Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Байталау немесе молда үкімі

11.01.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
321
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл оқиға 1928-ші жылдары шамасында болған екен. Яғни, осыдан 10 жыл бұрын 1917-18 жылдары «төңкеріс» дейтін дүлей дүмпу пайда болып, өз жайымен жүріп жатқан қоғамның басын аяғына, аяғын басына қарай төңкеріп қойған заман. Биліктің басына мінген бәлшебектер онымен қанағаттанбай, үкіметтің тесік қалтасын толтыру үшін қолдан «Байталау» (кәмпескі) дейтін науқан ұйымдастырып, ғасырлар бойы жымдасып өмір сүрген қазақтың діни ғұрпы мен салтын қирату үшін «Құдайсыздар ұйымы» дейтінді құрып, халықтың көне руханиятын қиратып жатқан шақ.

Десе де ескінің табиғи сүрлеуін жақсы білетін қазақы қариялар дүлей күшке шамасы келмесе де, ішін бермеген уақыт. Сондай жанның бірі Сыр еліне аты мәшһүр, кезінде Бұқар барып ілім үйренген Жүніс деген ақсақал болыпты. Жарықтық атамызды былайғы халық «Жүніс молда» деп атап кеткен екен.

Бірде осы молда ақсақалға әпербақан шолақ белсенді шошаңдап болмапты. Жүкең сұрапты:

– Осы сендер қандай үкімет құрғалы жанығып жүрсіңдер?

Үш ұлы ақиқат

Үш ұлы ақиқат

21.01.2026
Жануарға жасалған қаталдық – жүрекке түскен дақ

Жануарға жасалған қаталдық – жүрекке түскен дақ

21.01.2026

– Байды кедейге теңейміз, – деп дәурігіпті ана бейбақ. Жүніс молда басын шайқап, мырс етіп күліпті де:

– Ей, шырағым-ай, әу баста қате кеткен екенсіңдер, есі дұрыс үкімет қайта кедейді байға теңемей ме?!

Бірде «Құдайсыздар ұйымының» бастығы, өкірген коммунистің ер жеткен жалғыз ұлы ажал құшыпты. Дінсіздің ұлы өлді деп қарап отыратын емес, Жүніс молда бастаған ақсақалдары жиналып келіп, көңіл айтады. Ұлы өлген коммунист бейбақ қолындағы ұзын кездігін аспанға құлаштап сермеп жүр дейді. Не болды десе, «Менің жалғыз ұлымды алған құдайдың көзін ағызам» дейтін көрінеді.

Мынадай қылықты көрген шалдар шошып кетіпті. «Ойбай, ақымақ пенде құдайға тіл тигізіп, үлкен күпір етті, бұның маңына жолауға болмайды, құрысын кеттік» деп, ошарылып орындарынан тұрады. Ел дүрлігіп жатса Жүніс молда үнсіз сақалын сипап отыр. Шалдар ентігіп есік көзінде тұр. Содан Жүкең:

– Ей, халайық, – депті. – Неге дүрлігіп кеттіңдер, сабыр-сабыр, бері таман келіңдер, қараңдаршы ана бейбақ аспанға кездік сілтеп жүр, ол нені білдіреді, баласын берген де, алған да бір Алла екенін біліп істеп жүр. Алда-жалда баламды сендер өлтірдіңдер деп біздің көзімізге пышақ лақтырса не болдық? Бұл бір. Екіншіден, әкесі күпір болды делік, мына марқұм баласының жазығы не, ертең мына мұсылманның жаназасы үшін біз жауап береміз, әкесі мына қылығы үшін өзі жауап береді. Барыңдар да дәрет алыңдар, жаназаға тұрамыз, – деген екен.

Шіркін, бұрынғы қазақтарда хикмет (даналық) болған ғой. Бұл жерде Жүніс молда хикметпен үкім айтып тұр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Таңбалар: атеистжаназажаназа намазы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рәтбек қажы Нысанбайұлын ақтық сапарға шығарып салды
Жаңалықтар

Рәтбек қажы Нысанбайұлын ақтық сапарға шығарып салды

19.01.2026
Сұрақ-жауап

Мәйіт жерленбей Құран оқу дұрыс па?

24.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мал аштықтан, адам тоқтықтан көтерем болады

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00