Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қанат ҚЫДЫРМИН: Оразаның сауабы мол, жеңілдігі де жетерлік

10.05.2018
- Сұхбат
0
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

 – Сұхбатымызға кіріспе болсын, Рамазан айының мәніне шолу жасап өтсеңіз?

– Рамазан айы – айлардың сұлтаны, қасиетті ай. Алла тағаланың таңдаған айы. Бұған дәлел ретінде Алла тағала Құранда айтады: « Бұл сондай ай – бұл айда адамдарға тура жол үшін, жақсы менен жаманды айыру үшін Құран түсірілді.» Алла тағаланың қалауымен осы айға Құран түсу арқылы, Рамазан айының құндылығы көтерілген. Рамазанның дәрежесін көтеріп тұрған – Құран. Ғұламалардың айтуынша, Құран кімге түссе, сол ерекше құрметке лайық. Яғни, Құран түскен ай болғандықтан, Рамазанның басқа айлардан дәрежесі бір төбе биік тұратыны хақ.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған дейінгілер 1000 жыл құлшылық етті. Ал менің үмметімнің құлшылық уақыты 70-80 арасы, олар аз сауап қана жинайды» деп ішкі уайымын білдіргенде, оған жауап ретінде Алла тағала Рамазанды нәсіп етті. Сонда Рамазан айы 1000 жылға бергісіз, аз уақыттың ішінде мол сауап жинауға мүмкіндік беретін Алла тағаланың нығметі.

Президент: Түрлі дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

23.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

05.01.2026

– Ораза алдында әрбір мұсылман білуі керек қағидалар?

– Қазіргі таңда, мешіттердің жанында діни сауаттылықты арттыратын және Оразаны қалай ұстау керектігі туралы кітаптар бар.

Осы тұста ең бірінші мәселе Рамазан кімге парыз екеніне тоқталу керек.  Кез келген тұрақты жерде тұрып жатқан, яғни жолаушы емес, ақыл  есі дұрыс мұсылман адамға ораза міндет болып есептеледі. Ораза ұсталу үшін Рамазан айының кіруі шарт. Ал, қазіргі таңда ол еш қиындық туғызбайды. Өйткені ол туралы хабарлайтын бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Рамазанның алдындағы ең алғашқы білу керек дүние – ниет. Яғни ниетті дұрыстап, сусын ішуден, тамақтан, басқа да шариғатымыз тыйым салған істерден тыйылу.

– Ораза ұстаған мұсылманның күн тәртібі қалай болуы керек? Мысалы, ауызым берік деп ауыр жұмыстан аяқ тарту қаншалықты дұрыс?

– Шама келгенше, Рамазан айының алдындағы әдептерге жататын нәрсе адамға ауырлық туғызатын шаруаларды Рамазанға дейін бітіріп алған жөн. Қасиетті ай кезінде мұсылман ауыр жұмыстарды істемегені абзалырақ болады.  Рамазанға дейін немесе кейінге қалдырған дұрыс.

Соның ішінде біздің елімізде әлем бойынша ауыз бекітудің ең ұзақ уақыты белгіленген. Сондықтан адам өзінің әлсіреп немесе ауырып қалуына апаратын істерден өзін сақтап отыруы керек.

Мысалы кейбіреулер, шыдамдымын, мықтымын деп сәресін ішпей қоюы мүмкін. Ал ол туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Аз да болса таңғы сәрені ішіңдер. Шындығында, онда береке бар» дейді.

Бірақ кейбір адамдар оразамын деп өзіне міндеттелген істерді атқармай жатса, ол шариғат шеңберіне сәйкес келмейді.  Мұсылман осы жағдайдың екі қырын саралап, дұрыс шешім қабылдай білуі керек.

– Мысалы, бізде спортшылар немесе қант диабетімен ауыратын кісілер өздерінің алдағы күндерін жоспарлай алмайды. Бірі қашан жарыс болатынын немесе бірі қашан ауырып қалатынын білмейді. Бұл жағдайда не істеу керек?

– Алла тағаланың Құранда «Рамазан айы келген болса, ораза ұстасын» деген аяты бар. «Егер де  ауырған болсаңдар және сапарда болған болсаңдар, басқа күндері оны толықтырасыңдар» дейді.

Шариғат бойынша аурудың екі түрі бар: 1. Уақытша 2. Созылмалы

Алғашқысы, тұмау, қызуы көтерілу сынды белгілі бір уақыттан кейін жазылатын аурулар. Ондай кісілер сырқат кезінде ауыздарын ашады да, одан кейінгі уақытта қазасын өтейтін болады.

Ал екінші, жаңағы сіз айтқан жағдайдағы адамдар болуы мүмкін. Олар ораза алдында дәрігерге қаралуы керек. Егер де сенімді дәрігерлер ол адамға ораза ұстау оның денсаулығына ауырлық туғызады десе, онда ол ауыз бекітпейді. Бірақ «кафара» деген нәрсе бар. Ол деген сол оразаның өтемі. Мысалы, бір күнде бір адамды тойдыратын тамақ немесе соны ақшалай шығарады да, 30 күнге бөліп, соның садақасын береді. Сөйтіп, ол адам мойнындағы парыздан құтылған болып есептеледі. Бұл созылмалы ауруларға байланысты шариғаттың жеңілдігі. Жалпы, бұл жерде адамның Алла тағалаға шынайы ықыласы мен ниеті маңызды болып тұр.

Мысалы, созылмалы сырқатпен ауыратын кісілер басында ораза ұстап көреді. Алла тағала, кейбір кезде оған ауыз бекітуді жеңілдетіп жіберуі мүмкін. Бұл – жеке адамдарға жекеше қаралатын мәселе.

– Сөзіңізде ораза ұстамаған жағдайда адамдарды тамақтандыруға болатынын айтып өттіңіз. Сонда екі әрекеттің сауабы бірдей ме?

– Ораза деген – қалқан. Бірақ Алла тағала кейбір кісілерге аурумен сынақ береді. Ондай кісілер әлгіндей садақамен өтесе, оның мойнынан парызды түсіріп, ол да сауапқа ие болады.

Сырқат айтып келмейді. Бірақ шариғатта көрсетілген басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып оны өтейтін болса, оның еншісіне де сауап жазылады. Сондай-ақ ондай адамдарды ауызашарға шақырғанда, оған барып, ауыз бекіткендермен бірге отырса, нұр үстіне нұр. Рамазанға құрмет деген түсінік бар. Белгілі бір  жағадайда аузы ашық мұсылмандар болса, бұқара халыққа көрсетіп тамақ ішпегені абзал. Мысалы, Рамазан айында кейбір адамдар білместіктен түскі уақытта дұға береді, құдайы ас береді. Бұл – Рамазан әдебінен алыстатын іс-әрекет. Шама келгенше, ондай дүниелерді ауызашар уақытта берген абзал.

Сұхбаттасқан – Мадина Жанғазиева

Таңбалар: исламораза
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам – рационалды дін
Видео

Ислам – рационалды дін

16.01.2026
Ислам адам құқығын шектей ме?
Сұрақ-жауап

Ислам адам құқығын шектей ме?

01.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ораза толыққанды болу үшін 6 кеңес

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00