Алла Тағала Ибраһим (а.с.) туралы Құранда өте көркем сөздермен атайды. Мәселен, «дінге берік», «Алланың досы», «өте сабырлы», «шыншыл», «ізгі», «таңдаулы» деген сипаттарды кездестіруге болады. Мұндай сипаттарға лайықты болу үшін Алла Тағала оны өзге пайғамбарлар көрмеген қиыншылық-сынақтардан өткізген. Атап кетер болсақ, жастайынан халқын тура жолға шақырамын деп отқа тасталған. Бұған қоса, оның Азар есімді әкесі халық табынатын пұт жасаушы қызметкер болған. Қарттық келіп қартайғанда ұлды болып, ұзақ күткен тұяғын өз қолымен бауыздауға (құрбан етуге) бел буған болатын. Сонымен қатар, бауыр еті Исмайл мен әйелі Ажарды шөл далаға, егіні мен суы жоқ алқапқа, ит байласа тұрмайтын жерге алып барып тастаған. Бұдан бөлек, халқына дін таратамын деп, қаншама машақатты бастар өткізген бірден бір пайғамбар. Осындай қиыншылықтардан сүрінбей өткендіктен Алла Тағала оны өзіне дос тұтып алған болатын: «وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلًا» – «Алла Тағала Ибраһимды (а.с.) дос тұтты».
Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында Ибраһим (а.с.) пайғамбар туралы баяндар кезде «Ислам» сөзін онымен байланыстырып отырады. Мәселен, «Бақара» сүресінің 128 аятында: «رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ» – «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушылардан қыл, ұрпақтарымызды да өзіңе бой ұсынушы бір үммет ете гөр» (аяттағы «бойұсыну» сөзі араб тіліндегі «мұсылман» сөзінің мағынасына саяды), сондай-ақ, аталмыш сүренің 131 аятында: «إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ» – «(Алла Тағала Ибраһимге) Бой ұсын!»,- деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббысына бой ұсындым» деді», «Хаж» сүресінің 78 аятында: «مَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ ۚ مِّلَّةَ أَبِيكُمْ إِبْرَاهِيمَۚ» – «(Алла Тағала) Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһимның (а.с.) жолы» .
Әсілінде, Исламның негізгі деген 5 парызы бар екені белгілі. Олар: Шахада (куәлік ету), намаз, ораза, зекет және қажылық. Бұл жайында ардақты Мұхаммед (с.а.у.) хадісінде былай деген: «Ислам бес негізге құрылған: Шахада (Алла Тағаладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Алла елшісі екендігіне куәлік ету), намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан оразасын». Бір қызығы, осы бес парызды жіті зерттер болсақ, олардың барлығы дерлік Ибраһим (а.с.) пайғамбармен тікелей байланысты екенін ұғынамыз. Ендеше, осы байланыстарға толығырақ тоқталып, Ибраһим (а.с.) пайғамбардың біздер үшін қаншалықты маңызды тұлға екеніне көз жеткізейік.
1) – Шахада
Құранның негізгі мазмұнында көтерілген басты тақырыптардың бірі – таухид ілімі, яғни, Алланың бірлігін дәріптейтін аяттар. Осындай таухидті адамзатқа жеткізу Алла тарапынан барлық елшілер мен пайғамбарларға жүктелген міндет болып табылады. Сол секілді Құранда Ибраһим (а.с.) пайғамбар айтылғанда міндетті түрде ол өз қауымына Алланың жалғыз екенін және Аллаға ғана құлшылық ету керектігін ескерткен тұстарын байқауға болады. Бұл өз кезегінде Ибраһимның (а.с.) таухид ілімін халқына дәріптеп, ширк (Аллаға серік қосу) амалдардың алдын алуға ықпал еткенін келесі аяттарда көруге болады. Мәселен, «Анам» сүресінде пұтқа табынған әкесіне ол былай дейді: «وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً» – «Ей, Әке, пұттарға Құдай ретінде табынасыңдар ма?», деді. Бұған қоса келесі «Әнбия» сүресінде: «أَفَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُكُمْ شَيْئًا وَلَا يَضُرُّكُمْ (66) أُفٍّ لَكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَفَلَا تَعْقِلُونَ» – «Сендер Алланың орнына өздеріңе ешбір зиян да пайда да тигізе алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?. Алладан өзгеге табынуларың қалай? Ақылға келмейсіңдер ме?», сондай-ақ, Ибарһим (а.с.) ширк амалынан қаншалықты алыс болғандығы туралы Мұхаммедттің (с.а.у.) тілімен былай баяндалады: «قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ دِينًا قِيَمًا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ» – «Расында, Раббым мені тура дінге, Ибраһимның (а.с.) жолына салды. Ол (Аллаға) серік қосушылардан емес еді». Осындай аяттардың мазмұны Ибраһимның (а.с.) ширк амалдарынан қаншалықты алыс екендігін әрі Алланың жолында халқын таухидке шақырғандығын аңғаруға болады.
Сонымен қатар, барлық кітап түскен (иудей, христиан, ислам) діндердің тұжырымдамасы бойынша Ибраһим (а.с.) пайғамбарлардың атасы және ол монотейстік діннің негізін салушы болып саналады. Демек, Ибраһим (а.с.) Алланың бірлігін дәріптеген әрі өзге пұттарға табынудан тыйған ең үлкен пайғамбар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл дегеніміз шахада, яғни, «Алладан басқа тәңір жоқ» деп куәлік етудің негізі сонау Ибраһим (а.с.) пайғамбардан басталғанын білдіреді.
2) – Намаз
Кез-келген мұсылман үшін намаз құлшылығының өмірдегі орны ерекше болу керек. Себебі, намаз арқылы пенде Жаратушымен күнделікті байланыста болып отырады. Сондықтан, бес парыздың екінші қатарда намаздың тұруы да бекер емес-тін. Өйткені, Абай атамыз айтып кеткендей: «Әрбір адамға – иман парыз, имандыға – құлышылық парыз» деп, Алланы бір деп таныған адам оған құлшылық етуі тиіс болады.
