Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Матуриди: дін және ақыл

28.06.2017
- Ислам
0
362
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақыл – адамға берілген аманат. Оны сол Алланың дінін нақылын, алғашқы қалпынан айнытпай ұстап, өзін де адамдығын да сақтау үшін қолдануға берген.  Адамның өмірі, тарихы, тіршілігі, көңіл күйі, аштығы тоқтығы айнығыш. Сондықтан да, ол – ұмытшақ. Алласын да, дінін де ұмытып кете береді. Міне, ақыл таразысы кеше, бүгін, ертең қайда барамын деген сұрағына осы ақыл арқылы тиянақ табады.

Адамда шүбә, күмән мен ой, менмендік, нәпсіқұмарлық табиғатынан бар. Одан қашып құтыла алмайсың. Бұл да – құдайлық сынақтың бір сыры. Ақыл – өлшеуіш. Адамның мақамын, хәлін, ортасын, тарихын, кеңістігін, міндетін, арын, мұратын, ұстанымын, ойын екшеп отыратын осы ақылы. Енді адамның қалбінде (жүрегінде) «үрей мен сенім, қорқу мен үміт» қос жұптасып жаралған. Оның ең абзалы – Алладан қорқу.

Тақуалық деген – ең керемет қасиет. Бірақ, ол да шекпен, ақыл өлшемімен болса деген ислами таным қабаттары бар. Ол калам, фалсафа, ғылым, өнер, музыка т.с.с кете береді. Міне, сондай танымның бір өкілі – Матуриди. Оның дерті нақыл мен ақылды, яғни Алла мен адамды тұтастандыру болатын. Бұл тұтастандыру дін арқылы, яғни жол арқылы жүзеге асады. Матуриди нақылды әрдайым ақылмен, көкірек көздің тиянағымен қабылдау адамның өз табиғатына сай болуы деп тұжырымдайды. Бұл тұжырымы арқылы Матуриди құдайлық хикметтің мәнін ұғындырып отыр. Ол хикмет адам, Алла мына он сегіз мың ғаламды адам үшін жаратқа. Сынақ та адам үшін. Дін адам үшін берілген. Адам еркін, ерікті, белсенді болмыс.

Бұл жолды нақылмен ғана шектеп, адамдық орнын солай сақтағысы келген, адам дін үшін бар немесе дінді адамнан жоғары қойып, адамды енжар, тек орындаушы махлұқ ретінде көргісі келген калам мектептері де бар. Оларды Матуриди дәуірінде «әһлі хадис» немесе «әһлі әсар» деп атайтын еді. Негізі құдайлық хикметке қарап отырсаңыз адам бар болғандықтан да дін бар. Бұл жерде сөз «әһлі асар» мектептері дін болғандықтан да адам бар дейтін танымдағылар туралы болып отыр. Бұлар алдымен нақыл, сосын ақыл дейтіндер. Нақылшылдар, бүгінгі тілмен айтқанда – буквалистер.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Сәләфилік нақылшыл әдістегілер, нақылға ақыл жұмсап керегі жоқ, себебі біз мұны ақылмен біле алмаймыз деген топтар. Бұл мектеп Хижазда Имам ибн Ханбал дәуірінде қалыптасты. Бұлай болуының басты себебінің бірі, оларға дін тілін меңгеру деген қажеттілік болмады. Олар ұстаным ретінде нақылды тек орындау керек деп тапты. Салдарында тақлидке кетіп, енжарлық, ақылдың қажеттілігі, ақыл-қисын, логиканы жоққа шығарды. Салафилік деп алғашқылардың жолын тақлид ету, жолға берік болу ұстанымын басшылыққа алды. Бұл да бір методологиялық шаблон, себебі ұстанымы мен идеясы бар, үдерістерді, құбылыстарды негізге алды.

Ал ислам тарихында «әһлі рай» мектебі, яғни нақыл мен ақылдың тұтастығын, басты ұстаным қылып таңдаған методологиялық шаблон Имам Әбу Ханифа мектебінің ерекшелігі болды. Сол жолды жалғап, теориясы мен методологиясын қалыптастырған Әбу Мансұр Әл-Матуриди еді.

