Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Маңызды тарихи жетістік

28.03.2018
- Мемлекет және дін
0
56
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан әуелден күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді кешенді түрде қарас­тырып, сатылап шешу саясатын ұстанып келеді. Мәселен, қалың бұқараның әл-ау­қатын арттыруды және мемлекеттіліктің тұ­ғырын нығайта түсуді көздейтін саяси ре­формалар сәтті жүзеге асты. Ел эконо­ми­касы бір арнаға түскен шақта тарихи са­на­мызға сәуле түсіретін рухани жаңғыру ре­фор­маларын қолға алды. Биылғы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қа­зақ­станның төрт аяғын тең басқан өркениет кө­шіне ерген іргелі мемлекет құруға ұмтыл­ғанына әлем куә.

Қоғамда жіті бақылап, ұдайы назарда ұс­тайтын нәзік салалардың бірі – дін мәсе­лесі. Салада күрмеулі, шиеленісті және ше­тін мәселелердің бар екені жасырын емес. Әсіресе, соңғы жылдары орын алған оқыс оқи­ғалар бұл салаға немқұрайлықпен қарау­ға болмайтындығын көрсетті.
Елбасының 2016 жылғы Жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министр­лі­гі құрылып, ведомствоға қоғамның осы са­ласын түбегейлі реттеу тапсырылған бо­ла­тын. Өткен жылы тұңғыш рет Қа­зақ­стан Республикасының дін саласындағы мем­лекеттік саясатының 2017-2020 жылдар­ға арналған тұжырымдамасы бекітілгені мәлім. Тұжырымдама мемлекеттік-кон­фес­сиялық және конфессияаралық қаты­нас­тарды жетілдіру, мемлекеттің зайырлы қа­ғидаларын нығайту және дінді деструк­тивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып та­былады. Министрлік күн тәртібіндегі жә­не туындауы ықтимал мәселелердің алдын алу мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Діни қызмет пен діни бірлестіктер ту­ралы мәсе­лелер бойынша Қазақстан Рес­публика­сы­ның жекелеген заңнамалық ак­тілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қалың бұқараның талқысына салды. Бұл жобаға ғалым-сарап­шылар мен дін саласындағы білікті маман­дар тартылып, олардың белсенді атсалыс­қан­дығын, заң жо­­басының жан-жақты зер­­­деленгенін ай­шық­­тайды.
Жобаның аталған уәкілетті органның ресми веб-порталына ілініп, өзге де мүдделі мемлекеттік ведомстволардың келісімі мен азаматтық қоғамның белсенді мүшелерінің қызу талқысынан өтуі, жобаның транспа­рент­ті құндылықтар жүйесімен әзірленген­ді­гін көрсетеді. Жақында еліміздің бірқатар маңыз­ды салаларын реттейтін тоғыз заң мен екі кодекске өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізуді көздейтін заң жобасы Пар­ла­мент Мәжілісінің қарауына жіберілді. Онда мынадай өзекті мәселелерін қамтылған:
– діннің деструктивті және радикалды белгілеріне құқықтық баға беру;
– кәмелет жасқа толмағандардың діни іс-шараларға қатысу тәртібін реттеу;
– шетелде діни білім алуды реттеу тетік­терін қарастыру;
– қоғамдық орындарда адамдардың бет-жү­зін анықтауға кедергі келтіретін киім үл­гі­леріне, қоғамдық қауіпсіздік үшін тыйым­дар жүйесін ұйымдастыру;
– діни бірлестіктердің қаржылық ашық­тығын қамтамасыз ету;
– мемлекеттік қызметкерлердің діни рә­­сім­дер мен жоралғыларға қатысуын рет­теу және т.б.
Жоғарыда аталған заңнамалық өзгеріс­тер мен кейбір құқықтық нормаларды қарау дін саласындағы өзекті мәселелерді оңтайлы ше­шуге бағытталған. Бұл өзгерістер еліміз­дің тұрақты діни ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында, халықаралық аренадағы діни қа­тынастарды құқықтық реттеу бойынша оң нәтижелерге ие шет мемлекеттердің озық тәжірибелері ескеріліп, жан-жақты зерт­­теліп, әзірленді. Мәселен, Әзірбай­жан­да кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни ағымдар мен олардың рәсім-жоралғыларына еркінен тыс тартуға немесе қатыстыруға қатаң тыйым салынған. Беларусь Респуб­ли­касының «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңының 39-бабында жасөспірімдерді діни ұйымдар мен олар өткі­зетін іс-шараларға еркінен тыс не бол­ма­са ата-аналарының (оларды алмасты­ра­тын тұлғалардың) рұқсатынсыз тартуға тыйым салынған және оны бұзу заңмен бе­кі­тілген жауап­кершілікке апарады.
Өз Отанынан тыс мемлекетте діни білім алуға келетін болсақ, бұл мәселе де халық­ара­лық тәжірибеге сүйене отырып, толық­қан­ды зерттелді. Мысалы, Тәжікстанда шет-ел­дерде діни білім алу тәртібі Үкімет қау­лысымен реттелген. Сондай-ақ бұл мем­ле­ке­­ттің заңнамасына сай, тек өз елінде бас­тапқы дін
и білім алғанннан кейін ғана өзге елде жоғары діни оқу орындарында білім алуға рұқсат етілген. Францияда азаматтары шетелде күмәнді діни оқу орындарында білім алғаны анықталса, арнайы қызмет ор­гандарының назарына алынып, елде орын алған кез келген лаңкестік әрекеттерге қатыс­­тылығының бар-жоғын анықтау үшін қатаң тексерістер жүргізеді. Айталық, 2015 жылғы «Шарли Эбдо» журналы редак­ция­сына жасалған террорлық шабуылды ұйым­дастырған ағайынды Кулибалидың бірі Йеменде діни білім алғандығы және ра­ди­калды діни көңіл-күйдің рекрутына сол геог­рафиялық аймақта тап болғаны белгілі болды.