Ал, Ибраһим (а.с.) пайғамбар намаз құлшылығына қатысты да Құранда ескеріліп кеткен. Мәселен, «Ибраһим» сүресінің 40 аятында: «رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ» – «Раббым! Мені және ұрпақтарымды намазды толық орындаушылардан қыл! Раббым! Тілегімді қабыл ет!». Бұл аяттағы «ذُرِّيَّةٌ » – «зуррия» сөзі қазақ тіліде «ұрпақ» деген мағынаны білдіреді. Құранда Ибраһим (а.с.) дұға еткенде қашанда ұрпағын қосып дұға ететін болған. Яғни, Ислам діні Ибраһим (а.с.) пайғамбардың баласы Исмайлдан (а.с.) бері тікелей Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға түскен. Ал, оның екінші ұлы Исхақ (а.с.) пайғамбардан Иақуб (а.с.), Жүсіп (а.с.), Дауд (а.с.), Сүлеймен (а.с.), Мұса (а.с.), Иса (а.с.) секілді пайғамбарлар тараған. Жалпылама айтқанда, аталған Ибраһимның (а.с.) ұрпақтары үшін намаз құлшылығы тансық емес еді. Себебі, дұғаның мазмұнында олардың намаз құлшылығына деген құлшыныстарын байқауға болады. Осылайша, аталған дұға қабыл болып, намаз құлшылығы біздерге дейін жеткенін аңғарамыз.
3)- Зекет
Ибраһим (а.с.) пайғамбардың Исмайл және Исхақ деген екі ұлы болды. Ол екеуі екі анадан туылған және сәйкесінше әкесінің дінін ұстанған пайғамбарлар еді. Демек, олардың діндегі ұстазы – Ибраһим (а.с.).
Алла Тағала қасиетті кітабында «Марям» сүресінде Исмайл (а.с.) туралы айтарда былай дейді: «وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِسْمَاعِيلَ إِنَّهُ كَانَ صَادِقَ الْوَعْدِ وَكَانَ رَسُولًا نَبِيًّا (54) وَكَانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُ بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ وَكَانَ عِنْدَ رَبِّهِ مَرْضِيًّا» – «(Мұхаммед (с.а.у.), Құрандағы Исмайлды (а.с.) еске түсір. Расында ол уәдесіне берік әрі елші, пайғамбар болатын. Ол отбасына намаз бен зекетті орындауды бұйыратын еді». Бұл аяттан байқағанымыздай Исмайл (а.с.) әрдайым намаз оқу мен зекет беруді отбасына үйретіп отырған. Яғни, ол намаз бен зекетті беруді тек әкесі Ибраһимнен (а.с.) ғана үйренгені айтпасада белгілі. Себебі, ол уақытта әкесінен басқа Алланың дінін, намаз бен зекет құлшылығын үйретуші ешкім болмағаны айдан анық. Осыдан шығатын қорытынды зекет беру парызы да тікелей Ибраһим (а.с.) пайғамбарға барып тірелетінін көруге болады.
4) – Ораза
Оразаның Ибраһим (а.с.) пайғамбармен байланысын білу үшін біз алдымен одан тараған ұрпақтарды нақтылап алуымыз керек. Оның үлкен ұлы Исмайлден (а.с.) Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға дейін арада ешбір пайғамбар болған емес. Яғни, Мұхаммед (с.а.у.) Исмайлден (а.с.) тараған соңғы пайғамбар екеніне исламның тарихи деректері куә бола алады. Бұл сөзімізді кеңінен түсіндіру үшін «Бақара» сүресінің мына бір аятына зер салайық: «رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ» – «Раббымыз! Біздің ұрпағымыздан Сенің аятыңды оқитын, Кітабыңды әрі үкімдеріңді үйрететін және олардың бойларын тазартатын өздерінің арасынан болған елші жібергейсің!». Бұл дұғаны Ибраһим (а.с.) қасиетті Қағбаны ұлы Исмайл екеуі тұрғызып болғасын айтқан болатын. Аяттағы «Біздің ұрпақтарымыздан» деген сөйлемде Исмайлдың ұрпағынан Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар келгені белгілі. Демек, дұғада айтылғандай, адамдардың бойларын тазарту үшін соңғы елші жіберіліп, сәйкесінше оған Кітап (Құран) пен үкім аяттары түсірілген болатын. Ал, осы үкім аяттары жиналған қасиетті Құран айлардың сұлтаны Рамазан айында түскені белгілі. Бұл жайында «Бақара» сүресінде: «شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنْزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ» – «Рамазан айы ол сондай ай, ол айда адам баласына тура жол және ақ пен қараны ажырату үшін Құран түсірдік», делінген. Ендеше, қазіргі біздің асыға күтетін 30 күн оразамыз, айт мерекеміз бұл – Ибраһим (а.с.) пайғамбардың жоғарыдағы дұғасы қабыл болған күн, десек артық айтпаймыз. Яғни, біздің көзімізді ашу үшін Ибраһимның (а.с.) ұрпағынан адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) Алланың елшісі болып келді. Ол біздерге Алланың үкімдерін әкеліп оқытты, онымен бойымызды тазартумен айналысты.
Бүгінгі таңда қасиетті ораза айы – Құранның адамзатқа түсуімен қадірлі. Бұл өз кезегінде Ибраһимның (а.с.) дұғасы мыңдаған жылдарды артта қалдырып ораза айында тікелей қабыл болғандығын айғақтайды.
