Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

МАТУРИДИ: АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

17.03.2019
- Ислам
0
617
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам өмірі – жан бағыс, күйбең тіршілік, іс-қимылдан тұрады. Өмірге шырылдап келіп, жанталаспен қош айтысады. Адам кейде өзін бәрін тындырып жүргендей сезінгенімен, болмысында бір әлсіздіктің, шектеуліктің, жетіспеушіліктің барын мойындайды. Соған қарамастан, адамның істеген ісінің нәтижелі болуы өз қолында ма (яғни, өзі жарата ма), әлде бір Құдірет күшіне (Аллаға) тәуелді ме? деген сұрақ кәләм ілімінде кең қарастырылады.

Имам Матуриди қөзқарасы бойынша, «Адам әрбір ісінің себебін (кәсбін) өз қалау-еркімен істейді. Нәтижесі (сол істі жарату, нәтижесі) Алладан болады». Яғни, адам қалау еркін толық пайдаланып, іс-әрекетін өзі жасағанымен оны жарату және іске асырушы – Алла. Бұл адамның қалау еркінің бір мәні жоқ деген білдірмейді. Керісінше, адам өз ықтиярымен іс-әрекет жасауға ниеттенген кезде, Алла оған сол іс-әрекетті істеу күшін береді де, Өзі адамның сол ісін жаратады.

Ал Мұғтазила ағымының көзқарасы бойынша, «Адам жақсы ісін де, жаман ісін де өзі жаратады. Яғни, бір істі бар етуде Алланың көмегіне мұқтаж емес». Олар, «Адам баласының ісі Алланың құдіретімен (араласуымен) іске асады дейтін болсақ, онда адамның әрбір ісінің іске асуы екі күштің әсерімен болғаны. Бірі адамның сол істі істеуі, екіншісі Алланың жаратуы. Бұл ақылға сыймайды. Өйткені, сол істің іске асуында екі күштің бірі бірінші, екіншісі екінші болары анық.

Іс әуелгі күштің әсерімен іске асты десек, екінші күштің қандай маңызы бар», – десе, тағы да олар: «Алла Тағаланың адамдарды бір істі істеуге әмір етуі немесе одан тыюы, оның сол іске құдіреттілігін білдіреді. Қасиетті Құранда: «Қайырлы болған істерді жасаңдар…» (Хаж сүресі, 77-аят), «Намаз оқыңдар…» (Әнғам сүресі, 72-аят) делінеді. Яғни, Алла адамды шамасы еркін жететін бір іске әмір етпейтін болса, онда адамды бір істі істеуге бұйыру немесе тыю бос нәрсе», – дейді.

Ашығудың хикметі

05.03.2026
Что делать человеку, который пропустил айт намаз?

Жүзіңізде нұр болады…

02.03.2026

Әһлі суннә уәл жәмәға ғалымдары, «Олардың екі күш бірігеді деген көзқарасына келіспейді. Себебі, ол екеуінің бірі немесе адамның ісі кәсіп (себеп ғана), ал Алла болса, сол істі жаратушы (ихтирағ). Бұл жерде екі құдірет күш жоқ, біреу ғана. Ол – Алланың жарату күші. Ал, адам әмір етілгенді істеп, тыйым салынған істен тыйылуы, өзіне берілген ерікті қолдану ғана. Ісінің нәтижесі Алладан болады»[1] деп, жарату құдіреті тек қана Аллаға тән екенін баса айтады.

Имам Матуриди, Құрандағы: «Күлдіретін де, жылататын да – Өзі (Алла)» (Нәжім сүресі, 43-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Біздің көзқарасымызда, адамдардың күлуі де, жылауы да іс-қимылдан тұратын жаратылыс болып табылады. Сондай-ақ, Алла Тағала адамдардың ахуалдарын, істерін жарату Өзінің құдіретіндегі, басқаруындағы іс екендігін баяндап тұр»[2] деген.

Бірде имам Жәғфар бір Қадариге (ағым мүшесі): «Фәтиха» сүресін оқуды бұйырып, ол: «Саған ғана ғибәдат етеміз, Сенен ғана жәрдем сұраймыз» деген жеріне келгенде: «Неге Алладан көмек сұрадың? Сенде ісіңді жарату құдіретің бар емес пе?» деп сұрақ қояды. Сонда әлгі Қадари үнсіз қалады[3].

Демек, адамның қияметте айыпты немесе мақтауға лайық болуы, оның еркін толық пайдалануымен байланысты. Алла адамның әрекетіне қарай ісін жаратады. Кімде-кім бұл дүниеде өз ісіне қаншалықты қажыр-қайрат көрсетіп, себеп-салдарын толық жасаса, соған қарай нәтижесін көреді, алға ілгерлейді.

Қорыта айтар болсақ, адам іс-әрекеттерін өзі жаратуға құдіретті дейтін болсақ, онда әркімде құдайлық сипат бар дегендік. Бұл Аллаға ортақ қосу болып табылады. Сондай-ақ, адам өзін де, іс-әрекетін де, тіпті, күллі жаратылысты жаратқан бір Жаратушы күш бар екенін сәл ойланса аңғаруы қиын емес. Себебі, топырақ қойнауына тасталған бір тал дәннен мәуелеп ағаштың өсуі, оның жеміс беруі, т.б. Жаратушының құдіретін көрсететін айғақтар.

Мұның бәріне билігін жүргізіп тұрған құдірет бар, ол – Алла. Ал, адам баласы болса, әлсіз бір жаратылыс. Ол өзінің жүрегінің қалай соғып тұрғанын, денесіндегі өзге ағзаларының әрекеттерін бақылап, меңгеруге дәрменсіз. Сол ағзаларын түрлі пәле-қазадан, ауру-сырқаудан сақтап, өлімнен арашалап қала алмайды. Істеген істерінің мөлшерін де, оның қалай аяқталатынын да білмейді.

Сонда адам баласы әрбір ісін өзі жаратты деу ақылға қонымды ма? Әрине, жоқ. Күллі жаратылыс, соның ішінде адамның әрбір іс-әрекеттері де Алланың өлшемімен, қалауымен болып жатқан нәрсе. Қасиетті Құранда: «Ол бәрін бір Өзі жаратып, әрбір жаратылысқа белгілі бір өлшем, жүйе мен тағдыр тағайындады» (Фурқан сүресі, 2-аят) делінеді.

Асыл БЕК

[1] Хасан ибн Әби Бәкір әл-Мақдаси, Ғаятул марам фи шархи Бахрил кәләм, «Мәктабатул Азһария лит-турас» баспасы, Қаһира. – 2011. 482-484 бет.

[2] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, Стамбул. – 2009. 14-том, 215-бет.

[3] Абдулкәрим Татан, Мұхаммад Әдиб әл-Кайлани, Ғаунул мүрид ли шархи Жауһаратит тәухид фи ақидати Әһлі сунна уәл жәмәға, «Дәрул башайр» баспасы, Димашықық. – 1999. 2-том, 564-бет.

Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Арақ адам баласының жауы!

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120875 бөлісті
    Бөлісу 48350 Твитерге 30219
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00