Сенбі, 21 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Болашаққа бастаған бес бағыт

20.03.2018
- Мемлекет және дін
0
154
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 Елбасымыздың ел әлеуетін көтеруге бағыттаған бес өзекті мәселесі халықтың игілігіне жасалып отырған тағы да бір ізгі қадам. Бұл жүрек қуантарлық ақпарат ел болашағын ойлаған президентіміздің қазақ елін мәңгілік ел етуді және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосуды меңзеп отырған межесі.  Елбасымыз бекіткен  бес бағыт елім, жерім дейтін әрбір азаматтарға жігер береді. Келешекте жүзеге асатын әлеуметтік бағыттардың оң өзгерістері – ішкі тұрақтылық пен қолжетімді қажеттіліктерге бастар жолы екендігі айқындалды.

 Қазақстан қоғамының дамуы (экономикалық, әлеуметтік, рухани) және ішкі саяси тұрақтылық өркендеуінің негізгі шарттары – болашаққа нық сеніммен қадам басу. Ел арсындағы бейбітшілік пен татулықты берік сақтай отырып , қоғам мен дәуірдің материалдық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуын қалыптастырумен жүзеге асады. Күрмеуі шешілетін оң бастамалардың беретін нәтижелері, әсіресе, ел болашағы – жастардың отбасылық мәселелерінің тиімділігінде.

 Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде адамды өмірде бақытты ететін үш нәрсе айтылады: салиқалы әйел, жақсы көлік, кең үй. Иә, бүгінгідей нарық заманында баспаналы болу – үлкен нығмет. Елбасымыздың үндеуі баспанаға қол жеткізе алмай жүрген жандардың жігерін оятып, жас жанұяларға үміт сыйлады деп сеніммен айта аламыз. «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға сай қолжетімді нарықпен баспаналы болатын отбасылар болашағы үшін алаңдамайтын болды. Сонымен қатар, негізге алынған бес бағыттың біз үшін қай жағынан болса да берері мол, нәтижесі айқын.

  Президентіміздің екінші бастамасы жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға арналған.Жалақысы көбейген адамның тұрмысы түзеледі. Тұрмыс түзелсе, қоғам жан-жақты дамиды. Қоғам дамыса, мемлекетіміз өркендейді. Бәрі бір-біріне байланысты мәселе.

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026

 Үшінші бастама «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» деп аталады. Білім мен ғылымның, ақпараттық технологияның дамыған дәуірі – ХХІ ғасырда Қазақстан жастарының білімді болуы – өте өзекті мәселе. Білімді дамытпай, өркениетті елдер қатарына қосылам деу – қайықты ескексіз жүргізумен тең. Бұл тұрғыда білім алушы студенттерге жатақханалар салып, қосымша гранттар бөлудің маңызы зор. Өйткені, білімді жастар – ел болашағы.

  Әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың негізгі жағдайлары болып, әлеуметтік дамуды өрістету арқылы діни алауыздықтың қалыптасу аясын да тарылтады. Сананы тұрмыс емес, тұрмысты сана билеуі керек. Діни жүйедегі тұрақсыздану үрдістерін жоюдың бағыттарына да осы бес бағыттың тікелей қатысы бар. Бес бағыттың түпкі мақсаты- Қазақстан азаматтарының тұрмыс-салтының деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік ахуалын жандандыру, халықты экономикалық белсенділік қызметіне тарту, тұрмыс- тіршілігімізде экологиялық зардаптардың алдын-алу болып табылады.

 Осындай Президентіміздің Отанымыздың қарқынды дамуына және дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіру  жолындағы серпінді бағыт-бағдарламаларын бұхара халық болып жұмыла қолдасақ ,мақсатымыздың шүбасыз орындалары хақ.Кейінгі ұрпаққа гүлденген мемлекетімізді аманат етсек бізден бақытты қауым болмасы анық.Олай болса Елбасымыздан бастап еліміздің болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарға күш-қайрат пен жігерлі ғұмыр тілеп ақ баталарымызды аямайық.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы

Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қарақшы қалай ғалым болды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121262 бөлісті
    Бөлісу 48505 Твитерге 30316
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    499 бөлісті
    Бөлісу 200 Твитерге 125

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00