5) – Қажылық
Қажылық құлшылығы тікелей Ибраһим (а.с.) пайғамбармен байланысты. Екеуін ажыратып қарауға болмайды. Қасиетті Қағбаның өзін Ибраһим (а.с.) ұлы Исмайл екеуі салғаны белгілі. Бұған қоса, қажылықта жасайтын діни жоралғылардың барлығы оған қатысты. Мәселен, Қағбаның жанындағы «Ибраһим мақамын»-да намаз оқу, бұл жайында: «وَإِذْ جَعَلْنَا الْبَيْتَ مَثَابَةً لِلنَّاسِ وَأَمْنًا وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى» – «Қағбаны адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық және Ибраһимның (а.с.) орнын намаз оқитын жер етіп алыңдар», делінген. Бұған қоса «сафа мен маруа» арасын жүгіріп өту тарихы да Ибраһим (а.с.) пайғамбардың отбасына тиесілі. Бұл жайында: «إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ» – «Әсілінде, сафа мен маруа Алланың қасиетті белгілерінен. Кімде кім қажылық амалын орындайтын болса ол екеуін тауап етсін», делінген. Сондай-ақ, қажылықта құрбандық шалу рәсімі де Ибраһим (а.с.) өз ұлын бауыздамақ болған тарихи негізіне қайтады. Бір сөзбен айтқанда, қажылық амалының барлығы дерлік тікелей Ибраһиммен (а.с.) тығыз байланысты.
Мұхаммед (с.а.у.) пен Ибраһим (а.с.) арасындағы байланыс
Алла Тағала қасиетті Құранда Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға Ибраһим (а.с.) пайғамбардың жолымен жүруге бұйырған. Бұл жайында «Әл Имран» сүресінде: «فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا» – «Ибраһимның (а.с.) жолына еріңдер», деген. Мұндай бұйрық басқа ешбір пайғамбарларға айтылмаған. Себебі, Ибраһимның (а.с.) өмір тарихы Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбармен тікелей байланысты. Мәселен, Құрайш тайпасы да пұтқа табынып, Алладан келген елшіге көптеген қиыншылықтар көрсеткен. Мұндай көрініс Ибраһим (а.с.) пайғамбардың өмірінде де кездеседі. Бұған қоса Мұхаммедтің (с.а.у.) нәсілі Ибраһимның (а.с.) үлкен ұлы Исмайл (а.с.) пайғамбардан тікелей тарағанын ескермей кетпесе болмас.
Сонымен қатар, Алланың елшісі (с.а.у.) өз хадисінде: «Мен Ибраһимның (а.с.) дағуатын (жолын) жалғаушымын», деген. Бұдан бөлек, Мұхаммед (с.а.у.) айт мерекесінде құрбандық шалу рәсімін өз сахабаларына: «Бұл Ибраһим (а.с.) пайғамбардың сүннеті», деп түсіндірген болатын.
Сондай-ақ, Тирмизидің хадис жинағынан келгендей: «Бірде Мұхаммед (с.а.у.) саялап отырған шағында жанына бір кісі келіп: «Ей, көркем жаратылыс иесі!», дейді. Сонда Алланың елшісі әлгі кісіге қарап: «Көркем жаратылыс иесі ол менің атам Ибраһим (а.с.)», деген екен. Және де баршамызға белгілі көкке көтерілген Исра түні Мұхаммед (с.а.у.) көптеген пайғамбарлармен жолығып, олармен жай ғана сәлемдескен болатын. Ал, Ибраһим (а.с.) пайғамбарға келгенде ол: «Үмметіңе менен сәлем айт! Расында жәннәт деген көркем жер, оның су тұщы, жемістері тәтті», деп өсиетін айтқан болатын. Мұндай тығыз байланыс тек Ибраһхим (а.с.) мен Мұхаммед (с.а.у.) арасында ғана кездеседі. Себебі, Мұхаммед (с.а.у.) атасы Ибраһимның (а.с.) жолын жалғастырушы болып саналады. Сол үшін Алла Тағала бүкіл пайғамбарлардың ішінен Ибраһимды (а.с.) дос тұтса, Мұхаммедті (с.а.у.) сүйіктісі етіп таңдағаны бекер емес екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы
7 – тарау. Бақи Падишасы
«…Міне, Елшілер. Олардың кейбірімен Раббың*
тіке сөйлескен, кейбіріне (заңғар биік) жоғарғы дәрежелер
бердік»
Құран, «Бақара» («Сиыр») сүресі.
[*Рабб (арабша.) – Тәңір, Алла, Тәрбиеші, Оқытушы Ие, Ұстаз…]
Бақи Падишасы!
Құранмен бірге көктен түскен қасиетті кітаптар деп саналатын Інжілде (Інжіл ағылшыншасы – «the Bible. The New Testament», орысшасы – «Библия. Новый Завет.»), Зәбүрде (Зәбүр ағылшыншасы – «the Psalter», орысшасы – «Псалтырь»), және Тәурәттә (Тәурәт ағылшыншасы – «the Torah», орысшасы – «Библия. Пятикнижие: Тора») бір ғажайып сырлы Өмір Иесі жайлы мәлімет бар.
Інжіл Ол туралы былай дейді:
«…7. Бұл Мәлікисадық – Сәлем патшасы әрі Ең Заңғар Құдайдың Имамы (Бас Молдасы) еді. Ол Ибраһим (ғ.с. пайғамбар)ді патшаларды қиратып қайтып келе жатқанда кездестірді де оған батасын берді. Сонда Ибраһим Оған әр нәрсесінің 10-нан 1 бөлігін сыйлайды. Әуелі, Оның Есімі – «Жақсылық Падишасы» (арабшалағанда Мәлікисадық: ”Мәлік” – Патша; ”Садық”- Шыншыл, Оң, Дұрыс, Әділ); одан соң – “Сәлем Патшасы”, мұның мәні – ”Бейбітшілік Падишасы”
Әкесіз не шешесіз, шежіресіз, (тіршілік етіп келе жатқан) күндерінің басы мен өмірінің соңы жоқ, Құдайдың Ұлы тәрізді Ол мәңгілікке имам боп қала береді… Оның сонша Ұлылығына сәл ой жүгіртіп көрші…»
(Құлаққағыс ете кету ләзім, «Сәлем» сөзінің өңге де көп Киелі Ұлық мәні бар…).
