Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбан айтта құрбандықтан басқа қандай іс жасауға болады?

29.08.2017
- Ислам
0
836
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құрбан айт пен ораза айтты тойлау ислам тарихында һижраның бірінші жылында басталған. Анастың айтуынша, Алланың елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенде мәдиналықтар тойлайтын екі күн болатын. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұлар не қылған екі күн?» деп сұрайды. Олар: «Исламнан бұрын осы екі күнде ойнап, көңіл көтеретінбіз» дейді. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Расында, Аллаһ ол екеуін одан да жақсырақ мерекелерге: Құрбан айты мен Ораза айтына айырбастады» дейді. Құрбан айт күні жасалатын амалдарға келетін болсақ:

1 – Құрбан айттың алдындағы күнді арапа күні дейміз. Бұлай аталуының себебі осы күні қажылықтағы кісілер Арафат тауына жиналады. Сондықтан да осы күннің құрметіне халықтың арасында да бұл күн арапа күні деп аталып кеткен. Міне, осы күні таң намазынан бастап балиғатқа толған мұсылмандардың бәрі ташриқ тәкбірін айта бастайды. Себебі Құрандағы Бақара сүресі, 203-аятындағы: «Санаулы (ташриқ) күндері Алланы еске алыңдар!» бұйрыққа байланысты ташриқ тәкбірін айту уәжіп болып бекітілген. Арапа күні таң намазынан басталған ташриқ тәкбірін айту құрбан айттың үшінші күні екінді намазына дейін жалғасып, екінді намазынан кейін тоқтатылады. Сонда осы төрт күннің ішінде жиырма үш намазда айтылуы уәжіп болады. Ташриқ тәкбірі парыз намаздардан кейін бір мәрте айтылады. Айтылуы ер кісіге де, әйелге де уәжіп. Ер адамдар тәкбірді көтеріңкі дауыспен, ал әйел кісілер іштерінен айтады. Айт намазы мен үтір намазынан кейін айтылмайды.  Сол секілді тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де парыз намазынан кейін ташриқ тәкбірін бір мәрте айту уәжіп болады. Намазға кешігіп қосылған кісі де өткізіп алған рәкәттәрін толықтырған соң тәкбір айтады. Намаз аяқталғанда кімнің дәреті бұзылса, ташриқ тәкбірлерін дәретсіз айтуына болады.

Ташриқ тәкбірі:«Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләллаһу Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лилләһил-хамд» деген сөздермен айтылады. Демек Құрбан айт күндері атқарылатын амалдардың бірі ташриқ тәкбірін айту болып табылады.

2 – Айт түнін құлшылықпен өткізу. Әбу Үмама, Алла Тағала оған разы болсын, пайғамбардың былай дегенін айтты: «Кім Алла Тағаладан сауап тілеп, айт түндерін намазда тұрса, жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді».(Ибн Мажә, Сүнен)

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

3 – Құрбан айттың бірінші күні жамағатпен айт намазын оқу. 

4 – Құрбан айттың бірінші күні айт намазға барарда үйден дәм татпай шығып, намаздан кейін үйге қайтып келгенде шалынатын құрбандық етінен піскен тағамнан жеу сүннет. Барида (р.а.) былай деді:  «Пайғамбар (с.ғ.с.) Ораза айтына тамақтанбай шықпайтын. Ал Құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын». (Тирмизи, Сүнән)

5 – Ғұсыл құйыну. Айт намазына барушыға да, бара алмаушыға да ғұсыл құйыну сүннет болып табылады.

6 – Әтір себініп, киімнің ең жақсысын кию. Жәбир(р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) екі айтқа және жұмаға қызыл шапанын киіп шығатын».

7 – Қуанышты болу және мұсылман бауырларын айтымен құттықтау.

8 – Айт күндері өзі және басқалары үшін дұға-тілектер айтып, сауапты амалдарын одан сайын арттыру.

Міне, құрбан айт күні құрбандық шалу және оның еттерін мұқтаж жандарға үлестіруден басқа осындай амалдарды да орындауды естен шығармай, айт күндерін берекелі өткізуге тырысуымыз қажет.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Таңбалар: Алау Әділбаеварапаарафатқажылыққұрбан айтсауап
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанға келесі жылға 4 мың қажылық орны бөлінді
Жаңалықтар

Қазақстанға келесі жылға 4 мың қажылық орны бөлінді

11.11.2025
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Қажылыққа дайындық басталды

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрбандыққа сойылған мал буаз болса, не істеу керек?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00