Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарымыз науқасты неге қинап тамақтандырмауды бұйырды?

05.09.2018
- Қоғам
0
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тирмизи мен Ибн Мәжәнің хадистер жинағында Хазіреті Ұқба ибн Әмир (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Науқастарыңызды ішіп-жеуге қинамаңыздар. Себебі, оларды Аллаһ Тағаланың өзі ішіп-жегізеді», – дейді (Тирмизи, «Тыбб», 4; Ибн Мәжә, «Тыбб», 4).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл хадисінде науқастардың тәбеті тартпаса, адамды қыстап тамақтандыруға болмайтындығын біздерге өсиет еткен. Әр сөзі мен сүннетінде хикмет жатқан Пайғамбарымыз не себепті бұлай деген? Мұнда қандай хикмет бар?

Біз, керісінше, науқастарымыздың тәбеті тартпаса да «әлсіреп кетесің, күш жинап ал» деп аузына ас тығып әлек боламыз ғой. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұнымыздың әсте дұрыс емес екендігін ескертеді.

Хадистер жинағының «Медицина» бөліміне жатқызылған бұл хадисті мұғжизалардың бірі дей аламыз. Сөйтсек, ауруға ұшыраған жандарды тәбеті тартпағанына қарамастан зорлықпен тамақтандыру ол үшін пайдалы емес, зиянды боп тиеді екен.

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Оразамен емдеу (ашығу жолымен емдеу) тәсілін зерттеген «америкалық» Эдуард Дьюи (Edward Dewey) есімді дәрігер өзінің зерттеулерінің бірінде: «Адамның дене температурасы 38 градустан асқан кезде ас қорыту жүйесіндегі бездер ас қорытатын ферменттерді бөлуді тоқтатады.  Бұл жағдайда асқазанда жаңа сығылған жеміс шырынан басқа ештеңені қорытатындай фермент қалмайды. Нәтижесінде науқас жанның жеген асы қорытылмағандықтан бырши бастайды. Бұл өз кезегінде улануға әкеп соғады. Бұдан адам зиян тартпаса, пайда көрмейді», – дейді.

Сондай-ақ, ол (Эдуард Дьюи) қызуы көтерілген науқастың аш қалған кездегі салмақ жоғалтуы тамақтандырған кездегісінен артық емес екенін де дәлелдеген. Оның үстіне ас қорыту үшін жұмсалатын энергия дененің ауруға қарсы күресу үшін қажетті биологиялық күшті азайтатындығын анықтаған. Яғни, Аллаһ Тағала адамның ас қорытуға жұмсалатын барлық энергиясын аурумен күресуге бағыттау үшін ас қорыту жүйесін уақытша тоқтатады екен. Бұның есесіне, ағза асқазанға азық түспесе де, өзіне қажетті қоректі бұған дейін адамның бойында деполанған азықтардан алады екен.

Доктор Эдуард Дьюи бұл пікіріне айғақ ретінде кислота ішіп қойып, асқазаны күйіп, ас қорыту жүйесі бұзылған екі баланың біреуі – 75 күн, екіншісі 90 күн еш тамақтанбастан өмір сүргендігін мысал келтіреді.

Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Аллаһ Тағаланың өзі қоректендіреді» деп қысқа қайырған сөзі осындай тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып тұр.

Бұл да Аллаһ Тағаланың құлына деген «әр-Раззақ», яғни, рызық несібемен қамтамасыз етуші екендігінің жарқын бір көрінісі. Жаратушы иеміз тамақ ішуге дәрменсіз қалған құлына да мейірім-шуағын төгіп, оған ырзығы мен қорегін тамақтан өткізбей-ақ та береді екен.

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Таңбалар: исламПайғамбарсалтан сайранұлы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қағбаны жыққанда, тастан қандай жазу шыққанын білесіз бе?

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120992 бөлісті
    Бөлісу 48397 Твитерге 30248
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00