Бұл – Бақидағы Падиша, мына Ғаламдағы (Жердегі) АллаһТағаланың Бас Имамы, Киелі ғайыптан келген Зор Өмір, адамзаттың тууына Құдайдан келген себепкер деп айтсақ шындықтан қатты алыстамаспыз…
Бұл Бақи Падиша – Мәңгілік Бірлән Ағартушы деп те аталады. Жалпы Оның есімдері көп; тағы бір есімдері – “Көнекөз”, ”Қадым Заманғы”, «Мәңгі Бозбала», «Ежелгі күнді Сұлтан» (”Сұлтан-әл-Қадим”), ал тағы да бір есімі ежелгі бір Шығыс тілінен тәржімалағанда – «Бақи Патша» боп аталады.
1- Ағарту кезінде адамды өз Эгосы ағартады, 2- Ағартуда Имам Мәди ағартса, 3- Ағартуда (Монада яғни Рух энергиясы адамға алғаш рет берілерде) және өзге барша жоғары Ағартуларда ағаруға кандидат алдында Бас Ағартушы ретінде Сұлтан-әл-Қадим ғ.с. тұрады.
Сұлтан-әл-Қадим мекені – Шығыстағы бір тұңғиық тылсым сырлы мекенде. Бұл тұс әлем халықтары аңыздарында түрліше аталады. Оны шынында «Аллаһ Тағала Еркі белгілі Орталық» деп атауға болады… Шығыстың бағзы бір діни аңызы бойынша «Аллаһ Тағала Еркі белгілі Орталық» – ол “Бақ-құт Елі”. Онда Сұлтан-әл-Қадим – ің Кеңесу Ордасы орын тепкен.
Ғалами Ұстаздар адамзатты асаадами (ағылшынша – superhuman, орысша – «сверхчеловеческий») эволюцияға даярлайды… Ғалами Ұстаз (рухани эволюциясы ең мешеу қалған) жануар адамнан қандай озық тұрса, бұл Сұлтан-әл-Қадим рухи эволюциясы жағынан Ғалами Ұстаздардан сондай озық тұр…
Сұлтан-әл-Қадим Ғалами Ұстаздарды Жоғарғы (Ғарыши) Эволюцияға дайындайды…
Ғалами Ұстаздар адамзаттың дамуын көптеген жылдарға алдын-ала болжалдайды деген де жорамал бар: «…Қазіргі ғаламдық күйзеліс(тің келетіні) Иерархияға миллиондаған жылдар бұрын алдын-ала белгілі болатын. Иерархия бұған дайын еді…» (Ғалами Ұстаз … – ның 20-ғасырда, дүние жүзілік соғыс кезінде осы аталған дүниежүзілік соғыс жайлы айтқандарынан).
«Аллаһ Тағала Еркі белгілі Орталық» Рух энергияларымен жұмыс істейді. Рухтың басты қасиеті – Ерік (Бұл біз білетін жігерленген қалау емес). Ерік – адами уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз әрекет етер, кәдімгі адамдық сана мен бөгеттерді танымайтын, олардан жоғары Құдірет.
Рух энергиясын төменгі – физикалық, астрал, ментал – өткізгіштерге (денелерге) тіке беру оларды жағып жіберуге әкелер еді. Сондықтан Монада Эгоны сақтандырғыш ретінде пайдаланып, соңғы арқылы қимылдайды. Эго Монадалық энергия кернеуін керекті деңгейге дейін төмендетіп, төменгі адамға – тұлғаға – қауіпсіз энергия жібереді.
(Рухани) Триада – Монаданың тіке агенті іспетті.
Эго миллиондаған жылдар бойы жетіліп, өз эволюциясын дамытып келеді.
Эволюциялық жолдың соңғы кезеңдерінде Триаданың іске араласуға мүмкіндігі артады. Ол алдымен Эгоны қолдайды, қолпаштайды (2 – ші, 3 – ағартулар) да, кейінірек оны ойран-талқан ғып қиратып, орынын өзі басады (4 – ағарту).
…Рух Энергиясы, Ерік даналық және Рухи Жан әлемдерінен қолданылады.
…Адамдар өз эволюциясы арқылы төменгі патшалықтардың (минералдар, өсімдіктер мен жануарлардың) эволюцияларын алға тартады – яғни, адамзат олардың Киелі құтқарушысы боп табылады. Алайда, жануарларға қысым көрсетіп әрі оларды қырып-жою, қоршаған ортаны ластау арқылы өсімдіктерді тұншықтыру адамдардың осы өз парызын атқаруы боп санала ала ма?.. Қазіргі адамзат, демек, өзінің эволюциялық парыз–міндетін дұрыс атқара алмай отыр…
Мәдени – адам қолында өсірілетін – жануарлар адамдарға жақындығы және қызметі (соның ішінде өз өмірін ас ретінде оларға беретін құрбандығы) арқасында өз эволюцияларын тездетеді… Келесі эволюциялық сатыда жануарлардағы инстинкт интеллектке (зия, ақыл-ойға) орын береді (бұған әлі көптеген миллион жыл қажет). Олар біз тәрізді, парасат иелеріне айналады…
Минерал патшалығына (соның ішінде бағалы асыл тастарға) да, өсімдіктерге (соның ішінде мәдени және хошиісті ароматтыларына) де адамдардың оң, шарапатты рухани әсері зор. 4 – патшалық (адамзат) төменгі 3 патшалық үшін макрокосм боп табылады.
Жануарлардың ағартушысы (рухани жетекшісі) – адамдар (ал өсімдіктер патшалығының ағартушысы – періштелер?). Өсімдіктер патшалығының эволюциясы – өте жылдам дамып келе жатқан эволюция…
Эзотерист адамдар арасында бірте – бірте ет жеуді доғару әдеті де кең таралған. Бұл адамның толық өз еркімен басталатын құбылыс өзі орнығуы үшін бірнеше ай не бірнеше жыл уақытты талап етуә мүмкін. Әуелі етті азырақ пайдалана бастайды; кейін ет жеуді табиғи түрде тәбет тартпауынан доғарады. Жануарларды өлтіруді азайтуы арқылы адамдар өзара қантөгісін азайта алар еді… …Бұл да «Не ексең, соны орасың» дегенге келетін Тағдырдың әділет заңының әрекеті нәтижесінде іс жүзіне асар еді…
5- патшалық – ол Жан патшалығы. Адамдар жануарлардан рухани қалай биік тұрса, адамдардан Жан патшалығы солай биік тұр. Адамзат ағартушысы – Иерархия боп табылады. Иерархия ағартушысы – Аллаһ Тағала Еркі белгілі Орталық десек көп қателеспейміз.