Заң жобасында қоғамдық орындарда бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім үл­гісін киюге не болмаса пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылды. Бұл мәселенің заң жобасында қаралуының се­бебі – бет-әлпетін тұмшалайтын киім кию үлгісі ата-баба мирас етіп қалдырған дәс­түрімізге, сан ғасырлық тарихымызға, мә­дениетімізге, рухани құндылықтарымызға және еліміздің зайырлы қағидаттарына жат болатын. Осыған байланысты былтырғы сәуірде ҚМДБ-ның өкілдерімен кездесу барысында Елбасы: «Діни сауатсыздықтың нә­тижесінде… қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары кө­беюде. Бұл – біздің дәстүрімізге де, хал­қымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киген», – деп айтқаны есімізде.
Бүгінде осы мәселені әлем елдерінің көп­шілігі құқықтық тұрғыда зерттеп, бет-ауызды тұмшалайтын киім үлгісін санкция­лауға көшті. Мәселен, Франция, Бельгия, Австрия, Германия және т.б. елдерде адам­ның бет-әлпетін тұмшалайтын киімге заң­ды түрде тыйым салынған. Яғни, заң жо­ба­сында көзделген барлық мәселелер – әлем ел­дерінің тәжірибелерінде бар дүниелер.
Сайып келгенде, бүгінде заң шығарушы ор­ганның қарауына өткен заң жобасы қо­ғамның нәзік саласын реттеуге бағытталып отыр. Олай дейтін себебіміз, бұл құжат дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бер­меуге негізделіп, мемлекет пен діни бірлес­тік­тердің арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруға, қоғамда зайырлы қағидаттарды нығайтуға бағытталған. Яғни, дін саласын­дағы уәкілетті орган басқа да мемле­кеттік органдармен, діни бірлестіктермен және қо­ғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, елі­мізге жат діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алатын маңызды құжат әзірледі. Бұл құқықтық құжат дін саласын реттеу арқылы ел қауіпсіздігін және Ата заңы­мызда көрініс тапқан зайырлы құнды­лық­тардың үстемдігін қамтамасыз етуде игі мақсаттарды басшылыққа алып, қоғам мен аза­маттардың мүддесіне қызмет ететін бо­лады. Елімізде дінге деген көзқарасына қа­рамастан, барлық азаматтардың заң ал­дын­да теңдік қағидаттарына және әрбір аза­мат­тың жеке наным-сеніміне құрметпен қа­рау­ға негізделген мемлекеттік-кон­фес­сия­лық қатынастардың зайырлы моделі қа­лыптасқан. Мемлекеттің зайырлы құры­лысы – Қазақстан халқының маңызды та­ри­хи жетістігі.

Берік АРЫН, 
Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Балғабек МЫРЗАЕВ: Діндарлар есепке алынса да, күдікке ілінбейді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00