Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ халқы ислам дінін не үшін қабылдады?

28.04.2017
- Қоғам
0
431
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір сөзінде Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тегіміз – түркі, дініміз – ислам, кітабымыз – Құран» деген еді. Ұлт көшбасысының осы қанатты сөзінің астарында Алаш жұртының алтын сойы мен рухани ұстанымы айқын көрініс тапқан. 

Арғы бабаларымыз Мөде, Атилла, Естеми, Төныкөк, Білге, Күлтегін және т.б. қағандар мен қылауыздар билік айтқан түркі қауымы (көпшілігі) бір Тәңірге ғана мойынсұнып, ерлігімен төрткүл дүниені тітіреткен, жаны жайсаң, өр рухты жауынгер халық болатын. Еуразия төсінде ат ойнатқан осы халық тарих белесіндегі небір талайлы тағдыр кешулерді басынан өткеріп, соңынан мұсылман үмбетіне айналды. Бұл сөз жоқ Жаббар Хақтың қалауы, яғни, илаһи тағдыр еді.

Хақ-Тағала Құран Кәрімде: «Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа тура жолға салады…» (Ибраһим, 4) деп бұйырады. Яғни, түркі жұртының басым көпшілігінің Хақ дінге мойынсұнуы – Ұлы Жаратушының таңдауы десек асыра айтқандық емес. Өйткені, Алла-Тағала бір қауымға тура жолда болуды жазса, оны ешкім де адастыра алмайтыны хақ. Ал, Жаббар Хақ бір қауымға һидаят (хақ жолы) бермесе, ол қауымды ешқандай бір күш тура жолға түсіре алмайды. Демек, Алаш жұртының Хақ дінмен қауышуы, тылсымнан келген илаһи пәрмен екендігі талассыз ақиқат.

Әсілі, Түркінің қарашаңырағына ие – Қазақ халқы өзін әлімсақтан (анамыздың құрсағында пайда болмастан бұрынғы – рухтар әлемі) мұсылман санайды. Алаштың айбоз ақыны Әбубәкір Кердері:

Уа, зор сүйінші айтпайын,

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Мұсылман болып туғанға.

Ләббәйкә деп рухым,

Хаққа мойынсұнғанға.

Шүкір айттың жарандар,

Жақсы мал шалып құрбанға, – деп жырлағандай Алаш елі өзін рухтар әлемінде түзілген «әл-мисақ» («Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?», – дегенде, олар: «Әрине куәміз» деген») келісімшартынан бері өзін момын-мұсылман деп біледі. Осы себептен де Алаш баласы: «Әлімсақтан бері мұсылманмын» дейді. Ал, бұл діни наным – төл Ханафи-Матуриди ақидасы саналады.

Задында, жаһанды мекен қылған ұлттар мен ұлыстардың көпшілігіне һидаят нәсіп болған емес (нәсіп болғай!). Хақтың назарына ілігіп, мұсылман үмбетіне айналған жұрт мұқым ғаламдағы халықтың ширегін де құрамайды. Мысалы, Құранның тілінде сөйлейтін кейбір араб ұлттары әлі ислам дінін қабылдаған жоқ (Ливан). Ал, түркі қауымы Хақ дінмен хижраның ІІ ғасырынан бастап таныса бастап, Хазария (Х ғ), Қарақан (Х-ХІІІ ғғ) және Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-XIV ғғ) толығымен исламдану үдерісін басынан кешірді. Ғұмырын ат үстінде өткізген осы өр рухты, жауынгер көшпелі жұрттың алтын арқау, күміс жалғауы – Қазақ халқының ислам дінін қабылдағанына бүгінде мың жылдан астам уақыт болды. Әрине, оның тарихи себептері де бар. Десе де, неше мың ұлттар пен ұлыстардың ішінде жеті атамыздан бері мұсылман қауымы болып ғұмыр сүріп келе жатқанымыз үшін әлбетте Жаббар Хаққа «Әлхамдулиллаһ» деп сансыз мақтаулар айтуға тиістіміз деп ойлаймын.

Мұқан ИСАХАН

Таңбалар: Ислам дініМұқан Исахантүркі
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Как принять Ислам и стать мусульманином?
Ислам

Ұлттық сананы қалыптастырудағы діннің рөлі

03.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақ ахун, ишан, әулие деп кімдерді атаған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00