Әлгіректе 8- Ағарту («Ұлы Көш») Ағарғанды Логостық Планнан ары өткізіп Ғарыши Астралдық Планға шығаратыны айтылды. Бүкіл біздің 7 план – физикалық, астрал, ментал, даналық, Рухи Жан, Рух, Логостық пландар – бір ғана Ғарыши Физикалық Планның 7 қабаты (планшасы) боп табылады.
7 бағытта өрбитін Жоғарғы Эволюцияға Ұстаздарды Мәңгілік Падиша даярлайды. (Бұларды бізге белгілі 7 Сәулемен шатастырмау керек). Бұлар: Сәулелер Жолы; Планетарлық Логостар (мектебі) Жолы; Кемел Ұл (Рух) Жолы; Шиғраға Жол; Жерге Қызмет Ету Жолы; Магнетикалық Қызмет Жолы; Күн Логосының Өзі кетіп бара жатқан Жол… Бұл Жолдарға Құранда меңзеу бар (қараңыз: Құран Кәрім, 23 – «Мүминун» – сүресі, 17-аят: «Рас үстеріңде 7 жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз.»)
Планетарлық Логос – Ол Бүтін бір планетаның Парасаты (Ақыл-Ойы) ролін Атқарушы Өмір Иесі. Заңғар Тіршілік. Яғни ондай Өмір Иесі өз Энергиялары арқылы бүкіл бір планетаны – ішіндегі барлық алуандаған тіршілік түрлерімен қоса – барлыққа (болмысқа, тірлікке) келтіріп, эволюциясын алға тартады да жоғарғы рухани кемелдікке жеткізеді.
Сәйкес Логостарды даярлаушы Мектеп, демек, Планеталық Парасаттарды қалыптастырады. Бұл ауыр да өте ұзақ уақыт аралығын қамтитын, әрі рухи асқарлығы біз үшін елестету мүлде мүмкін емес, жаттықтыру боп табылады.
Күн Логосының (Күннің және бүкіл Күн Жүйесінің Бас Рухи Ұстазының) Өзі кетіп бара жатқан Жолға Оның ең сенімді жолдастары мен серіктері жіберілген. Қиындықтары мен бөгеттері айтып жеткізгісіз ауыр бұл Жол Ғарыши Даналық Планына апарады. …Күннің сырлары, Күн Логосының немесе Хелиостың құпиялары телегейтеңіз тұңғиық та өте биік. Ол – «Мәңгілік падишаның» өзінің Ұстазы…
Шығра жұлдызына Жол. Бұл Жолдағылар Ғарыши Ментал Планына барады. Шығраның тіршілік энергиялары бүкіл Күн Жүйесінің – сонымен қатар көптеген өзге шоқжұлдыздардың – эволюциясына ерекше игі әсер етуші рухи импульстардың қатарына жатады. Құрандағы 53-ші «Нәжім» («Жұлдыз») тарауында бұл туралы меңзеу бар: ”Ол сондай Алла – Шығраның Тәңірі”… Кей адамдар тәрізді кей аспан денелері де Алла Тағаланың ақ батасын алған. Мәселен, Шолпан (Құрандағы – Тариқ), Шиғра жұлдызы мен Үркер шоқжұлдызы осылар қатарына енеді…
(Ғарыштағы шоқжұлдыздарды басып өтетін нұр-энергиялар ағыны барша тіршілік себебі боп табылады. …Мұсылмандар «Алла Нұры» дейтін жаңбырдың тасминералдардан өсімдіктерді өндіріп шығаратыны секілді, бұлар да тұтас өмірлерді жоқтан барлыққа әкеледі. Яғни Нұрдан өздікұйымдасу принципі арқылы барша күрделі нәрсе жаралады. Нұр – барша өмір мен байлық кені… Көзге көрінетін жарық – Нұрдың бір түрі. Нұр түрлері шексіз. Нұр – Алланың Сәлемі, сәлемдемесі… Адам – ол да қоюланған Нұр…)
…Ғарыш құрылысы мен Ғарыши эволюция жайлы Жер бетінде ең шыңырау немесе неғұрлым заңғар деңгейде толғайтын ғылыми еңбектер өте сирек. Оларды толық түсіне алу үшін біз, яғни адамзаттың басым бөлігінің өкілдері әлі көптеген миллион жыл бойы дамуымыз қажет…
Ұстаздардың өздері үшін алыстағы рухани эволюциялық меже – мақсат боп саналатын ғарыши орталықтарды мекендейтін Заңғар Өмірлер, Олардың өздерінен де зорырақ, Тіршілікті Олардан да кеңірек қамтитын Ұлы Беймәлім Әуелгі Себептің жолындағы саты рөлін атқарады. Бұл соңғыны, яғни Ұлы Әуелгі Себепке апарар шектеусіз биік сатының (өздеріне таяу) көз ұшында, дамудың алыс көкжиегінде орналасқан Жоғары бір бөлігін Ұстаздар – «Ол Туралы Ештеңе Айтуға Болмайды» деп те атайды… Әзірше, «Ештеңе Айтуға болмайтын»…
Әдебиет:
(қысқартулар: орысша ағылшыннан аударылған – «ор.а.ауд.».)
Қасиетті Құран.
Келесі авторлардың сунна мен хадистер туралы еңбектері (Мұхаммед ғ.с. пайғамбардың айтқандары, мен істегендері туралы ақпар жиынтығы яғни Хадистер): Имам Әл Бұхари («Сахих әл–Бухари»), Имам Термези («Жамиғ»), Имам Әбу Дауд, Имам ән–Насайи («Сунан») Имам Науауйи («Рияд–ус–Салихин»), Имам Ханбал («Муснад»), Имам ибн Маджа, Имам Муслим («Сахих Муслим»), Имам Малик («Муватта»). Едәуірі қазақшаға аударылған.
