Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түкіртіп, дем салдыруға бола ма?

22.07.2017
- Сұрақ-жауап
0
813
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дем салу ислам шариғатына жат емес. Ол Пайғамбарымыздың сүннетінен бастау алған. Құранның шипа болып табылатыны жөнінде арнайы аяттар түскен. Пайғамбарымыз өзіне және отбасы мүшелеріне Құран аяттарымен және арнайы дұғалармен дем салған. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың жатар алдында «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін үш реттен оқып, қолына дем салып, жүзін, денесін сипағаны белгілі. Сүннетке сәйкес дем салу мұсылмандар арасында кеңінен тараған. Муслим риуаят еткен Пайғамбарымыздың хадисінде: «Ішінде серік қосу сөздері болмаған дұғалармен емделудің әбестігі жоқ» делінген.

Дегенмен дем салудың өзіндік әдебімен қатар тыйымдары да бар. Дем салу тек Құран аяттарымен және сахих хадистерде келген, шариғатта бекітілген дұғалармен жүргізіледі. Құранда жоқ, шариғатта бекітілмеген мағынасыз сөздерді қолданып дем салу харам деп саналады. Дем салу кезінде Аллаға ғана дұға етіп, жәрдем тілеу қажет.

Құран аяттары мен тиісті дұғаларды білетін әрбір адам өзіне-өзі дем сала алады. Білмеген жағдайда өзгелерге дем салдырудың әбестігі жоқ.Қазақ ілім иесін, Құран сөзін сыйлағандықтан әдетте молдаларға, арабша оқуы бар адамдарға дем салдыруды жөн көреді. Аяттар мен дұғалардың дұрыс оқылуының мәні зор екенін ескерсек, арнайы білімі бар адамның дем салуы шынында да абзалырақ. Ал демнің шипа болмағы – әрине, Алла Тағаладан.

Дем қалай салынады дегенге келсек, Пайғамбарымыз әдетте қолын ауырған жерге қою арқылы дем салған. Кейде қолына дем салып, жүзіне, денесіне сүрткен. Жын иектеген кей адамдардың аузын ашып, үшкіріп, дем үрлеген. Қазақта негізінен үшкіру (дем үрлеу) әдісімен дем салады.

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Ал түкірту – қазақтың төлтума дәстүрі. Қазақта көз тиюді «ит тию» деп атайды, көз тиген балаға түкіріп беретін адамдарды «итке түкіреді» деп атайды. Үлкейгенде итке түкіретін болсын деп, баланың құлағын иттің жүнімен тесіп жатады. Көз тигенде түкірту үшін осындай құлағы иттің жүнімен тесілген немесе назары бар (көзі тиетін) адамдарға апарады. Олар білген дұғаларын оқып немесе өздері білмеген жағдайда арнайы аят-дұға оқымаса да Алланың атымен: «Ағузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастап, түкіріп жатады. Мұндай әрекеттердің шипасы болу-болмауы бір Аллаға аян, дегенмен бұл халықтың шипа табу ниетінен туындаған, исламмен астасып, жалғасып келе жатқан бір дәстүрі болып табылады.

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызыдем салуисламкөз тиюырым
Бөлісу20Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұса а.с не үшін Мұхаммедттің с.ғ.с үмбеті болғысы келді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120895 бөлісті
    Бөлісу 48358 Твитерге 30224
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00