Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Пайғамбар» сөзінің шығу төркіні туралы

05.04.2019
- Қоғам
0
928
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Пайғамбар» сөзінің этимологиясына, яғни шығу тегіне үңілсек, ол парсы тіліндегі «пейгам» (хабар) «бер» (әкелуші)[1] деген сөздерінен алынған. Қазақша «хабаршы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі халықтарында да сол негізгі қалпында және тура мағынасында қолданылады.

«Пайғамбар» сөзін араб тілінде «Расул» (елші) және «нәби» (хабаршы) деп қолданылады. Бұл сөздерді діни терминологиялық тұрғыдан алғанда, «расул» – «Аллаһ тағаланың адамдар арасынан елшілік үшін таңдаған және уахи арқылы Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарын адамзат баласына жеткізу міндеті жүктелген құлы әрі елшісі» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «жаңа кітап пен жаңа шариғатты адамзатқа түсіндіруге міндеттелген елші». «Нәби» сөзіне «Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарын адамдарға хабардар етуші», Нәбидің өзінен бұрын келген пайғамбардың ісін жалғастырған хабаршы деген анықтама беруге болады. Бұл «нәби» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар екенін ұғындырады. Хақ тағала елшілеріне адамдарды ақиқатқа үндеуді міндеттеген.[2]

Құрандағы «расул» және «нәби» туралы ұғымдар

Қасиетті Құран Кәрімде «расул» мен «нәби» ұғымдарының қолданылуына біршама айырмашылық бар екендігін байқаймыз. Мәселен,

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

وَكَانَ رَسُولاً نَّبِيّاً

«…Ол расул әрі нәби»[3];

وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ وَلَا نَبِيٍّ

«Сенен бұрын ешбір расул да нәби де жіберген жоқпыз…»,[4]– деген аяттарда «расул» мен «нәби»сөздерінің жеке-жеке айтылуы олардың бір мағына бермейтіндігін түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да: «Хабаршылық мен елшілік менен кейін тоқтайды. Енді нәби де, расул да келмейді»,[5]– деген болатын. Бұл да біз қарастырып отырған екі ұғымның арасында парық бар екенін көрсетеді.

Олай болса, әрбір расул нәби болғанымен, әр нәби расул бола алмайды.[6] Мәселен хазірет Мұса нәби әрі расул еді. Өйткені оған уахи арқылы кітап (Таурат) келген, әрі ол бір дінді уағыздады. Ал оның бауыры Харун (ғ.с.) тек нәби ғана. Оған уахи келгенімен, кітап түсірілмеген. Ол, Мұсаға (ғ.с.) келген шариғат негізінде әрекет еткен. Ал соңғы пайғамбар Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нәби әрі расул. Оған (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құранның түсірілуі және оны жаңа әрі соңғы дінді уағыздауы осыған мүмкіндік береді.

Пайғамбарлар бүкіл ғұмырын осы «сиратуль мустақим», яғни, Хақ тағаланың тура жолына арнаған. Ал бұл жолдың бүкіл расулдар мен елшілерге ортақ атауы «Ислам». Пайғамбарлар насихаттаған сенім негіздерінің арасында ине жасуындай да айырмашылық жоқ. Өйткені олардың барлығы бір ғана сенімге шақырды.

Г. Оралбайқызы

[1] Лисанул Араб, «рсл», «нбә» бабы; Ш.Гөлжук; С.Топрак, Кәлам, Кония, 1996, 302

[2] Тафтазани, Шархул Мақасид, Бейрут, 1989, ІІ/173

[3] «Мәриям», 19/51

[4] «Хаж», 22/52

[5] Тирмизи, Сүнән, ІІ/51; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, ІІІ/267

[6] Абдулкаһир әл-Бағдади, Усулуд-дин, Бейрут, 1981, 154

Бөлісу22Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мен Исламның абыройын асқақтату үшін жаралдым

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120984 бөлісті
    Бөлісу 48394 Твитерге 30246
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00