Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адам «жанының» салмағы қанша?

31.10.2018
- Қоғам
0
599
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ғылым дамыған сайын жер бетінде, тіпті, аспан әлемінде адам баласына белгісіз құпия қалмай барады. Оқымысты ғалымдар адамның тәнін қойып, «жанына» үңіліп жүр. Мәселен, адамның дене мүшелерін көзбен көріп, қолмен ұстай алғандықтан оның массасын анықтау қиын емес болса, американдық ғалымдар «жанның» салмағын өлшеудің де әдісін әлдеқашан тауып қойыпты.

Күні бүгінге дейінгі зерттеулердің нәтижесінде осы мәселеге ынта-шынтасымен кіріскен әр елдің ғалымдары бірауыздан адам «жанының» таза салмағы 2,5 мен 22,4 грамм аралығында болады деген тұжырым жасаған. Мұндай «қызық тақырыптың» тереңіне алғаш болып түскен (оған дейін зерттегендер туралы мәлімет жоқ) АҚШ дәрігері Мак-Дугала 1915 жылы «Good News» журналына зерттеу мақаласын жариялайды. Бұл мақала бүгінгінің тілімен айтқанда, сол кезде нағыз «хайп» жаңалық болатын. Мак-Дугала арнайы кереуеттер арқылы өмірден күдерін үзген 6 бірдей пациентке тәжірибе жасаған. Өмір мен өлім арасында жатқан, жаны алқымға келген әлгі 6 науқастың алдымен соңғы демі шығар тұстағы және жан тапсырған сәттегі салмағы өлшенеді. Сөйтіп, дәрігер Мак-Дугала және оның әріптестері алты науқастың да салмағы өлімнен кейін 22,4 грамға жеңілдегенін анықтап, адам «жанының» салмағы соншалық деген қорытынды шығарады.

Бұл «хайптан» кейін «ғайып тақырып» әлемнің өзге ғұлама-ойшылдарының қызығушылығын тудырады. Мәселен, Литва ғылым Академиясының ғалымдар қауымдастығы нақты ғылымдар докторы Эугенюс Кугистің жетекшілігімен өлім аузында жатқан адам ағзасына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде олар жан тапсырған адам ағзасы 3-тен 7 грамға дейін салмақ жоғалтқанын анықтайды. 

Адам «жанының» нақты салмағын өлшеуге ғалымдардан бөлек қарапайым тұрғындар қатысқан зерттеу Швецияда өтіпті. 23 адам өз еркімен қатысқан зерттеу жұмысында ғалымдар өте сезімтал, иненің жасуындай заттың да салмағын өлшейтін арнайы таразы-кереуеттерді пайдаланған. Сөйтіп, олар өмірімен қош айтысып жатқан адамның салмағы 4-6 грамға жеңілдейтініне көз жеткізеді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ал, АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Кук аймағында орналасқан госпиталдың реанимациясында өткен зерттеуге таң қалмау мүмкін емес. Зерттеу барысында өлім сәтінде адам ағзасы 9-12 грамм шамасында салмақ жоғалтатыны анықталған. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш «клиникалық өлім» жағдайында да қайталанған. Бірақ, ең қызығы, дәрігерлер «клиникалық өлімнен» тірі шыққан адам ағзасының массасы қайтадан қалпына келетінін байқаған.

Осыдан он жыл бұрын дүние салған Оңтүстік Африкадан шыққан әйгілі ғалым, «Супертабиғат» және «Өлім биологиясы» секілді танымал туындылардың авторы Лайэлл Уотсон адамның «жаны» оның (ағзаның, тәннің) «биоплазмалы сыңары» деген тұжырым жасаған. Оның зерттеуінше адам «жанының» массасы 2,5-6,5 грамға сәйкес келеді.

Бұл зерттеулердің барлығы ХХ ғасырға тиесілі. Ал, жаңа ғасырда аталмыш мәселені жапондар зерттеп көрді және нәтижесін жаһанға жариялады. Жапон ғалымдары жаңа технологиялардың көмегі арқылы 2 әдіс бойынша зерттеу жүргізген. Біріншісі, ХХ ғасыр ғалымдары сияқты өлім сәтіндегі және жан шыққаннан кейінгі ағза салмағын өлшеу, екіншісі, адамның жүрегі тоқтаған сәттегі денеден шығатын «елестің» ауадағы салмағын өлшеу. Осылайша, күншығыс елінің ғұламалары адам «жанының» салмағы 3-9 грамм аралығында болады деген қорытындыға келді.

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ,

kazislam.kz

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Фатиха» сүресін Құран тізіміне қоспаған сахаба

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00