Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір сәжденің сыйы

12.09.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Баяғы заманда бір шағын мемлекет патшасының Құдайдан сұрап алған жалғыз перзенті болыпты. Тақ мұрагері де, ұрпағын жалғастыратын да осы қызы екен. Жалғызы болса да тәрбиесіне немқұрайлы қарамай,  тақ мұрагеріне лайықты етіп тәлім беріп өсіреді.

Күнді күн жалғап, жалғызы ақылына көркі сай боп бой жетеді. Патшаның да самайына ақ түсіп, бойынан қуаты қайтып қартайып келеді. Қарт әкенің бар арманы – қызым теңін тауып тұрмыс құрса, етегін ұстаған азамат шаңырағымның түтіні сөндірмей, әрі билік тізгінін уысында мықтап ұстайтын азамат болса игі еді деп күндіз-түні тілейді.

Қызының болашағын ойлап, ұзақ түндерді кірпік қақпай ұйқысыз өткізіп, мазасы қашқан әмірші ақыры уәзірін түннің бір уағында шақырып алып:

– Тез мешітке бар, адал адам мешітте болады. Намаз оқитындардың ішіндегі ең тақуасы да түнде құлшылық етеді. Мешітте құлшылық етіп отырған адамдар ішінен ең діндарын менің құзырыма алып кел, – деп, мешітке жұмсайды.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Дәл осы түні шаһардағы маңдайында бес елі соры бар бір ұры басқа үй құрып қалғандай мешітті тонауға бел буған екен. Бейшара тас қараңғыда қорғаннан асып өтіп, мешіт ішін тінтуге кіріседі. Патшаның сақшылары болса, қақпада құлып тұрғанын көргенмен, не де болса мешітті ашайық, түн ішінде біреу кеп құлшылық ететін болса көре жатармыз деп шешеді.

Қақпа сыртынан дауыс естілгенде ұрының құты қашқаны соншалық, не істерін білмей қатты абыржиды. Мешіт есігі ашылғанда байғұс ұры сасқанынан намаз оқыған сыңай таныта қалады.

Босағадан аттай бере михраб жақта намаз оқып тұрған біреуді көрген патша сақшылары бір-біріне таңдана қарап тұрып қалды. «Шіркін, намазға деген махаббатын қара! Қорғанды асып өтіп, құлшылық етуде. Іздегенімізді таптық»,-десті.

Есі кеткен ұры намаз оқып тұр. Уәзір «намазын бітірсе, дереу сыртқа алып шығыңдар» деп бұйрық береді. Ұры намазын іле-шала бітер-бітпес екіншісін бастайды. Патшаның күзеті «Пах, шіркін! Мына жігіттің тақуалығын-ай, иманы қандай еді?!» – әлі таңдана қарап тұр. Ақыры, тағы бір екі ракағатты бастайын деп жатқанда, екі қолтығынан күзет ұстап алып, тысқа алып шығады.

Хан сарайына алып кірген соң ұры өзі-ақ қылмысын мойындап, кінәсін өтеуге дайын тұрады. Ал патша уәзірінен жігіттің «тақуалығы» жайлы естіп тәнті болып, «ұзақ уақыттан бері Құдайдан дұға етіп сұрап жүрген адамым осы – деді ішінен.

Мән-жайды әлі де болса түсінбей тұрған ұры біткен жерім осы деп тұрғанда, патша: Діндарлығың һәм тақуалығың үшін жалғыз қызымды саған тұрмысқа беремін. Әрі елдің билеушісі де өзің боласың,-дегенде, ұры құлағына сене алмай қалады. «Бұл қалай болғаны, аз уақыт алдын өмірі қыл үстінде тұрған секілді еді. Бір сәтте қарақшыдан бекзадаға айналғаны ма?»

Жүрегіне иман сәулесі кіріп ұры өз-өзіне: «Уа, Жаратқан Ием! Қисық ниетпен оқыған екі ракағат намазым үшін мәртебемді көтердің. Әп-сәтте кедей құлыңды байыттың. Бұған қоса, бекзадалар арман еткен қызды маған өмірлік жар еттің»,-деп ішкі дүниесі алай-дүлей боп жатты.

Иә, Құдай – Шебер. Қиыннан қиыстырып, әр қилы тағдырларды тоғыстыратын Ол. Кейде ойлаған мақсатымызға қол жеткізуде асығыстық танытамыз. Рас, біз адамдар – шыдамсызбыз. Сабыр түбі – сары алтын дегенді ұмытпайықшы.

Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: ғибратты әңгімелерсәждеТақуа
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025
Балуандығымен танылған әулие-ишандар
Сұрақ-жауап

Діндегі әулие түсінігі қандай?

13.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Пайғамбарымызды (с.а.у.) халық боп тану жылын» жариялайықшы

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00