Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бағдар бұрыс болса, болашақ бұлыңғыр болады

30.04.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
394
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тұтас отырған ел іргесін сөгуді мақсат тұтқан жат ағымдармен арпалысу үшін рухани күш-жігер қажет. Кейбір әлеуметтік желілер арқылы таралып жүрген әртүрлі діни ақпараттың құрығына діни сауаты аз, рухани кемелденуі шала, ақ пен қараның ара-жігін ажырата алмай жүрген жастарымыз ілігіп жүр.

Мәселен жуырда Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі Атырау облысында кәмелет жасқа толмаған қыз бала әлеуметтік желіге экстремистік бағыттағы жазбаны жариялағаны үшін жауапқа тартылғанын  мәлімдеген болатын. Онда жасы кәмелетке толмаған қыз бала «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бұқаралық ақпарат құралдарына жататын ашық түрде экстремистік материалдарды, яғни, Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған уағыздаушылардың діни материалдарын жүктеп, осы уағыздарды өзі тыңдаған. Мұндай мәлеметтерді тізбектеп келтіруге де болады. Жастарымыздың ескеруі қажет нәрсенің бірі әлеуметтік желілерде қырағылық танытуы керек.

Жастардан бөлек, кішіге тәрбие беруге жарайды деп сенетін кейбір аға буын өкілдері де жат ағымның ығына жығылғанын көріп таң қалмайтын болдық. Жығылып қана қоймай, ұлттың құндылықтарын жоққа шығарғанын қайтерсіз?!

Жалпы жат ағым өкілдері әлеуметтік желі арқылы да жастардың санасына қатігездік дәнін себеді. Сөйтіп олар шетін көзқарасқа бой алдырғанын байқамай да қалады. Осыдан кейін шетін көзқарастағылар өзінің де, өзгенің де жаны мен өмірін бағаламайды. Өз жетекшілерінің бұйрығын ойланбай орындауға даяр зомбилер осы ортада өрбиді.

О понятии и признаках религиозного экстремизма

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026

Жастар діни манипуляцияға қалай беріледі?

20.01.2026

Әсіре діншілдік мінез тек өздерінікін жөн дейтін, алған бағыттарынан еш айнымайтын топтарды қалыптастырады. «Бізге қосылмайтын қауымның бәрі адасушылар» деп есептейді. Діни фанатизм дертінің жұғысты болуы осындай ұсақ-түйек әдеттен басталмай ма?

Кез келген қоғамның ел болып қалыптасуы үшін ең алдымен рухани және ұлттық құндылықтары бүтін, діні берік, тілі таза болғаны абзал. Ал діни сауаттылық, айтпаса да, қажетті факторлардың қатарында.

Рас, дін тұрақтылығы болмай, елдік пен бірліктің сақталуы неғайбыл. Діндегі бір ауыз сөздің құдіреті бүкіл халықты бір-бірімен жанжалдастыруға да, бірлікке шақыруға да жетеді. Бір ауыз сөзден шыққан ғайбат үлкен сауаптарды жоқ етуге әсер етсе, сол сауапты жинауға да жәрдемдесетіні секілді. Ел арасында «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз кең тараған. Бірақ ел-жұрт та бағыт берушінің жолымен жүреді. Егер бағдар бұрыс болса, онда болашақ бұлыңғыр кейіпке енеді.

Өз заманында Абылай хан қалмақтың бір қарғысшыл адамынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл: «Шөбің жапырылмасын!» – депті.

«Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес», – депті Абылай.

Екінші, «Күлің шашылмасын», – депті.

«Бұл да қарғыс емес, балаң болмасын» дегенің ғой. Өзім жақсы болсам, халықтың бәрі – менің балам», – депті.

Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», – депті. «Міне, ең жаман қарғыс осы!» – деген екен хан Абылай. Бүгінде әсіре діншілдікке бой алдырған азаматтарымыз қарғыстың ең жаманына душар болмаса екен.

Айтпақшы, Құрманғазы аудандық соты кәмелет жасқа толмаған қыз балаға қатысты шешімін шығарды. Ол кінәсін толық мойындап, анасы да қызының әрекеті үшін кешірім соттан сұраған. Сот айыпталушыны жауапкершіліктен босатып, заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелік ықпал ету шарасын қолданды.

Бұл шешім желіде жаңылғандардың барлығын кешіреді деген сөз емес.

«Құдай сақтансаң ғана сақтайды» деген ұстанымды  естен шығармайық!

Тұрар Түгелұлы

Таңбалар: әлеуметтік желіТұрар Түгелұлы
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Желідегі жұмыс жетілдірілуі керек
Видео

Желідегі жұмыс жетілдірілуі керек

14.01.2026
Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі
Ислам

Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі

10.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Терроризмнің жаңа сипаты қандай?

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00