Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үмітсіз – шайтан

10.10.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
794
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 Қиын қыстау замандар болса керек. Мемлекеттің теріскей бетінде шаһардан жырақтау елеусіз ауыл болыпты. Ауыл өзіне жараса тыныс тіршілігімен қайнап жатты. Елді мекенді әділдік не екенін білмейтін әкім билеп төстепті.

Күндердің күні ақысын талап еткен ағаш ұстасынан көңілі қалған әкім, жала жауып сырттай өлім жазасына кеседі. Сөз жата ма, ауыл шаһар емес. Лезде суық хабар ұстаның да құлағына жетеді. Шіркін, жан деген тәтті ғой. Дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Жаны алқымына келген ұстаның Құдай қосқан қосағы: «Отағасы, күндегідей жақсылап тынығып алыңыз. Жаратушы Ие – біреу, ал тығырықтан шығатын жолдар көп. Таң атсын, бір мәнісі болар»,-деп ақыл айтады.

Расымен де, «Құдайдың қалауынсыз қурайда сынбайды», бір мәнісі болар деп ұстаның көңілі жайлана түседі. Оның үстіне қатты шаршаған болса керек осы оймен көзі ілініп кеткен көрінеді. Ұйқысынан әкімнің әскері есігін қаққан кезде бір-ақ оянды. Төсегінен шошып оянған байғұс не істерін білмей абдырап қалды. Құдайдың мұнысына да шүкір дегендей, әйелімен үнсіз ғана қоштасып, шарасыз есігін ашты да «мен даярмын, байлаңдар» дегендей екі қолын күзетшілерге созды. Күзетшінің бірі: «Ей, ұста! Жаңа табыт әзірле, әкім қайтыс болды, тездет»-деді. Ұста өз құлағына өзі сенер емес. Қорқынышы сейіліп, қуанышқа айналғандай. Өлім күтіп отырған бейшара бір сәтте ажалдың азу тістерінен құтылғаны рас па, қалай? Оған қоса, таң атпай жаңа тапсырыс қабылдады. Өмір деген қызық қой. Бітті үміт үзілді деген сәтте, ғайыптан, анығырақ айтқанда, Құдайдан ғажайып түрде көмек келеді. «Құдай – шебер» деген осы шығар.

Бұл қиссаның түйіні, ешбір жағдайда Құдайдан күдер үзбе. Сонымен бірге, ешуақытта Жаратушыңды ұмытпа! Кім болсаң да, Құдайдың құрығы ұзын. Қолыңда билік болса, әлемді билеп-төстеген перғауыннан артық емессің. Бай-дәулетті болсаң, қазынасының кілтінің өзі бір сандық болған Қаруннан асып түсе алмайсың. Текті болсаң, пайғамбармен аталас болған Әбу Ләхәбтан асқан текті емессің. Міне, олардың барлығы да Құдайын ұмытты.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Руслан ҚАМБАР,

исламтанушы

Таңбалар: перғауынруслан қамбарфарагоншайтан
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жын кіре ме, жоқ па?
Сұрақ-жауап

Жын адамның ішіне кіре ме?

04.07.2025
Отыз жылғы қажылық
Ғибратты әңгімелер

Отыз жылғы қажылық

15.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жүректі бұзылудан сақтаңыз!

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00