Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылықты толық атқару үшін әйелге етеккірді кешіктіретін дәрі қолдануға бола ма?

06.02.2017
- Сұрақ-жауап
0
2.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ал енді, қажылық кезінде етеккір көрген әйелдің қажылықтың қай амалдарын орындай алмайтынына тоқтала кетейік. Қажылықтың парыз, уәжіп, сүннет амалдары бар. Мысалы ихрам, Арафатта тұру мен зиярат тауабы парыз амалдардан болса, шайтанға тас лақтыру, құрбандық шалу, сағи жасау, Мұздалифада уақфа жасау, шаш алдыру мен қоштасу тауабын орындау уәжіп болып табылады. Сәлемдесу тауабы мен Минада түнеу секілді амалдар сүннетке жатады. Қажылық амалдарының ішінен тек қана тауаптарда ғана ғұсылдың және дәреттің болуы уәжіп. Себебі тауап та намаз секілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қағбаны тауап ету дегеніміз – намаз. Айырмашылығы, Аллаһ тауап кезінде сөйлесулеріңе рұқсат етті. Кім тауап кезінде сөйлесе, жақсылықтан басқасын сөйлемесін» (Тирмизи) деген. Сондай-ақ қажылық кезінде Айша анамыздың етеккірі келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Қажы кісі істейтін нәрселердің бәрін істей бер және тазарғаныңша Қағбаны тауап етпесең болды»-деген болатын (Бухари).

Сондай-ақ, Айша анамыз Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылығы жайында: «Меккеге келгенде оның бірінші бастаған ісі – дәрет алды, сосын Қағбаны тауаф етті..» деген болатын (Бәйхақи).

Тауаф жасаушының дәреті бұзылса, дәретін жаңартып, үзген жерінен жалғастырады. Ғұсылсыз тауаф жасаған кісінің тауафы дұрыс болуы үшін бір ірі қара (түйе не сиыр) шалуы уәжіп. Кіші дәретсіз тауаф жасаған кісі қой шалуы уәжіп. Алайда қажылықтың кезіндегі тауаптардың өзі үкім жағынан парыз, уәжіп, сүннет болып бөлінеді. Қажы кісі парыз тауапты орындамаған жағдайда қажылығы дұрыс болмайды, келесі жылдары қайта өтеуі керек болады. Ал уәжіп тауапты орындамаса, жаза ретінде қойды құрбандыққа шалуы қажет.

Ал әйел адамға етеккірі келгендіктен уәжіп тауапты орындамаса да, қажылығы дұрыс болып саналады, орнынан қойды құрбандыққа шалуы қажет емес. Ал сүннет тауапты орындамаса, ешнәрсе қажет болмайды. Қажылығы дұрыс деп саналады. Яғни қажылық кезінде әйелге етеккірі келетін болса, онда парыз тауапты орындай алмай қалуы мүмкін. Ал бұл қажылықтың дұрыс атқарылмауына әкеп соғады. Осының алдын алу үшін дәрігердің кеңесімен әйел етеккірін кешіктіретін дәрі қабылдауына болады. Сондай-ақ қажылық кезінде етеккірі келген әйел әл-Харам мешітіне де кіре алмайды. Себебі, ханафи мәзһабы бойынша ғұсылы жоқ адамның мешітке (белгілі себептердің тысында) кіруіне болмайды.  Ал соншама қашықтықтан осындай қасиеттерді жерге, қажылық амалын түгел орындау үшін келген әйел осындай керемет мүмкіншіліктерді уысынан шығарып алғандай болады емес пе? Сондықтан әйелдердің көбі осы мүмкіндіктен айрылмау үшін дәрі қолданып, етеккірін кешіктіруге тырысады.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу58Твитерге36Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Егер адамның тісінде коронкасы немесе пломбасы болып ғұсыл алатын болса ғұсылы дұрыс бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121088 бөлісті
    Бөлісу 48435 Твитерге 30272
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00