Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шапағат етуге қатысты қарама-қайшы пікірлер бар ма?

21.04.2019
- Сұрақ-жауап
1
539
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ғұламалар арасында шапағат етуге қатысты қарама-қайшы пікірлер бар ма?

Жауап: «Шапағат» – араб тілінде орын алған келеңсіздік пен ренішті кетіру үшін кешірім сұрау мағынасында қолданылады. Шариғатта «шапағат» деп көбінесе ақырет күні Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хақ тағаланың рұқсатымен үмбетінің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың жұмақпен қауышуына жәрдемдесуін айтады. Алла тағала Құран Кәрімде Хақ Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағат ететіндігі туралы: «(Мұхаммед ғ.с.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» (Исра сүресі, 79) деп хабарлаған. Муфассирлер мен мутакәллимдер аятта баяндалған «мақтаулы орынның» Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақырет күні шапағат ететін орны екенін жеткізеді.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) де өзінің хадис-шарифтерінде: «Мен қиямет күні адамзаттың мырзасы боламын. Не үшін екенін білесіңдер ме?», (Бұқари, Әнбия, 3: 8) және «Шапағатым, үмбетімнің ішіндегі ауыр күнәсі барлар үшін» (Әбу Дауд, Сүннет, 21) деп ақырет күні үмбетіне шапағат ететіндігін хабарлаған. Мухадистер шапағатқа қатысты айтылған хадистерді тауатир (бірнеше хабарлар) дәрежесінде емес, ахад (жалғыз хабар) жолымен келген деп білсе де, әһлі сүннет мутакәллимдері Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақырет күні шапағат ететітініне бірауыздан келіскен.

Муғтазали өкілдері шапағат етуді теріске шығарған. Олар Құран кәрімдегі мына аяттарды дәлел ретінде келтірген:

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

«Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаныңдар» (Бақара, 48).

«(Мұхаммед ғ.с.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдардың досы да, шапағатшылары да болмайды» (Мумин, 18).

Муғтазали өкілдері үлкен күнә жасаушылардың мәңгілік тозақта болатынын (яғни шапағатты қабылдамайды) алға тартады. Оған Құран кәрімнің мына аяттарын дәлел ретінде көрсетеді:

«Кім жамандық істесе, қателіктері оны баурап алса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады» (Бақара, 81).

«Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар» (Ниса, 14),

Сонымен қатар, муғтазалилерден бөлек уаһаби сеніміндегілер Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақырет күні шапағат ететінін мойындағанмен, бұл дүниеде Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рухын жақсы нәрсені сұрау үшін дәнекер (уәсила) етуді теріске шығарды. Ал, ханафи мәзһабының өкілі Имам Мұхаммед бұл дүниеде өлген кісіні ортаға қойып Алладан сұрауды теріске шығармаса да, бұл амалға мәкрұһ (харам емес) деп үкім берген.

Әһлі сүннет ғұламалары Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақырет күні мұсылман үмбетіне шапағат ететініне жоғарыда айтып өттік, оған бірауыздан (ижмағ) келіскен. Тек, олардың көзқарастарында өлген кісінің рухынан шапағат сұрау мәселесінде әртүрлі пікірлер бар. Сондай-ақ, олар мұсылман емес адам Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туысы болса да шапағат етілмейтінін (Тәубе, 113) алға тартады.

Имам Ағзам Әбу Ханифа өзінің «Әл-Уасия» рисаласында «Жәннат иелеріне, тіпті үлкен күнә жасаса да, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатының тиетіні хақ» дейді. Матуриди ақида мектебінің ірі өкілі Омар ән-Насафи өзінің «Ақайд-насафи» атты мәшһүр шығармасында: «Пайғамбарлар мен ізгі тақуа жандар, үлкен (ақырет) күні пенделерге шапағат етулері ақиқат» деп біледі. Яғни, ханафи мәзһабын ұстанушылар шапағатты теріске шығармайды.

Мұхан Исахан

Таңбалар: Мұхан Исаханпікірлершапағат
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман құқығындағы ижтихад мәселесі

Пікір 1

  1. Салих жазған:
    6 жыл бұрын

    Мән бермеген мәселем екен. Біліп жүретін болдым. Рақмет!

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121022 бөлісті
    Бөлісу 48409 Твитерге 30256
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00