Осман Нури Топбаш. «Иманнан ихсанға: Тасаууф».
«Заңғар Жандардың хаттары» (ағылшынша, ХІХ ғ. –да жарық көрген).
Гермес Трисмегист. ”Поймандр” (ор.а.ауд.)
Берікбай Мүсірәлі – Телеу. ”Ғаламның ғажайып сырлары”.
Хазрат Инаят Хан кітаптары.
Сопылардың не суфийлердің құпия ілімдері.
Астрал планы, ментал планы туралы кітаптар.
Мұсылманша түс жору кітаптары.
Қарашайық: «Пайғамбарлар дұғасы және Ясин сүресінің қасиеттері».
Ағылшын не түрік тілін білетіндер интернеттен Шейх Назым әл Хаккани (Shaykh Nazim Al-Haqqani), Бава Мұхаэддин (Bawa Muhaiyaddeen), Сиди Мұхаммед әл Жамал аш Шазили (Sidi Muhammad al-Jamal аs-Shadhili) және т.б. сопы рухани тәлімгерлері жөніндегі тиісті сайттардан ақпар ала алады.
Тағы басқа рухи (эзотериялық) дұрыс жолға бастайтын әдебиеттер.
Эзотериялық кітаптарды көбіне авторы не кітап аты арқылы елдердің ең ірі қалаларының кітапханаларынан, сондай-ақ, ол қалалардағы ең ірі кітап дүкендерінің эзотериялық бөлімдерінен не эзотериялық кітап дүкендерінен табуға болады. Сонымен қатар, кей бағалы эзотериялық мәлімет интернеттен де табылады.
Бұл кітапты – “Рух әлемдері. («Мәңгілік бақыттың құпия кілттері. 1 – том.))” еңбегін – автор рұқсатынсыз, мағынасын өзгертпей кез-келген (қырғыз, өзбек, түркімен, араб, парсы, әзірбайжан, түрік, урду, хинди, индонезия т.б.) бөтен мұсылман елі тіліне аударуға болады. Кітаптың 2 – томы да бар. Ол “Таңғажайып Құран” («Мәңгілік бақыттың құпия кілттері. 2 – том.) деп аталады.
Қосымшалар
I қосымша. Терминдік Сөздік.
Ағару – Сананың күрт кеңеюі. Бұның нәтижесінде адам өзіне беймәлім боп келген болмыстың, рухани ахуалдың жаңа сырларын меңгереді. Ағару (ағылшынша – «initiation», орысша – «посвящение») – адамға бұрын табиғаты беймәлім боп келген жаңа Рухи энергиялар мен қабілеттерге ие болуға жол ашатын құбылыс яғни сананың жоғарырақ деңгейге көтеріліп, ерекше кеңеюі құбылысы. Сана кеңеюі – ол көпжақты әрі көпөлшемді құбылыс. Бұл өзгемен қатар, өзгелерді түсіну қабілетінің тереңдеуін білдірсе керек, келесі меңзеу бұл арада көп нәрсені аңғартатындай: тағы бір тұрғыдан алғанда, Өмір ағашы – ол ешкімге қатысты өзім әрі бөтен деп бөлмейтін бүтіндік санасы… Мәселен, адамның өзі ұстанатыннан өзге діндегілердің (ислам, христиандық, буддизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, т.б. тәрізді) аталған өзге дінді ұстанып, Құдайды өз таңдаған дінінің жолдары арқылы тануға ұмтылуына іштей – рухани – рұқсат бере білуі де сана (немесе ой-өрісі) кеңдігіне мысал бола алады… Адамның адамдық ахуалдан асаадамық (хызыри) ахуалға жетуі Ағарулардың тұтас серияларынан (1-ден 4 – және 5-Ағарулардан) өтуі арқылы іс жүзіне асады. Әр Ағару арасында Рухи дамудың белгілі бір сатылары болады.
Ағарған – Ағарудың әлдебір деңгейін алған адам.
Ғалами Ұстаз – Ағарудың бесінші деңгейін алған адам.
Мүрид – Ғалами Ұстаздың тәлімі (оқытуы) мен тәрбиесіндегі шәкірті, үйренушісі.
Тафаккур (Медитация) – «нысаналы-ойшолу». Медитация не Рухи концентрация не рухи ықлас дегеніміз – барша пейіл, сана–сезіміңмен толықтай тек бір–ақ нысанаға ынта қою. Бұл –санаңды тек бір нүктеге ғана бағыттап, бір нүктеге жинақтау арқылы рухи болмысты, Құдайды, өзіңді тануға тырысу. Ұзақ уақыт бойы жүргізілетін жаттығу өзінің жемісін бермей қоймайды. «Медитация деген тек индустардың йогтарына на буддистерге ғана тән, мұсылманға жат нәрсе» деген жаңсақ тұжырым да адамдар арасында кездесіп қалуы мүмкін. Дегенмен, Мұхаммед пайгамбар ғ.с.: «Бір сағаттық тафаккур («нысаналы-ойшолу» яғни, медитация) 70 жыл жасаған құлшылықтан артық», – дегенге мағынасы сай келетін сөз айтқан, дейді хадисші ғалымдар. Сопылар медитациясы – осы тафаккурдің түрлеріне жатады.
