Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Періштелер ұялған сахаба

24.11.2017
- Ғибратты әңгімелер
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Айша анамыз мына оқиғаны баяндайды:

Бір күні Алланың елшісі (с.ғ.с) жастыққа жанбастап жатқан болатын. Оның көйлегінің етегі көтеріліп, тізесі көрініп қалды. Бір уақытта Әбу Бәкір мен Омар екеуі келіп, ішке кіруге рұқсат сұрады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) сол қалпында жатып, оларға кірулеріне рұқсат берді. Кейін Осман да келіп, кіруге рұқсат сұрады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) отырып, көйлеген дұрыстады.

Олар шығып кеткен соң Айша анамыз:

– Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Әбу Бәкір мен Омар келген уақытта сол қалпыңызда жаттыңыз. Көйлегіңізді кейін Осман кіргенде дұрыстадыңыз ба? – деп сұрайды.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Алланың елшісі (с.ғ.с):

«Періштелер  ұялатын адамнан мен ұялмаймын ба?» – деп жауап береді (Мүслим).

 

Әңгімеден алатын пайдалы сабақ:

Иманы бар адамның ұяты бар. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Ұят – иманнан», – деп айтқан (Бұхари). Адамның бойында ұяттың болуы иманның кемел де толық екендігін көрсетеді. Қазақ мұндай адамды – иманды, инабатты, көрегенді және көркем мінезді деп жатады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «ұят» қасиетін суреттеп, Айша анамызға былай депті:«Ей, Айша! Егер ұят – адам болса, әлбетте, ол – ізгі адам болар еді. Ал, егер арсыздық адам бейнесіне енсе, әлбетте, ол жаман адам болар еді». Негізінде ұят үш түрлі болып келеді екен.

Біріншісі, Алладан ұялу:

– Алла қайтарған нәрсесін істесем, Алла мен көреді ғой деп ұялу;

– Алланың бұйырған нәрсесін істемей жатсам оны Алла біледі ғой деп ұялу. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Үмбетімнің ішінде ең мейірімдісі – Әбу Бәкір. Аллатың дініндегі ең қатаң мінездісі – Омар. Ал ең ұялшағы – Осман», – деп айтқан (Әһлу сунан).

Екіншісі, адамдардан ұялу.

Басқаларға жәбірлік көрсетпейді, адамдардың алдында теріс қылықтарды жасауға ұялады. Қоғамда, халық арасында, ағайын-туыс арасында орындалуы ұят болып қалыптасқан әдептілік нормаларын сақтайды.

Үшіншісі, адамның өз-өзінен ұялуы

Бұл мінез-құлықтың тазалығын білдіреді. Кім жақсы мінезге ие болса, ұяттың осы дәрежесіне жетеді. Жоғарыдағы әңгімеден көргеніміздей хазіреті Осман (р.а.) осы ұяттың барлық мәртебесіне жеткен адам. Себебі, мұны пайғамбардың (с.ғ.с.): «Періштелер  ұялатын адамнан мен ұялмаймын ба?», – деп растап отыр.

Ұятты адам – арлы адам. Ұяты бар адамға басқалар сенеді, оның жақсылығына арқа сүйеді. Ұят деген ізгі қасиет адамға тек жақсылық алып келеді. Мұны пайғамбардың (с.ғ.с.) мына сөзімен де растауға болады: «Ұят – тек жақсылық әкеледі» (Бұхари, Мүслим).

Ибн Омар бір сөзінде былай деп айтқан екен: «Ұят пен иман бір-бірімен байланысқан қосынды. Егер олардың біреуі кетсе, онда екіншісі де кетеді». Демек, ұяты жоқ адамның  иманы мол деп айту қиын. Адам жүрегіндегі иманының мөлшерін оның ұятты қылық жасап, жасамауынан білуге болады екен.

Әрине, ұят – адамда болуы қажет көркем мінез. Өйткені адам ұялғандықтан бойындағы кемшіліктерін түзейді, оларды көркемдеуге тырысады. Жалпы адамның діні мен ахлағы бұйырғандай амал етуі нәпсіні тәрбелейді, әрі жақсы амалдарға жұмсап, ұятты оятады. Ұятты адам қолынан келгенше тілді жалған сөзден, ғайбаттан, өсек тасудан, құлақты жаман сөздер тыңдаудан т.б. ағзаларын харамнан сақтауға тырысады. Қазақ «Өлімнен ұят күші», деп бекер айтпаса керек. Ұят, ар-ождан, намыс деген сияқты қасиеттер ер адамды ер етіп, әйел затын көркемдей түсетін көркем мінез екеніне дау жоқ.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Бөлісу29Твитерге18Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғалым ЖҮСІПБЕК: Терроризмді исламның бұрыс тәпсірі деуге де келмейді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00