Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Досай КЕНЖЕТЕЙ: Сопы – Аллаға ғашық адам

01.06.2017
- Сұхбат
0
814
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Досай аға, сіз сопылықты зерттеуші ғалымсыз ғой. Жалпы сопы деп кімдерді айтады?

– Шындығында сопылық өте ауыр жол. Сопы деп – Аллаға ғашық адамдарды айтамыз. Алланың барлық жаратқандарына ғашық адам. Қоршаған ортасын, елін-жерін, туған топырағын, отанын, тілін, тегін, ата-бабасын құрметтейтін адамдар сопы болған.

– Абай өзінің қарасөзінде осы сопылықты қатты сынайды ғой.

– Кезінде Шортанбай ақын, «сопылық Алатаудан биік еді. Төбесі көкке оның тиіп еді» дейді. Рас, сопылықты Абай сынады. Себебі, ХІХ ғасырдан бастап сопылық өзіндік мәнінен, табиғатынан ауытқи бастады. Сопылықтың негізі Құран мен сунна. Бұдан алыстаған соң сопылықтың мәні кетеді. Міне, Абайдың сынайтыны осындай кезең еді.

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

Бұл сопылықты Яссауй де сынады. Неге? Себебі, таза сопылық жол – армен өлшенеді.  Дін ғылымында төрт тұғыр бар. Біріншісі, діни тәжірибе, екіншісі діни таным, үшіншісі, діни сана және төртіншісі діни сенім. Исламды қабылдаған мұсылмандардың барлығының діни сенімдері бірдей. Ал діни таным – ол қалыптасады. Сол діни танымды қалыптастыратын діни тәжірибе. Сол діни тәжірибенің мазмұнын қарайтын болсаңыз сопылық бар. Және сопылық құбылыс ретінде бар. Бұның артында Яссауи, оның арғы жағында бес ғасырдай уақыт бар. Қазақтың даласына ислам, әсіресе Имам ағзам Әбу Ханифаның жолындағы ислам сопылық арқылы келген.  

– Осы сопылық жол деп айтқан дұрыс па, немесе сопылық ағым деген дұрыс па? Әлде бұл ілім ба?

– Сопылық – таным. Сопылық – мәдениет.  Оны ағым деп айтуға мүлдем келмейді. Сопылықтың пәлсапасы – нәпсінің тізгіндеп, Аллаға адал құл болу.  

– Бүгінде шынайы сопылықты ұстанып жүргендер бар деп айта аламыз ба?

– Қазір сопы қандай болу керек? немесе кімдер сопы бола алады? деген сұрақ өте өзекті. Сопылық орта ғасырлық шаблондарды аңсау ма, әлде сопылықты бүгінгі күн тұрғысынан діни тәжірибемізге қоса аламыз ба? Бұл тұрғыдан бізге әлі көп уақыт керек. Сондықтан сопылық сыналуы да, сарапталуы да тиіс мәселе.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін осы сопылықты жаңғыртқысы келіп жұмыс жасаған біраз топтар болған. Болған деп отырған себебім, олардың көшбасшылары қазір жоқ. Бірақ мүриттері бар. Олар қазір өте белсенді.

Оларды сынаушылар да бар. Негізі өзін мұсылманмын деп санайтындарды ҚМДБ өз бақылауына алып қолдау көрсету керек. Елімізде ҚМДБ біреу. Бірақ Телебековтің құрып алған Қазақстан Мұсылмандар Одағы да бар. Бұл сыртқы күштердің әсері. Ертең сопыларды да сыртқы күштер бөлек ұйым ретінде қолдап жіберсе еліміздегі діни ала ауыздық сонда болады.

Жалпы алғанда біз тарихымызда бар сопылықтан қаша алмаймыз. Ал бүгінгі сопыларды тәрбиелеу, икемдеу, бағыттау ол дін саясатының жұмысы. Сонда ғана бізде ала ауыздық бітеді. Сонда ғана сопылар да менің мүфтиятым дейді.   

Қазір сопылықты жексұрын қылып көрсетіп қойды ғой.

– Зікір салу дегеніміз Алланы еске алу. Ал бас шұлғып зікір салудың тарихы қай кезден бастау алған.

– Жәһри зікірдің мен білетін 27 түрі бар. Бұл менің білетінім ғана. Әйтпесе, оның түрлері өте көп. Мен оны Түркияда, Ферғанада болғанда біраз зерттедім. Жалпы зікірді тәнді тәрбиелеудің бір техникасы ретінде қарауға болады. Ал басты төрт жаққа қаратып шұлғу, ол төрт әлем. Шариғат, тарихат, мағрифат, ақиқат. Одан бөлек төрт тарапқа қаратқанда «Лә илләһа илалла» деп айтылады. Бұл мұсылманның ұраны. Тура мағынасы «Алладан басқа Тәңір жоқ».

Ортада үш жүз жылдай үзіліс болғандықтан бізге бұл қазір оғаш көрініп жүрген болуы мүмкін. Ал Өзбекстан, Түркия секілді елдерде бұл еш ерсі емес. Зікір – Алланы еске алу, Алламен бір болу деген мағынаны білдіреді. Зікір басқадай мақсатта салынбайды.

Қызылорда өңірінде Әлім руынан шыққандарды барлығы Ақұдайлар дейді. Бұл Ақұдай сөзі де зікірден шыққан. Себебі, кезінде Әлімдер «Хақ Худай» деп зікір салған. Ал Тамалар «Аллаху» деп зікір салған. Қазір Әлімдерді Ақұдайлар деп айтқанмен ол сөздің мағнасын көбісі біле бермейді.

Ал, бас шұлғып зікір салуды нақты мына кезден бастау алған деп дөп басып айту өте қиын. Оған нақты мына кезден бастау алған деп жүргендер өтірік айтады. Себебі, осы зікір туралы ІХ ғасырда Қушари өз еңбектерінде жазған. Демек оның тарихы одан да әріде жатыр деген сөз.  

 Сұхбаттасқан Олжас Сәндібек,

KazIslam.kz

Таңбалар: зікірсопы
Бөлісу20Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Алланы еске алуды тәрк еткен жан

21.02.2022
Сұрақ-жауап

Дене-мүшемен зікір ету дегеніміз не?

07.06.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ораза – ішіп-жеуден ғана тыйылу емес, көңілді кір ойлардан тазарту

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00