Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сүннеттерді себепсіз тәрк ету күнә саналады ма?

06.02.2017
- Сұрақ-жауап
0
592
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сүннет сөздікте «жол» деген мағынаны береді. Ал ислам шариғатында  «сүннет» деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) парыз бен уәжіптен тыс істеген әрі істеуге ынталандырған іс-амалдары айтылады. Баста Құран кәрім және Пайғамбарымыздың хадистерінде сүннеттің мұсылман өмірі үшін қаншалықты маңызды екені ерекше атап көрсетілген.  Ұлы Жаратқан Құран кәрімде мұсылмандарға қарата: 

«Аллаға және және оның сөздеріне иман еткен үмми пайғамбарға иман келтіріңдер және оған мойынсұныңдар, сонда нағыз тура жолды табасыңдар»,– дейді («Ағраф» сүресі, 158).

«Нұр» сүресінің 54- аятында «..Егер оған (пайғамбарға) мойынсұнсаңдар, тура жолды табасыңдар» делінген. Басқа бір аятта: «Елші сендерге не берсе, соны алыңдар және неден тыйса, содан тыйылыңдар» («Хашір» сүресі, 7) десе мына бір аятта:

 «Егер, Алланы жақсы көрсеңдер, маған бағыныңдар, сонда Алла тағала да сендерді жақсы көреді…» («Әли Имран», 31) деу арқылы Пайғамбарымыздың сүннетін ұстанудың өлшемдерін көрсетіп берген.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Пайғамбарымыз (с.а.с.) да көптеген хадистерінде сүннеттің маңыздылығын былайша атап көрсеткен: «Сендерге мына екі нәрсені тастап барамын. Соларды берік ұстансаңдар, ешқашан адаспайсыңдар. Ол – Алланың Кітабы (Құран) мен елшісінің сүннеті» (Муатта, Қадар, 3) және де:  «Маған бойсұнған, анығында, Аллаға бойсұнған деген сөз, ал маған қарсы шыққан, еш күмәнсіз, Аллаға қарсы шыққанмен бірдей болады» деп аса маңызды әрі айқын өсиет қалдырған (Бухари, Ахкам, 1; Ибн Мажә, Муқаддима, 1). «Менен кейін өмір сүргендер көптеген келіспеушіліктер мен дау-дамайға куә болады. Сендер менің сүннетіме және әділ де тура жолға бастаушы халифаларымның (алғашқы 4 халифа) сүннетінен мықтап ұстаныңдар. Оларға азу тістеріңмен жармасыңдар» деп көрсетіп кеткен (Тирмизи, Илм, 16; Ибн Мажә, Муқаддима, 6. ).

Тағы басқа хадистерде оның сүннетін басшылыққа алмағанның үмбетінен саналмайтындығы, адасушылыққа түсетіндігі жайлы айтылған. Көріп отырғанымыздай, бұл хадистерде айтылған мәселелер аяттарда да кездеседі, сондықтан хадистер – Алла тағаланың да үкімдерін қамтыған дәлелдер болып табылады.

Құран – барша адамзат пен жындар әлеміне ақиретке дейінгі бүкіл заманға түскен иләһи мәңгілік үкімдер мен тәлімдердің қайнар көзі, сүннет Құранды түсініп, жүзеге асырудың жарқын жолы. Өйткені Құранды Пайғамбарымыздан артық түсініп, жүзеге асырған ешкім жоқ. Құранда: «Алла елшісінің бойында сендер үшін көркем үлгі-өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят), – деп Пайғамбарымызды үлгі алуға шақырса, Айша анамыз: «Оның мінезі – тұнып тұрған Құран» демеп пе еді. Ендеше сүннетке мән бермеу Құранға терең бойламауға әкеледі. Демек сүннет – ислам діні деген сөз. Сүннетсіз дін де болмақ емес. 

