Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саудияда бұзылған сең

19.02.2018
- Қоғам
0
318
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл Сауд Арабиясының ғұламалар кеңесінің мүшесі Абдалла әл-Мұтлақтың бірнеше күн бұрын Әл- Жазира арнасында айтқан сөздері. Әрине, бізге яғни зайырлы, демократиялы елде, тең құқықтар мен еркіндікте өмір сүріп жатырған халыққа құлық кесетіндей қатты естілмеуі мүмкін. Алайда, осы күнге дейін өз әйелдерін жан-жануарға теңеп, жиырма бірінші ғасырда өз халықын орта ғасырлық тыйымдермен тәрбиелеп, діни фундаментализм мен догматизмнің арбасына жеңіп келген арабтар үшін кішігірім сенсанция болып, сең ұрған балықтай сезіліп жатырғаны сөзсіз. 

Халықаралық әйел құқықтарын зерттейтін орталықтардың зерттеуі бойынша 2009 жылдары Сауд Арабиясы 134 елдің ішінде әйелдерге берілген құқықтар бойынша әлемде 130 орын алған екен. Мұны зерттеушілер Еуропадағы бала құқықтарымен салыстырған, яғни кішкентай балалар сайлауға қатыса алмайды, ата-анасымен ғана саяхатқа шыға алады, автокөлік жүргізе алмайды, өздігінен, қараусыз қоғамдық орындарда қыдыра алмайды тағы да сол секілді. Керек десеңіз таяу арада ғана саудиялық бірнеше ғалымдар әлемді таң қалдырған жаңалық жасаған болатын, яғни әйелдер өз кезегінде сүтқоректі болғандықтан, сол елдегі түйелер мен ешкілерге берілген құқықтармен теңестірілуі керек екенін мәлімдеген.  

2017 жылға дейін әйелдерге көлік жүргізуге арнайы тыйым салған әлемдегі жалғыз ел Сауд Арабиясы болатын. Осы тақырып төңірегіндегі талас тартыстардың бірінде, дін ғұламасы, профессор Камал Сүбхи былай деген болатын: «Егерде әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беретін болсақ, онда елімізде он жылдан кейін ары таза әйел қалмайды». Ал, басқа беделді шейх Салех Лохайдан: «Әйелдер егер көлікке отыратын болса, онда олардың туған балалары кембағал болып туылуы мүмкін» – дегенді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Қоғам белсендісі, арабиядағы әйел құқықтарын жақтаушы журналистердің бірі Ваджеха Әл-Хувайдер: «Егерде қандай да бір тақырып Құранда айтылмаған болса, онда оны дін ғұламалары мен шейхтер өз ырқына қарай мазмұндап, харам (күнә) ете салады, арабиядағы әйелдердің көлік жүргізуге тыйымы осыған анық дәлел» деген екен.

 

 

Арабиядағы әйел құқығы тарихы

 

Саудиядағы әйел құқықтары басқа да мұсылман елдеріндегідей діни үкімдерге, яғни шариғатқа негізделген. Алайда, бұл елдің өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі, шариғат үкімдерінің өздері «алғашқылардың» яғни ислам дінінің негізі болған кезеңдегі «сәләфилік» фундаменталистік заңдарға негізделген. Сондықтан, көптеген жағдайларда жергілікті дін ғұламаларының арасында да түсінбестіктер орын алып жатады. Мысалы, дін полициясының басшысы болған шейх Ахмад Қасым әл- Ғамди «ихтилаттың» (гендерлік теңдіктің) шариғатқа ешқандай қатысы жоқ десе, басқа бір шейх Абдұл Рахман әл- Баррақ «ихтилат» жақтаушыларының басын алу керек деп пәтуа жасаған.

Дін ғұламалары мен жергілікті саясаткерлер негізінен Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен оның осы мәселелерде жасаған, айтқан шешімдеріне жүгініп жатады. Ал, Пайғамбардың хадисінде: «Сендердің өз әйелдеріңе деген құқықтарың бар, сол секілді сендердің әйелдерінің де сендерге деген дәл сондай құқықтары болуы тиіс» деп риуят етілген. Бұл сөздер мұсылман тарихындағы әйелдердің ең алғашқы құқығын көрсетіп берген бағыт пен бағдар болатын. Пайғамбардың бірінші әйелі Хадиша кәсіпкер болған, саудамен айналысып жүріп, болашақ пайғамбарды таныған, ал екінші әйелі Айша әскер басқарып, мұсылман дінінің асылы болған қаншама хадистер қалдырған. 