Имам Матуриди «Тәуиләт ал-Құран» атты еңбегінде Құран аяттарын тафсир мен тәуилдің тұтастығы арқылы тану методологиясын қалыптастырды.  Оның айтуы бойынша, ақыл адамға Алланың берген аманаты. Ақыл – жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды, пайдалы мен зиянды айыратын адамның ең басты құралы. Адамның адамдығы сол аманатты, құралды, ақылды өзі қолдануы, ешкімге қолдандырмауы арқылы таразыға тартылады. Сондықтан, Құранда адамның ақылды қолдануы туралы аяттар көп. Егер пайғамбарлар жіберілмесе де адамдар ақыл арқылы Құдайды таба алады. Бұл жерде Аллатануда нақылдың қажеті жоқ деген мағынада емес, ақылдың маңызды қуаты туралы меңзеп отыр. Ақылдың қызметі мен таным негіздеріне «Китаб ат Таухид» еңбегінде керемет түсіндірме жасаған.  Матуридидің Құран мағыналарын түсінуде «тафсир» орнына «тәуил» сөзін қолдануының сыры бар. Себебі, тәуилде ақыл мен нақылдың тұтастығы бар.  Оған қоса, тәпсір және тәуил қатынасы мәтін мен мағына қатынасы сияқты мәнге ие.  Мәтінде (лафз) – риуаят, мағынада – дираят шарты бар. Оның Кұран түсіндіру методы дираят әдісіне негізделген. Матуриди тәуил арқылы лафзға емес, мән-мағынаға яғни, түпнегізге бару екендігін мұрат етеді. Мұндағы ақылдың мұраты адамды жорамал жасауға, мән-мағынаны ұғыну. Себебі Әбу Ханифа фиқһ методологиясында мәтін мен мән қатынасы өте маңызды. Әрбір мәтіннің түсу себептері мен нормалық яғни құндылықтық мәні бар. Матуриди Құран мәтінін тілдік талдау жоққа шығармайды, керісінше, сөз бен мәннің тұтастығын,  ақыл арқылы тануға шақырады. Өйткені діннің негізі нақыл, діни танымның иесі адам, екеуі тұтас болуы шарт. Себебі, нақылда ақылға қайшы ешбір қатпар жоқ.

Матуриди «Тауилат-ал Құран» және «Китаб-ат Таухид» атты еңбектерінде ақли әрекет, яғни ойлаудың өзін, нақылдың яғни уахидің жол көрсетуіне мойынсұну екендігін негіздейді. Расында, адамда білу, тану, сену, мойынсұну және сезіну сияқты ақли әрекет қабілеттері бар. Яғни, нақылға таслимиат та ақылдың әрекеті. Демек, ақылсыз, таслимиатсыз нақылға жүгіну абсурд болмақ. Алланың бар екендігін де ақыл арқылы қабылдаймыз. Сондықтан, рационалды дәлелді тұжырым келтіру ақыл үшін шарт. 

Ақыл заттың ақиқаты туралы ойлау, оның принциптері мен табиғатын тану, сол арқылы қанағат табуда, Жаратылған мен жаралғанның айырмасы мен сырына қанығуда, ең басты орталық. Сол арқылы әлем мен адам, адам мен Жаратушы статусына мән беріледі. Ойбай ақыл шектеулі, оны абсолюттендіру күнә дегендер болған, әлі де бар. Матуриди ақылды ең басты орталық деп отыр. Оны нақылдан, Алланың сөзінен үстем ету емес, керісінше, Аллатанудың құралы деп бағалайды.

Адамның өзіне сенуі мен Аллаға иман етуінде нәзік қатпарлар бар. Расында, өзіне сенбеген, күмәнданып, енжарлыққа салынып, сырға, ақиқатқа ұмтылмаған, ештеңеге құмартпаған адамға нақыл да ештеңе істей алмайды. Адамның ақылды қолдануына кедергі болатын ішкі себептерді Матуриди «шайтанның азғыруы мен айласы» ретінде тұжырымдайды. «Ақыл жаңылады, сондықтан нақылды тура мағынасында түсіну керек» дегендерге Матуриди «Китабу-т Таухид» атты кітабында: «…Ойлаудан қашу – шайтанның ең қатерлі айла шарғысы. Себебі ақылды қолданудан қашқақтайтындардың өздері ұстанымдарын ақыл арқылы негіздейді, түсіндіреді. (Олар ақыл туралы наразылықтарының өзін ақыл арқылы түсіндіріп отыр). Осы құбылыстың өзі оларға ақылдың зәрулігінің шарт екендігін мойындатуға жеткілікті негіз» дейді.

Досай КЕНЖЕТАЙ,

Теология және философия

ғылымдарының докторы 

Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақ неке – болашақ кепілі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00