Жүрекке жайғасқан сенімге үнемі сақ болу қажет. Жүрек мың құбылмалы болғандықтан араптар «қалб» деп атаған. Қалб – құбылып тұрушы деген етістіктен туындайды. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұдайы: «Уа, қалбтарды құбылтушы жүрегімді дініңде берік ет» деп дұға ететін. Пайғамбардың бұл дұғасын естіген сахаба Анас бин Малик (р.а.): «Уа, Алла елшісі! Расында біз сізге және сіз әкелген дінге иман еттік. Сонда да біз үшін алаңдайсыз ба?» деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, расында жүректерді Рахман Алла қалауынша құбылтады[1]» деген екен.
Иман дегеніміз не? Иман мен амалдың ара-қатынасы қандай? Пенде нәпсіге еріп істеп қойған күнәсі иманынан айырады ма? Осы ақидаға қатысты мәселені талқылап көрелік. Бақара сүресінде: «Сонау заманда Ибраһим: «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. Алла Тағала: «Маған сенбейсің бе?»,-деді. Ибраһим: «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын, деді…[2]». Ибн Касир тәпсірінде осы аят жайлы: ғұламалар Ибраһимнің (ғ.с.) бұлай мінәжат етуіне бірқатар себептерді тізбектеп келтірген. Соның бірі патша Намруд «тәңірмін» деп айтқандықтан Халилулла (ғ.с.): «Менің Раббым тірілтеді және өлтіреді» деп жауап берген» дейді. Ибраһим неге бұлай мінәжат етті? Себебі, иманда «илмул яқиннан» яғни, біліммен танудан «айнул яқин», көзбен көріп тану мәртебесіне көтерілуді қалады. Әбу Һурайра (р.а.) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Біз Ибраһимнен де көбірек күдіктенеміз. Ол кісі: «Раббым! Сен өлгендерді қалай тірілтесің?» деп сұрағанда, Алла Тағала: «Сен сенбейсің бе?» деді. Ибраһим: «Сенемін, бірақ жүрегім орнықсын, деп едім[3]» деген.
Әрине, Алланың досы Ибраһим (ғ.с.) иманында зәредей де күдік болмады. Ал, сіз бен біздің жүрегіміздегі иман тосыннан болған әрбір жайтта сыр беріп жатады. Қаншалықты құлшылық етсек те кейде күдікке бой алдырып жатамыз.
Ендеше, иман не? Имам Ағзам «әл-Уасия» кітабында: «Иман тілмен айту, жүрекпен растау. Тек тілмен айтып қою иманға жатпайды. Егер адам тілмен ғана иманды болатын болса, мұнафиқтардың барлығы да мұсылман саналатын еді. Сондай ақ, тек білумен, яғни тек танумен иманды бола алмайды. Танумен мұсылман болатын болса, кітап иелері де мұсылман есептелетін еді. Құранда мұнафиқтар жайлы: «…Сондай ақ, Алла тағала расында мұнафиқтардың анық өтірікші екендігіне куәлік етеді[4]», делінген. Яғни, олардың иманға қатысты айтқан сөздері жалған. Ал, кітап иелері жайлы: «Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммедті (с.ғ.с.) ұлдарын танығандай таниды…[5]» делінген. Демек, кітап иелері біздің пайғамбарды (с.ғ.с.) анық танып тұрса да тілдерімен оны мойындамады. Аяттың мағынасы: кітап иелерінің тек Алла Тағала мен Оның елшісін танып қана қоюлары ешбір пайдасын бермейді. Сондықтан, жүрекпен растау және тілмен айту екеуі қатар жүруі қажет» деп жазады.
Басым ғұламалар иман жүрекпен растау деген тоқтамға келген. Ал, тілмен айту адамды бұл дүниеде мұсылман деп тану үшін және оған шариғат үкімін орындату үшін қажет. Өйткені жүректегі жасырын иманды тек тілмен білдіруге болады. Ал, жүрегімен сеніп, бірақ тілімен айтпаса, бұл дүниеде шариғат бойынша мұсылман деп саналмаса да, ол Алла Тағала құзырында мұсылман. Керісінше тілімен айтып, бірақ жүрегімен сенбесе ол екіжүзді болғаны. Міне бұл анықтаманы Әбу Мансур әл-Матуриди берген.
Усама бин Зайд (р.а.) басынан иманға қатысты бір оқиға өтеді. Сахаба бұл жөнінде былай әңгімелейді: Алла елшісі (с.ғ.с.) Жуһайнаның бір руына жіберді. Біз шайқасып жеңдік. Олардың біреуі байқамай біздің адамымызды өлтіріп қойды. Мен бір ансарлықпен оны қуып жеттік. Сонда әлігі: «лә иләһә илла Алла» деді. Ансарлық тиіспеді, ал мен найзамен оны түйреп алдым. Ол өлді. Біз кері қайтқанда осы жайт Алла елшісіне (с.ғ.с.) де жетіпті. Сонда маған: «Ей, Усама! Ол «лә иләһә илла Алла» дегеннен кейін өлтірдің бе?» деді. Мен: «Уа, Алла елшісі! Ол қарудан қорыққандығынан айтты» дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Оның жүрегін жарып көрдің бе?» деп қатты айтты. Ал, Усаманың (р.а.) әз-пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүрегінен алған орны бөлек еді.
Демек, жүректегі иманды анықтау бізге міндет емес. Өзін мұсылманмын деп таныстырған адамға намаз оқымайсың, ораза тұтпайсың мұсылман емессің деп айтуға ешкімнің ақысы жоқ. Ешкім біреуге намазы мен оразасы үшін есеп бермейді. Есепті алушы – Алла.
Руслан ҚАМБАР,
исламтанушы
[1] Тирмизи
[2] Бақара сүресі, 260-аят
[3] Бұхари
[4] Мұнафиқун сүресі, 1-аят
[5] Әнғам сүресі, 20-аят