Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ас бергенде қандай тағам түрлерінің болғаны дұрыс?

07.02.2017
- Сұрақ-жауап
0
3.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алдағы уақытта Ақтөбе облысының аумағындағы мешіттерде берілетін тағам түрлеріне шектеу қойылуы мүмкін. Мешіт жанындағы асхана-дәмханаларда аста төк дастархан жасап, артық шығындану шариғатқа қайшы деген имамдар арнайы ас мәзірін бекітуді қолға алды.

–         Қазір садақа мәзірінде құстың сүтінен басқаның бәрі бар десек, қателеспейміз. Бұрын қаралы үйде тек жаназа намазы оқылып, қазан көрші үйлерде көтерілген. Қазір мұның бірі де жоқ. Ең сорақысы, қазалы үйдің қазанын әңгіме ететіндер де кездеседі. Сондықтан садақа мәзірін бір ізге түсіруді қолға алмақпыз. Басты мақсатымыз-қуаныш пен қазаның аражігін ажыратып, халықты ысырапшылдыққа жол бермеуге үндеу, садақа мәзірін мейлінше қарапайымдылыққа негіздеу, – дейді «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан.

Қазір дін өкілдері мешіт ішінде сауалнама жүргізуде. Жұма намазына келген жамағаттан садақа кезінде дастарханда болу тиіс тағамдар туралы пікірлері сұралып жатыр. Сондай-ақ, бұл мәселе әлеуметтік желіде де талқылануда. Әзірге халықтың пікірі екіге жарылған. Бірі садақа дас-тарханында ұлттық тағамдардың болғандығын қалайды. Екіншілері қалтасы көтерген адам қалағанын қоюға құқылы деп санайды. Бұл шараның нәтижесінде алдағы уақытта облыс аумағына ортақ садақа мәзірін әзірлеу жоспарланып отыр.

Айта кетелік, осыдан екі жыл бұрын бұл бастаманы елімізде алғаш болып павлодарлық имамдар көтерген еді. Жергілікті Мәшһүр Жүсіп мешітінің имамдары арнайы ас мәзірін бекітіп, мешіт жамағатына ұсынған. Мәзірде бір ыстық тағам міндетті. Одан бөлек дін өкілдері дастарханға құрт, қоспа, қант, газдалған, газдалмаған су, май, бауырсақ пен шелпек қойылуы керек деп шешкен. Дін қызметкерінің айтуынша, алғашында қарсы болғандар да болған. Алайда мәзірден тыс тағамдарды дастарханға қойғысы келгендер мешіт талабын орындауға мәжбүр болыпты. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?! Сіздің ойыңызша, садақа мәзірінде қандай тағам түрлерінің БОЛҒАНЫ дұрыс? “Керек info” газетінің тілшілері көптің көкейінде жүрген сауалға қатысты қала тұрғындарының да пікірін білген еді.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Садақа мәзірінде қандай тағам түрлерінің болғаны дұрыс?

Ләззәт Баймурзина, зейнеткер:

– Өмір болған соң, барлығы болады. Менің ойымша, өмірден жас кеткен адамдардың садақасына жайылған дастархан аста төк болмауы керек. Қазалы үйдің қайғысын білдіретіндей, суық тартып тұруы керек. Ал 80-90 жастан асып, дүниеден өткен адамдардың садақасының дастарханы барынша жақсы болуы керек. Өйткені ол кісінің бірнеше жыл жинағаны болады деген сияқты. Ал қазір жастар дүниеден өтіп жатқанда, садақасында салат, балық сияқты тағамдар қойылып жатады. Оны өз басым әбестік көремін.

Балкенже Борамбаева, қала тұрғыны:

– Қазір той мен садақаның дастарханы бір болып кеткендей. Тойдың дастарханы бір бөлек, садақаның дастарханы бір бөлек болуы керек. Садақаға барған кезде көріп жүрем, жеміс-жидектерді толтырып, оны сәндеп қойып жатады. Бұл негізі, менің ойымша, дұрыс емес.

Асқар Тәкен, кәсіпкер:

– Садақада шығынданбау керек. Ас мәзірін әркім өзінің мүмкіндігіне қарай, салт-дәстүрден аспай жасауы керек. Бірақ қазір садақаға да неше түрлі дастархан жасайды. Дастарханға тойға қойғандай қылып неше түрлі тамақты қоятындар бар. Бұрындары бала кезімізде халық бес түйір бауырсақпен, қолында бар қаржысымен-ақ садақа жасай беретін. Қазір садақаға барсаң, үлкен тойға барғандай боласың. Бұлай болмайды, әрине.

Ерқос Қалмағамбетов, күзетші:

– Қазір садақада үлкен қылып дастархан жайып жатады. Мен оған қарсымын. Той мен садақа дастархандары бірдей болып кеткендей. Ең бастысы дастарханда бауырсақ, қант, май болса да жетеді.

Базарбай Қаражанов, жүргізуші:

– Бала кезімізде садақада бауырсақ пен май ғана болатын. Ал қазір дастарханда түрлі тағамдар мен қоса жеміс-жидектер қойылатын болып жүр. Қазіргі той мен садақаның дастархандарына ешқандай айырмашылық жоқ. Бұрындары садақада ең бастысы дастарханда ет, бауырсақ, май, тары, талқан секілді тағамдар қойылатын. Менің ойымша бұл дұрыс емес.

Гүлден Баримбетова, қала тұрғыны:

– Садақада қандай дастархан жаю керектігін алдымен молдалардан сұрап жаю керек секілді. Өз ойымды айтатын болсам жеміс-жидектер мен тәтті торттар садақа дастарханында болмауы керек. Әрине, ең бастысы алкогольді сусындар қойылмауы керек. Күнделікті өмірде қандай дастархан жаясың, садақада да сондай дастархан жайылуы керек.

Бөлісу94Твитерге59Бөлісу12Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шымкенттегі «салафиттермен жұмыстың» ерекшеліктері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00