Нәсіл – Бұл еңбекте «нәсіл» сөзі «моңғолоид», «еуропоид» т.б. тәрізді қазіргі сыртқы ғылым ұғымында емес, «эволюциялық дамудың белгілі бір сатысын меңгеруші жалпы адамзат» деген мағынада қолданылуда. Әр нәсіл бірнеше миллион жыл бойы дамиды. Қазіргі адамзат 5 – нәсіл болып саналады. Мысалы, ежелгі заманда өмір сүрген бір адамдар нәсілін «3-нәсіл»деп те атайды. Лемурия материгінде өмір сүрген 3-нәсіл бірнеше миллион жыл бойы дамыды…Бұл тым қарабайыр, жануари саналы, ақыл-ой деңгейі қазіргіден мүлде дерлік төмен тіршілік иелері еді… Олардан соң Жер бетінде «Атлант нәсілі» деген атпен белгілі адамзат қоғамы өмір сүрді. Олар бірнеше миллион жыл өмір сүрген соң, бірнеше жүздеген мың жылға созылған су апаттарының тізбегінің (топан су қаптау) нәтижесінде құрып кеткен…
Нышантану – символология (символология, соның ішінде геометрия символдары). Нышантанумен қатар сантану (цифрология) ілімі бар…
Ұлық – әдетте, 6 – шы не одан биігірек Ағару иесі, Нұр Иерархиясы рухи Ұстазы. Бұлар 7 Сәуленің бірінің энергиясын кемел түрде толық меңгерген Рухтар саналады… Планетарлық сызбада бұларға өздері жауапты Сәулені лайықты манипуляциялап, адамзат эволюциясының игілігіне бағыттап отыру міндеті тапсырылған… Сәуле Ұлықтарының саны 7. Мысалы, Ұстаз С… 3 – Сәулеге жауапты, (С… алдында ғасырлар бойы 7 – Сәулеге жауапты болып келген).
7 Медресе – адамзаттың Ғалами Ұстаздары ғ.с. –лар өздерінің дәрістерін жүргізетін әрі оқушылары сапына мүридтер қабылдайтын және оқытатын басты орындар. 7 Медресемен тіке байланысты Иерархияның 7 басты бөлімдері бар.
Дін – адамзатты Құдайға жалғайтын құрал.
Құдси Хадис – АллаҺ Тағаладан Мұхаммед ғ.с. пайғамбарға келген киелі уахи–даналық. Бұл хадисті Мұхаммед ғ.с. өзі айтып кеткен хадистермен шатастырмау жөн.
Сират көпірі – төменгі адам (кәдімгі біз білетін адам тұлғасы, ағылшыншасы – «personality», орысшасы – «личность»)ды оның өзіңің Жанымен әрі Рухымен жалғайтын көпір. Яғни, адам өлгеннен соң оны жаннатқа апаратын өткел. Аман өту – адамның арының тазалығына әрі тағдырлық қарыздарының жоғына байланысты. Адамның (көзі тірісінде өзі жасап, жаттыққан) медитациясының, ізгі істерінің, керекті оқыған рухи еңбектердің көп көмегі тиеді мұнда (аман өтеу үшін).
Мәди не Махди ғ.с. пайғамбар – Ғалами Ұстаздардың яғни, Қызыр ғ.с. пайғамбарлардың Бас ұстазы. Әр ғаламдық дінде кездесетін бір ұлы Құтқарушы пайғамбар ғ.с. – ол негізінде барлық адам үшін біреу – ақ, адамзатқа ортақ тұлға болады, мұсылмандар оны Имам Мәди пайғамбар ғ.с. деп атайды.
Күн жүйесі – Эволюциялық дөңгелектер бойынша сансыз тіршілік иелерінің эволюциясы жүретін (орталығы Күн саналатын) жұлдыз жүйесі. Біз бұның қазір екіншісіндеміз.
Эволюция – бұл сананың қарапайымнан күрделіге, бейкемелдіктен кемелдікке үсті – үстіне даму процесі. Нәтижеде сана үсті – үстіне рухтана береді. Адам эволюциясы 3 әлемде – физикалық, астрал және ментал әлемдерінде – жүреді… Жан патшалығына өту адамға өз эволюциясын келесі 2 әлемде – даналық (немесе Нұр-Мұхаммед) және Рухи Жан әлемдері – жалғастыруға мүмкіндік әпереді… Яғни адами эволюция аталған 3 әлемде өтсе, асаадами эволюция 5 әлемді қамтиды – бұл 5 әлемге физикалық, астрал, ментал, даналық (немесе Нұр-Мұхаммед), Рухи Жан әлемдері жатады.
Адам құрылысы – бұл жеті денеден тұратын болмыс (толық ақпарат туралы осы еңбектің 1- томын зерделеңіз).
Ұмтылушы – бұлай деп қажырлы рухи ізденіс жолындағы адам аталады. Ол Ағару алу үшін Ғалами Ұстаздар мүридтерінің (оқушыларының) қатарына енуге ұмтылушы, үміткер.
Ғұмыр – Адам жанының бір инкарнациясы. Яғни, бітпес, мәңгі өмір тізбегіндегі Жанның физикалық әлем өміріне (яғни, айналамыздағы біздерге жақсы таныс өмірге) бір рет туып, тұлға пердесін жамылып, тәжірибе жиып (яғни, өмір сүріп), одан соң биік өлшемдерге қайта оралуын (ол адамның өлуін) қамтитын процесс.
Патшалықтар – тіршілік иелерінің сана деңгейі бойынша өзара топқа бөлінуін патшалық дейді. Адамзаттың – не адам патшалығының – эволюция сатысында алатын өз орны бар. Адамзат 4-патшалық боп есептеледі. Адамзаттан эволюциясы бойынша 1 cаты төмен 3-патшалық – жануарлар – тұр. Адамдарда физикалық және астрал (сезім) денелерімен қатар ақыл-ой қабілеті болса, жануарларда тек физикалық және сезім денелері жетілген. Интеллект не ақыл-ой оларда өте қарапайым деңгейде, дән деңгейінде ғана – яғни, инстинкт түрінде. 3-патшалықтан тағы бір саты төмен 2-патшалық – өсімдіктер – орналасқан. Бұларда физикалық дене бар, ал сезім денесінің жетілуі өте-мөте қарапайым деңгейде. Мәселен, жануар және адам қиналысты санасымен толық сезінсе, өсімдік олай сезіне алмайды. Өсімдіктерден де 1 cаты төмен деңгейде 1-патшалық – минералдар – жатыр. Бұларда физикалық дене болғанымен, қозғалыс қабілеті жетілудің бастапқы, қарапайым сатысында ғана.