Алла тағала елшісіне ерекше мәртебе беріп, жүрегін иләһи нұрға бөлеп, оған білмеген нәрселерін үйреткен, сол себепті ол – Құран үкімдері мен Исламның негіздерін түсіндіруші ең бірінші қайнар көз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне үйретілген Құран үкімдерінің нәзік сырларын адамдарға жеткізіп, өзінің керемет мінез-құлығы арқылы адамзаттың көш басшысы болып, олардың жолын нұрға бөледі. Осылайша тура жолдың ең алғашқы ұстазы, адал да турашыл және сенімді жол бастаушы болды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құрандағы үкімдерді талдап-таратып түсіндірген және сахабалар да оны Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түсіндіріп бергеніндей қабылдаған, өйткені оларға Алла тағала тарапынан елшіге мойынсұну бұйырылған.

Негізінде, Пайғамбарымыздың көзі тірісінде Алла тағаланың кітабымен қатар, Алла елшісінің сүннеті бірдей маңызға ие еді. Расулалланың сөздері мен істерін тәрк ету ешбір сахабаның ойына кіріп-шықпаған. Мұсылмандар (Алла мен Оның елшісінің бұйрықтарына бойсұнып) Алланың кітабын қалай қабылдап мойындаса, пайғамбардың сүннетін де дәл солай қабылдаған, өйткені сүннет – Алла мен Оның Елшісінің (с.а.с.) де куәлігімен Құраннан кейінгі екінші қайнар көз. Демек, сүннет жолын ұстану – Алланың сүйспеншілігіне бөлейтін тылсым дүние.

Ғылымдар сүннетті бекітілген сүннет, бекітілмеген сүннет, қосымша сүннет деп үшке бөлген. Бекітілген сүннет (сүннәту муәккәдә) «әс-суннәту әл-һудә», яғни адамды тура жолға бастайтын сүннет санатына жатады. Бекітілген сүннеттерді орындау мол сауапқа кенелтеді. Немқұрайдылықпен немесе әдейі орындамаған кісі ақиретте жазаланбаса да, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатынан мақұрым қалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, мұндай жандарға Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағаты тимейді. Анығында, Алла елшісінің шапағатынан мақұрым қалу – үлкен қасірет. Сүннеттерді өзгертуге келсек, ол – бидғат һәм адасушылық.

Бекітілмеген сүннетті орындау – сауапты іс. Егер күнделікті тұрмыстағы ішіп-жеу, жүріс-тұрыс, киінуіміз бен іс-әрекеттерімізді сүннетке бағыну ниетімен атқарсақ, ол істеріміз ғибадат саналмақ. Міне, осындай күнделікті әдет бойынша атқаратын істеріміздің өзі сүннет ниетімен жасалғандықтан, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына себепкер болып, берекетке кенелтеді. Өйткені сүннеттің қандай да бір әдебіне сай амал жасау Алла елшісін еске салып, жүректі нұрға бөлейді. Бұл категориядағы сүннеттерді орындамау күнә емес әрі ақиретте жауапқа тартылмайды. Десе де, жоғарыда айтқанымыздай, үлкен сауаптан құр алақан қалып, сүннеттің нұрлы шуағына шомуға бөгет болмақ.

Сүннет жолын ұстанудың ақиретте берер пайдалары да шаш-етектен. Сүннеттің бір мысқал әдебінің өзі өмір жолының небір тар жол, тайғақ кешулерінде мұсылман үшін сәуле шашқан шамшырақ іспетті. Адамды тура жолға бастап, бойдағы асыл қасиеттердің мәнін аша түседі. Қысқа қайырсақ, Пайғамбардың (с.а.с.) нұрлы сүннет жолы – екі дүниедегі бақыттың бастауы һәм адамды кәмілдікке жетелейтін асыл қазына.

Бекітілген сүннетерді себепсізден-себепсіз әрдайым орындамау мәкрух, яғни кішігірім күнә болып саналады. Ал, намаздағы бекітілген сүннеттерді орындамау тахриман, яғни харамға жақын күнә. Сондықтан екі дүние бақытына бастар сүннеттің нұрлы жолын біле тұра ұстанбау имандағы нұқсандықтың белгісі саналмақ.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылықты толық атқару үшін әйелге етеккірді кешіктіретін дәрі қолдануға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00