Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәсібің өрге жүзсін десең…

14.09.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
833
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл Дамаск шаһарында өмір сүрген саудагер жігіт хикаясы.

Ол әрдайым жора-жолдастарына: Мен өмірімде ешуақытта саудада шығынға ұшырап көргенім жоқ. Үнемі олжалы боламын,-деп айтатын көрінеді.

Күндердің күні жолдастары сынамақ боп:

– Сауда тәуекелмен байланысты. Бірде пайдаға кенелсең, бірде шығынға ұшырайсың. Қалайша ылғы олжалы жүресің,-деп сұрайды. Жігіт:

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

– Сендер маған бір тауарды айтыңдар. Соны  сатып сөзімнің растығын көрсетейін,-депті.

– Жарайды, олай болса Ирақта құрма сатып көр. Ирақта құмнан құрма көп. Ол елде құрма тегін десе де болады. Құрма сатып олжалы болу мүмкін емес,-десті.

Саудагер жігіт ешбір екіленбестен: Дегенің болсын, Ирақта құрма сатамын,-деп келісті. Жігіт түйелерге құрма тиеп, бисмиллә деп сол шақтағы Аббаси халифалығының астанасына жолға шықты.

Халифа әулетінің бірі отбасымен Маусыл қаласына демалуға қамданып жатты. Маусыл сол дәуірде Ирақтың ең көркем шаһарларының бірі еді. Әсіресе, көктем мезгілінде саяхатшылардың ерекше назарын аударатын. Аймақтың әсемдігіне орай жұрт Маусыл қаласын көктемтер анасы деп атайтын. Өйткені, Маусылда көктем маусымы қыстан басталып жаздың соңғы айында бір-ақ бітетін. Үш маусым қатарынан құлпырып көктем тұратын.

Әлгі бай Бағдат қаласынан алыстап қалған кезде, кенже қызы қымбат алқасын жоғалтып алғанын айтып байбалам салды. Ерке қызы алқасыз ешқайда бармайтынын айтып көз жасын көл етті. Ақыры, амал нешік, бай алқаны тапқанға пәлен берем деп Бағдат халқына жария етеді.

Содан халық оңай олжаға кенеле қаламын деп қаланың сыртында алқа іздеуге кірісіп кетеді. Біраз уақыт болып қалса керек,  жоқ іздеушілер қалжырап қарны аша бастайды. Қала болса, біршама алыс. Сол арада жолы болғыш саудагер жігіттің керуені де оларға таяп қалған еді. Жұрт жапа-тармағай нең бар?,-деп саудагерден ішіп-жейтін азық-түлік салып ала бастайды. Осылайша жас саудагер шамалы уақытта құрмасының басым көпшілігін сатып үлгереді.

Құрманың отанында жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта құрма сатып олжалы болған жігіт жайлы естіп халифа әулетінен шыққан бай қызығушылық танытып жігітті өзіне алдырады. Жігіттен қалайша сауданың көзін тапқанын білгісі келіп сұрайды.

Жігіт: «Әкеден ерте айырылдым, анам болса мүгедек еді»,-деп әңгіме бастады – «Бес жасымнан көрші-қолаң үйінде жұмыс істеп тіске басарлық азын-аулақ нәрсе алып келетінмін.  Осылайша, Құдайдың қалауымен күнелтіп анама қызмет еттім. Жылдар өтіп тұрмысым біршама реттелді. Жиырмаға толғанымда анам өлім төсегінде жатып қолын жайып: Уа, Жаратқан! Баламның жолын аш! Дінінде де, өмірлік тіршілігінде де ешуақытта сәтсіздікке ұшырамасын,-деп маған ақ батасын берді. Анамның сол батасын алған күннен бері, қандай іспен айналыссам да шаруаның көзін тауып олжалы боламын. Кейде қолыма алған бір уыс топырақ та алтын боп кететін шығар деп ойлаймын»,-дейді.

Бұл – шындық. Ата-ананың ақ батасын алған адам өмірде істеген шаруасы оңынан болады. Берекет пен жақсылық ләйім өмірлік серігі болмақ. Бизнесіңіз олжалы болсын десеңіз, ата-анаға бар ықыласыңызбен қызмет етіп, батасын алыңыз.

Руслан Қамбар

Таңбалар: Ғибратты әңгімекәсіп
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

7 сауал үшін 700 шақырым жол жүрген

04.04.2025
Зина жасауға рұқсат беріңіз!
Ғибратты әңгімелер

Зина жасауға рұқсат беріңіз!

23.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қоздамаған қойдан сүт сауған жолаушы...

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00