз осы жолды ұстанып жүре беретін болсақ, жақын арада біз халық ретінде жоғалып кетуімізге қауіп төңіп тұр».

XIX ғасыр соңында Ресей империясын әлемдік озық педагогика тәжірибесіне сәйкес, алғаш рет мұсылман балаларын дыбыс (фонетикалық) жүйесімен оқытуды қырым-татары, күллі зиялының ауызында жүрген ағартушы Исмали Ғаспыралы 1880 жылы бастайды. Бұл жүйе «усул жәдит» деп аталады («усул» – араб тілінен аударғанда «әдістеме» деген мағына білдіреді). Қырымдағы Бақшасарайдың Зинджирлы медресесінде басталған осы жаңаша оқыту әдісі санаулы жылдарда Ресейдің күллі мұсылман аймағына, тіпті шетел – Үндістанға дейін тарайды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін, бір ғасыр шамасындай уақытта Орта Азия аумағында, соның ішінде Қазақстан өңірінде де бір біріне керағар келетін басты екі бағыт, екі идеологияның теке-тіресі орын алды. Олардың бірі қадимшылар – реакцияшыл аса діншіл бағыт болса, екіншісі жәдитшілер – зайырлы, ағартушылықты қолдаған бағыт.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Жәдитшілердің ең негізгі ойларының бірі, ол «таза исламға» білім күшімен қайта оралу еді. Олардың ұстанымдары бойынша сауаты бар адамдар діннің негізгі қайнар бұлағы болып табылатын қасиетті мәтіндерді қайта қарастырып, дін мәселесіне байланысты тек санаулы ғалымдар арасындағы болатын пікірталастарды қағаз бетіне басып, жариялап, сол пікірталасқа қарапайым бұқара халықты да тарту еді.

Осы жаңа әдісті қолдануға көшкен мектептердің ішіндегі ең таңымалдысының бірі Уфа қаласындағы 1905 жылы Ғали медресесі болған. Медреседе бір жылдық 3 даярлық курсы және негізгі білім беретін үш жылдық 3 сынып болды. Онда ислам тағлымдарымен бірге жалпы пәндер де оқытылды. Атап айтқанда: алгебра, физика, тарих, жағрафия, орыс тілі, татар тілі мен әдебиеті, педагогика мен гигиена «Медресе-Ғалияға» білімге құштар мұсылман жастары жер-жерден ағылды. Мұнда қызғылықты әдебиет кештері өткізіліп, пікірсайыс клубтары жұмыс істеді. Қазақ, татар, өзбек тілдерінде қолжазба журналдар шығарылды.

Жәдитшілер бірнеше баспаханалар ашып, өздерінің газеттерін тарата бастайды, соның ішіне: «Тәржіман», «Ескі мектебі», «Шухрат», «Хуршид», «Тараққи», «Айқап» және т.б. арқылы өздерінің оқырмандарын тек Түркістанда және бүкіл Ресей патшалығында ғана емес, күллі жаһанда орын алған оқиғаларымен таныстырды.

Осылай қоғам арасында беделі артып, атағы шығып, арттарынан ілесетін адамдар саны артақан сәттен бастап елдегі ескі дәстүрдегі немесе қадимшы азаматтарының наразылығына ие болады. Екі ағымның азаматтары бір-бірімен қоғамдағы маңызды мәселеге байланысты пікір таластар ұйымдастырып, халық арасында ықпалын арттыра бастайды. Олардың арасындағы пікірталас діни ғибадаттар, сенім мен дәстүрге байланысты болмай, тек қоғамдық институттар аясында өрбіді, яғни білім беру ордалары (жаңа әдіс) мен қоғамға пайдалы орталықтарды (театр) ашу аясында еді.

Жәдитшілер мен Қадимшылар арасындағы негізгі қайшылықтар діни ғибадатқа емес, қоғамдағы қалыптасқан құрылымға, білім ордасында білім беру әдісіне байланысты. Балаларды оқыту барысында ұрып-соғып жазалауды жәдитшілер мүлдем қолдамады. Жәдитшілердің жаңа әдісіне дейін, Орталық Азия балаларының білім алуы, әкелерінің оларды ұстаз алдына алып келіп, келесі сөзбен бастаған: «Қанша ұрам десең де өзін біл, бірақ өлтіріп алма, еті сенікі сүйегі менікі». Бұл салт күллі мұсылман әлемінде қолданыста болған [1].

1908 жылы 20 тамызда Ішкі істер министрлігінде 12 молдадан арыз келіп түскен. Олар жаңа реформаланған мектеп мұғалімдерін елді бұзушы, үкіметке қарсы, қиғаш пікірлі деп айыптап, қызметтерін тоқтатуды сұраған. Бұл кезде мектеп, медреселердің көбі қадымшылардың қолында болды. 1088 татар мектебінің 61 ғана жәдит мектебі болатын (5.6 %). Патша үкіметі қадымшыларды қолдады. Осы уақытта Столыпин, Халық ағарту министріне жазған хатында: «Қадымшылар мектебіне тоқтау салу – пайдасыз ғана емес, саяси тұрғыдан қауіпті деп көрсетті»[2].

Осылай Патша үкіметі өз саясатының мүддесі үшін ескі дәстүрдегі мектеп өкілдерін, қадымшыларды қолдауға кірісіп, «жаңа әдіс» өкілдеріне, жәдитшілерге қысымын ұлғайтты.

Қазір де бұл пікір күресі жүріп жатыр деуге болады. Жалпы, исламның құлшылықтық, парыздық негіздерінде өзгеріс тудыру орынсыз, һәм қауіпті дүние. Соңғы кездегі 30 күн ораза Құранда жоқ, намаз үш уақыт оқылады деген ұстанымдағы пікірлер жарық көруде. Мұндай пікірді ортаға тастаушылардың мақсаты жаңаша ойлау емес, діннің негіздерін түбірінен қирату. Қоғамды бөлшектеу. Ал исламның пікірлік қыры, дүнетанымдық негіздерінде мұсылмандар әрдайым жаңғырып-жаңарып отыруы тиіс. Бұл өркениетке, білім мен ғылымды игеруге, заман ағымына ілесуге көмектеседі. Орта ғасырлық тар түсініктерден құтқарады.

Кеңшілік ТЫШХАН,

дінтанушы

Әдебиеттер тізімі:
  1. Dale F. Eickelman. Knowledge and Power in Morocco. – Princeton, 1985. – 221 p.
  2. История Татарской АССР (с древнейших времен до Великой Октябрьской социалистической революции). т.1. – Казань: Таткнигоиздат, 1955. – 720 с.
Таңбалар: Кеңшілік Тышханусул
Бөлісу31Твитерге20Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын
Сұхбат

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын

19.09.2024
Мемлекет және дін

Дін және ұлттық бірегейлік

25.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еркінбек Шоқай: Қазақ Даласы Құран жаттаған қарилардан кем емес

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00