Дін бір адамның қалауымен, жеке ұстанымымен шешілетін мәселе емес. Дін – Құран мен сүннетке негізделген, мақсаты мен міндеті айқын, тұтас логикалық жүйе. Дін діни мәселелермен қатар дүнияуи мәселелерді шешу барысында байыптылықты, асығыстық танытпауды талап етеді.
Жалпы бұл мәселе бүгін пайда болған, жаңа бір мәселе емес. Орта ғасырлардың өзінде, үлкен ғалымдардың заманында бұл мәселе көтеріліп, солардың тарапынан пәтуасы беріліп қойылған. Сол уақыттан бері бұл мәселе шешімі табылған, мұсылмандар арасында алауыздық тудыратын мәселе емес екендігі анықталған болатын-ды. Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл мәселе қоғам назарын өзіне қайта аударып отыр.
Сөз басында ескерту ретінде, ғалымдар арасында пікір талас тууына себеп болған мәселелерде бір тарапты даттап, оларды бидғатшы санау дұрыс емес екендігін және дұға жасаған кезде екі қолды көтеру жүз шақты хадисте келгендігін айтқымыз келеміз. Сондықтан дұға жасаған кезде қолды жаю ғалымдар арасында пікірталас тудырған мәселе емес. Бұл жерде пікірталас тууына себеп болған мәселе – дұғадан кейін бет сипау. Кейбір ғалымдар мұны жалпы рұқсат етілмен мәселе, орындағаннан орындамаған абзал деген көзқарасты қолдаса, екінші бір ғалымдар әлсіз болса да бірнеше дәлелдері бар және ол дәлелдердің барлығы қосыла келе «хасан лиғаириһи» дәрежесіне көтеріледі. Сондықтан онымен амал еткен жақсы деген пікірмен санасқан.
Біз сол орта ғасырда өмір сүрген, бұл мәселені зерттеп, өздерінің ғылыми нәтижелері мен пәтуаларын берген ғалымдардың сөзімен мақаламызды жалғастырамыз.
Дұғадан кейін бет сипауға қатысты Мұхаммед пайғамбардан () бірнеше хадистер жеткен.
Бетті сипауға қатысты хадистер:
1. Ибн Мәжәһтың Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисінде Пайғамбар ():إذا دَعَوْتَ الله فَادْعُ اللهَ ببطن كَفَّيْكَ ولا تَدْعُ بِظُهُورِهِمَا فإذا فرغتَ فامسحْ بهما وجهَك (ابن ماجه ، وابن نصر عن ابن عباس) «Егер Аллаһқа дұға жасасаң алақаныңның ішімен жаса, сыртымен жасама. Дұғаны аяқтасаң, онымен (алақаныңмен) бетіңді сипа», – деген.
Ғалымдар бұл хадистің дағиф (әлсіз) екендігін айтқан. Себебі хадисті риуаят етушілердің арасында Салих ибн Хассан деген рауи бар. Ғалымдар оны «әлсіз» екендігіне келіскен.
2. Имам әт-Тирмизи өзінің атақты «Сунән әт-Тирмзи» кітабында, имам Хаким ән-Найсабури «Мустадрак» атты хадис жинағы кітабында және имам әт-Табарани «әл-Муғжам әл-аусат» атты хадис жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте:عن عمر رضي الله عنه : أن رسول الله صلى الله عليه و سلم كان إذا مد يديه في الدعاء لم يردهما حتى يمسح بهما وجهه «Аллаһ елшісі егер дұға жасаған кезде екі қолын созатын болса, ол екеуімен бетін сипай кері қайтармайтын» деп келген.
Имам әт-Тирмизи осы хадисті риуаят еткеннен кейін: «Бұл – сахих-ғариб хадис. Оны тек Хаммад ибн Исаның риуаят етуі арқылы ғана білеміз. Оны жалғыз өзі риуаят еткен. Ол болса (яғни Хаммад ибн Иса) хадис аз риуаят етуші рауи. Адамдар одан хадис риуаят еткен», – деген[1].
Имам әс-Санғани «Субул әс-сәләм» кітабында осы хадисті келтіріп, одан кейін былай деген: «Бұл хадисті имам әт-Тирмизи риуаят еткен. Және оны қуаттайтын басқа дәлелдер бар. Соның бір Әбу Дауд және басқалар Ибн Аббастан риуаят еткен хадис. Осы хадистердің барлығы қосыла келе дұға жасағаннан кейін бет сипаудың шариғатта бар екендігіне дәлел бар[2].
Имам Асқалани «Булуғ әл-марам» атты еңбегінде имам әт-Тирмизи риуаят еткен жоғарыдағы хадисті келтіргеннен кейін: «Оның басқа да қуаттайтын дәлелдері бар. Солардың бірі Әбу Дауд Ибн Аббастан риуаят еткен хадис. Осылардың барлығы жинала келе бұл хадистің хасан[3] екендігіне білді
реді», – деген[4].
Хадис саласының үлкен майталманы имам әл-Асқалаәнидің осы хадисті «хасан» деп санауының өзі бұл хадиспен амал етудің ешқандай бидғат емес екендігіне, керісінше шариғатта құптарлық іс екендігіне дәлел болады.
Жалпы бұл мәселеге қатысты біз келтірген екі хадистен басқа тағы бірнеше хадистер және сол хадистер төңірегінде қаншама ғалымдардың көзқарастары мен ойлары бар.
Ынсапты оқырман үшін осы мәліметтің өзі саналы шешім қабылдауға жетер деген сеніммен мақаламызды аяқтай отыра, Жаратушы Иемізден бізді екі дүниеде де Өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етуді жалбарына сұраймыз.
Рашид МҰХИТДИНОВ,
дінтанушы
[1] سنن الترمذي، رقم الحديث 3386.
[2] سبل السلام. محمد بن إسماعيل الأمير الكحلاني الصنعاني (المتوفى : 1182هـ). مكتبة مصطفى البابي الحلبي، 1379هـ/ 1960م. ج 4، ص 219.
[3] Яғни дұға жасағаннан кейін бетті сипауға болатындығын дәлел болатын хадис.
[4] بُلُوغُ اَلْمَرَامِ مِنْ أَدِلَّةِ اَلْأَحْكَامِ. ابن حجر العسقلاني. ج 1، ص 600.