Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еркін ОҢҒАРБАЕВ: Дін туралы заң жобасы барлық тараптардың ұсынысын тоғыстырды

11.12.2017
- Сұхбат
0
89
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Еркін Әнуарұлы, сізді осы­ған дейін заңгер-ғалым және білім беру саласында бас­қарушылық қызмет ат­қар­ған маман ретінде танысақ, бүгінде идеология саласынан көріп отырмыз. Әңгіме басында дін саласындағы өзекті ахуалдарды бір түйіндеп өтсек.

– Рахмет, өздеріңізге мә­лім, министрліктің биылғы қыз­мет басымдығы Дін сала­сын­дағы мемлекеттік саясат тұ­жы­рымдамасын және «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу мен бекітуге дейінгі маңызды жұ­мыстарға бағытталып отыр. Бү­гінде тұжырымдама Мем­лекет басшысының Жар­лы­ғы­мен бекітілді, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жос­пары Үкімет қаулысымен ма­құл­данды. Енді заң жобасы Үкі­мет деңгейінде қаралуда.

Менің өмірлік тәжірибем осы екі үлкен маңызды құжаттың дайындалуына кішкене болса да септігі тиді деп үміттенем. Әрине заң жобасы кең қоғам­дық талқылаулардан, сан алуан апробациялардан өтті, нәти­жесінде көптеген өзгерістер енді және әу баста заң арқылы ше­шімін табуы көзделген бірқатар мәселелер алынып тасталды. Жалпы, заң жобасын әзірлеуде бұл қалып­ты жағдай. Қоғам, басқа да мем­лекеттік органдар тарапынан әзірлену сатысындағы заң жобасына қатысты ұсыныстар көптеп түсіп жатады – оның кейбіреуі қолдау тапса, екінші біреулеріне қатысты пікір қайшылықтары бой көрсетеді. Мәселен, заң жобасының бастапқы нұсқа­ла­рында бүгінгі қоғам үшін өзек­ті болып табылатын екпе, діни неке туралы толықтырулар енгізу көзделген еді. Дегенмен діни бірлестіктер, қоғамдық ұйым­дар мен азаматтық қоғам бел­сенділерінің ұсыныстары негізінде олар алынып тасталды. 

Үкіметке енген заң жобасында қоғам мен барлық мүдделі мем­лекеттік органдардың ұсы­ныстары мен ескертулері көрініс тапты деп толық сеніммен ай­туға болады. Біз осы заң жобасы арқылы мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы өз­ара әрекеттестікті күшейтуді, ел Конституциясында көрініс тапқан зайырлы мемлекет қағи­датын ілгерілетуді және дін са­ла­сындағы мемлекеттің функциясын жетілдіре түсуді мақсат еттік. Осының бәрі, сайып келгенде қоғамдағы тұрақты діни ахуалды одан әрі нығайта түседі. 

Президент: Түрлі дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

23.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты

05.01.2026

– Дін саласына қатысты заң жобасында көрініс тапқан өз­герістер туралы жалпы мәлі­метіміз бар. Десе де, осы заң жобасында көзделіп отырған бір­қатар маңызды өзгерістер туралы айта кетсеңіз?

– Заң жобасында жоспарланып отырған өзгерістер мен толықтырулардың барлығы маңызды. Мәселен, мен дін саласындағы уәкілетті органның діни бірлестіктердің қызметін бақылауын күшейтудің заң жобасында көрініс табуын құп­таймын. Қазақстан қоға­мында діндар адамдар саны жылдан-жылға өсіп отырғанын ескерсек, экстремистік және деструктивті идеялардың насихатталуына, діни өшпенділік пен күш көрсетуге шақыруға жол бермеу үшін діни бірлестіктердің қол­даныстағы заңнамалар мен жарғыларын орындау бөлі­гіндегі қызметтеріне – діни білім беруге, діни әдебиеттер мен БАҚ-та жарияланатын діни материалдардың мазмұнына бақылау орнатуды іске асыру қа­жеттілігі айқын. Осыған орай, салалық заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Сонымен қатар заңнамалық өзгерістер қатарында діни салада жиі пайдаланылатын бірқатар ұғымдарды нақты айқындаудың көрініс табуын өте дұрыс қадам деп білемін. Өйткені термин ұғым­дарды нақтылап алу оларды қолдану практикасында бір­­­ізді түсінуді қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда заң жобасында «діни әдет-ғұрып», «діни рә­сім», «діни жиналыс», «зиярат­тау», «діни әдебиет» және «ді­ни мазмұндағы ақпараттар» түсі­ніктері кеңірек ашылды. Сонымен қатар «тәкфіршілік» пен «жихадшылық» көріністерін  қамтитын «деструктивті ағым», «радикалдық діни ағым» тәріз­­ді ұғымдар айқындалып, анық­тамасын алып отыр.

– Қазіргі таңда БАҚ бет­терінде дәстүрлі емес ислам­дық ағымдардың идеяларын ұста­нушылардың мешіттерде дөрекілік көрсетіп, мешіт имамы мен жамағаттың шырқын бұзатын деректер бар деген ақпараттар оқта-текте көрініс тауып отырады. Заң жобасында осы мәселенің реттеу жолдары бар ма?

– Шынында, деструктивті діни ағымдардың теріс идеяларын ұстанушылардың ме­шіттерде өтетін діни рәсімдер мен жоралар барысында өздерін өте дөрекі ұстайтынын, мешіт имамдарымен сөз таластыратынын, жамағаттың шырқын бұзып, намаз ортасынан басқаларды баса-көктеп шығып кететінін жұртшылық көріп те, айтып та жүр. Әрине мемлекетіміздің зай­ырлы қағидатына сәйкес бұл мәселенің мемлекетке еш қатысы жоқ тәрізді болып көрінуі мүмкін. Десе де, мемлекет бүкіл ел аума­ғындағы қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуының кепілі ретінде бұл мәселеден өзін шет ұстай алмайтыны тағы да анық.

Біздің бұл мәселедегі ұс­та­нымымыз айқын: заңды түрде тіркеліп, қызмет атқа­рып отырған барлық діни бір­лес­тіктер мемлекеттің қор­ғауын­да болады. Мәселен Қа­­зақ­­­стан мұсылмандары діни бас­қармасының барлық мешіт­терінің ішкі ережелерінде ғи­мараттағы тәртіптің сақталуын міндеттейтін талаптар бар. Егер жоғарыда айтылғандай дәстүрлі емес исламдық ағымдардың идея­ларын ұстанушылар мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, дөре­кілік көрсететін болса, мешіт имамының полицияға жүгінуіне толық еркі бар. Осы орайда заң жобасында ішкі істер органдарына деструктивті діни ағымдардың ұстанушыларына қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауға жағдай тудыратын әре­кеттерге бармау керектігі туралы рес­ми ескерту жасау құзыретін бе­ру қарастырылғанын айту керек.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Елдің әлеуметтік дамуына 300 мың волонтер мен 23 мыңнан астам ҮЕҰ тартылған

26.01.2026
Сұрақ-жауап

Жасаған жақсылықты міндет қылу дұрыс па?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәубе мен дұға

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Елдің әлеуметтік дамуына 300 мың волонтер мен 23 мыңнан астам ҮЕҰ тартылған

26.01.2026
Сұрақ-жауап

Жасаған жақсылықты міндет қылу дұрыс па?

26.01.2026
Түркия Сирияға 11 гуманитарлық жүк көлігін жіберді
Жаңалықтар

Түркия Сирияға 11 гуманитарлық жүк көлігін жіберді

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00