Эйион не эон – Тұтас бір эволюциялық дәуір, кезең. Ұзындығы бірнеше миллионнан көптеген миллиард жылдарға дейін созылуы мүмкін.
Эволюциялық дөңгелектер – адамзат және өңге жанды тіршілік эволюциясы жүретін және ғаламшарлардан тұратын шеңбер.
Элементалдар – санасыз тіршілік иелері. Адамзаттың эволюциялық мақсаты – рухи биік деңгейлерге көтерілу болса, бұлардікі рухи сатылармен төмен құлдилау болып табылады. Яғни, әуеліректе баян болған «1 – сызба: Адамзат эволюциясының жолы» сызбасындағы эволюцияның «төмен – үстіге» екі бағыттын алайық: адамзат мұнда оң тараптағы бағытпен рухи өсіп бара жатса, элементалдар сол тараптағы бағыт бойынша үсті – үстіне тығыз материализм деңгейлеріне беттеп, материалдана түсуде. Элементалдардың бүгінгі күнгі эволюциялық мақсаты осы – олар тығыз материя әлемдерін танып – біліп, сонда тіршілік тәжірибесін жиюлары керек (түсінікті айтқанда инволюция жолы – бұл үсті–үстіне заттана, тығыздана беретін әлемдерге төмендеу жолы). Осы элементалдар рухи эволюция жолындағы адамдарға қарсы бағытта көптеген бөгет жасайды – сөйтіп өздерінің миссиясын орындайды. Элементалдар эволюциялық сатыда адамнан бірнеше эволюциялық дөңгелекке төмен тұр. Яғни, олар адам тұрған саналылық деңгейіне көптеген, тым, тым көптеген жүздеген миллион жылдардан кейін ғана көтеріледі…
IІ қосымша. Ай фазалары (ғаламтордағы сілтемесі беріледі).
IІІ қосымша.
«… Заманалар басында, мәңгіліктен де бұрынырақ Алла Тағала періштелерге: ”Жер жүзінде Халифа (орынбасарымды) жаратамын”, – дейді. Осы сөзді Алла Хақ Тағала айтқан сәттен-ақ көктегі және жердегі, жалпы барша болмыстағы тіршілік иелерінің әрбірі: ‘Алла Тағала халифаны менен жаратар’, – деп өздерін көркемдеп, масаттана-масайрай мәз болысады. Тек Жер ғана: ‘Мен аяқ астында жатқан бір зағип мақлұқпын, қызығып-қуанар ешбір ісім жоқ’, – деп мұңын кімге шағарын білмей, налыпты. Жаратушы Алла Тағала адамзатты топырақтан (Жерден) жаратқан екен…»
(«Қисса сүл Әнбие» (XV ғасырда көне түркі тілінде жарық көрген) яғни «Пайғамбарлар қиссасы» атты еңбектен.)
РУХ ӘЛЕМДЕРІ
(Жалғасы. Басы мына сілтемедегі мақала астындағы Нұр атты аутор комментарийінде: https://kazislam.kz/nazir-degenimiz-ne-ony-barlyk-adam-oryndauy-kazhet-pe/?unapproved=11863&moderation-hash=d007cb72239eda20594bc9b7a9f5908b#comment-11863)

I қосымша. Терминдік Сөздік

НҰР КІТАБЫ: 1 – том. «Рух әлемдері» кітабындағы сызбалар туралы деректі ғаламтордан келесі сілтемелер арқылы алуға болады (тиісті ғаламтор парағы ашылғанда парақтың жоғарғы оң жақ шекесіндегі төмен бағытталған жебеше («стрелка») белгісіне компьютер тінтуірімен («мышка») екі рет басу керек).
https://drive.google.com/file/d/1SAkczBYr9qNTYBKSzuwyOw0wONXZZY3q/view?usp=sharing
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 1 – сызба. АДАМ ҚҰРЫЛЫСЫ.jpg.
https://drive.google.com/file/d/1Fn3Hf1uiaxs2jUjbSsT57kB6o81N9uZx/view?usp=sharing: НҰР КІТАБЫ. 1 том. 2 – сызба. АДАМ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕКЕНІ.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дұрыс дұға жасау әдебі | Қазақстандағы Ислам
Нұр атты автор еңбектерін тереңірек түсіну үшін келесі сілтемені ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/islamny-5-paryzy-ibrahimni-a-s-5-kazynasy/#comment-12368
https://kazislam.kz/nazir-degenimiz-ne-ony-barlyk-adam-oryndauy-kazhet-pe/?unapproved=11863&moderation-hash=d007cb72239eda20594bc9b7a9f5908b#comment-11863
https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540
https://kazislam.kz/rukh-degen-ne-ol-turaly-tolyk-zhaz-an-kitap-tappaj-zh-rmin-islamda-rukh-turaly-ne-ajtady/
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/
https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/
НҰР КІТАБЫ: 1 – том. «Рух әлемдері» кітабындағы сызбалар туралы деректі ғаламтордан келесі сілтемелер арқылы алуға болады (тиісті ғаламтор парағы ашылғанда парақтың жоғарғы оң жақ шекесіндегі төмен бағытталған жебеше («стрелка») белгісіне компьютер тінтуірімен («мышка») екі рет басу керек).
https://drive.google.com/file/d/1SAkczBYr9qNTYBKSzuwyOw0wONXZZY3q/view?usp=sharing
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 1 – сызба. АДАМ ҚҰРЫЛЫСЫ.jpg.
https://drive.google.com/file/d/1Fn3Hf1uiaxs2jUjbSsT57kB6o81N9uZx/view?usp=sharing:
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 2 – сызба. АДАМ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕКЕНІ.
https://drive.google.com/file/d/12TUsJIDo7yzFX7NZxEFB5FmsnhcusrEX/view?usp=sharing
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 3 – сызба. Қарымта заңы механизмі.
https://docs.google.com/document/d/15BW8BbIHYPI8cze8vdUhFvytptL85fNm/edit?usp=drive_link&ouid=117413663904388843918&rtpof=true&sd=true
НҰР КІТАБЫ. 1 том. IІ қосымша. Ай фазалары.