1979 жылғы Мекке қаласында болған террористік акті Сауд Арабиясындағы мұсылман әйелдері үшін тарихи оқиға болды деуге болады. Себебі, билік осы оқиғадан кейін шариғаттің кей үкімдерін қайта қарап, діни саясатының векторын ауыстырды. 1979 жылға дейін араб әйелдері қоғамдық орындарда абайясыз, хиджабсыз жүріп, махрам емес (туысқан емес) еркектермен қоғамдық орындарда бірге жүруге, көлік жүргізуге рұқсаттары болған болса, осы кезеңнен бастап барлығы өзгерді. Ресми билікке фундаменталистер келіп, батыстық құндылықтарға қарсы саясат ұстана бастады, вестерниза
цияға ашықтан ашық қарсы ойындар басталды. Консервативтік исламды ұстанған топтар әйелдерге жоғарғы білім алуға тыйым жасап, газеттер мен БАҚ-дары қатаң діни догматикалық саясатқа жол ашып, ақпарат құралдары беттеріндегі барлық әйелдер бейнелеген суреттерді жойды. Қоғамдық орындардарда абайя кию жүру заңмен міндеттелді. Тек қана 2011 жылғы Нью-Йорктегі 11 қыркүйек террактісінен кейін ғана, әлемдік қауымдастықпен фундаменталистік ислам қағидалары сынға ұшырағаннан кейін ғана, бұл саясат әлсірей бастады. Себебі, сол оқиға қатысқан 11 террористтің 9 саудиялық араб болатын. 

Билікке король Абдалланың келуімен бірқатар реформалар орын алған еді, ол алғашқы болып елде ерлер мен әйелдер бірге білім алатын университеттер ашып, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы заңдар қабылдады. Алғаш болып осы кезеңде әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат пен сайлауға қатысуға рұқсаттар қоғам талқысына салынып, тақырып ашық қоғамда талықылана бастады. Алайда, адам құқықтары бойынша жергілікті белсенділер мұның барлығы рәміздік қана кейіп пен формалды іс –шаралар болғанын жасырмайды.

 

Салман салмақ із

 

Мұхаммед бен Салман үлкен саясат сахнасына 2009 жылы әкесінің кеңесші ретінде шықты. 2015 жылы король Абдалланың қайтқанынан кейін, Мұхаммед қорғаныс министрлігін басқарып, королдік соттың мемлекеттік хатшысы атанды. 

Дәл осы кезеңнен бастап, тақ мұрагері өзінің «Бағдар: 2030» бағдарламасымен әлемге танылды деуге болады. Экономикалық, саяси реформаларды айтпағанда Салман ханзада «ұлттық төңкеріс» пен « Рахым нұрына бөленген Отанды өзгерту» деген тезистерімен әлемдік саяси құндылықтар қабатында резонанс тудырды. Яғни, байсалды ислам мен құндылықтарын қайта жаңғырту, әлемдік терроризм мен экстремизмге қарсы жаңа бағыт-бағдар түзеу Салманның негізгі идеялары болып отыр. Осындай саясат аясында 2017 жылы алғаш рет Сауд Арабиясындағы әйелдерге көлік жүргізуге, спорт ойындар мен ерлермен бірге кинотеатрларға баруға рұқсат берліді. Енді бүгін қаншама жылдар бойы қара жамылып жүрген араб әйелдерінің қоғамдық орындарда абайясыз, хиджабсыз жүруіне де рұқсат қарастырылып отыр. Қатаң догматикалық діни идеялардың экспортері болған Саудия үшін бұл батыл қадам. Бұл өзгерістер мен қатар әлемнің діни идеологиялық қартасында да тектоникалық қозғалыстар күтіп тұрғаны сөзсіз. Тек қана реформатор ханзаданың әрқашан абай болғаны абзал, себебі діннің саясиланған түрі мен формасы бүгінгі жер бетіндегі ең қауіпті қару болып отырғаны анық.

Асхат Ахмедияр 
 Дереккөз

Таңбалар: исламмектеп формасыорамалСауд Арабиясыхижап
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Исламиада: Қазақстан 56 медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

Исламиада: Қазақстан 56 медаль жеңіп алды

22.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әділдікті іздеген Мұса а.с.

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00