Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәуекел ұғымын қалай түсінеміз?

21.12.2015
- Сұрақ-жауап
0
4.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сауал – өте орынды. Тәуекелдің ақидаға да, иһсанға да қатысы бар. Жалпы, алға қойған арман-мұраттарға қол жеткізуде, тіпті кез-келген қысылтаяңнан жол тауып шығу үшін бір шешімге келіп, тәуекел етуің керек.

Нағында, «тәуекел» деп – алға қойған әрбір ісіңді орындауда батылдық танытуды және оған сеніммен қарай білуді айтамыз. Тәуекелге бел байлай алмау адамды енжарлыққа ұрындырады. Ал, енжар адам батыл әрекет ете алмайды. Әрекеті жоқ адамға берекет берілмейді. Бейнелеп айтсақ, «жүрмегенге жөргем ілінбейді». Әйтсе де, «тәуекел» еттім деп, адамның көзсіз батырлыққа ұрынуына да болмайды. «Тәуекел» әркез ақылға негізделуі тиіс. Бұл туралы Құранда былай дейді:

«Әрбір істе, алдымен адамдармен кеңес, одан кейін шешім шығарып Аллаға тәуекел ет» (Әли-Имран: 1569).

Хақ Елшісі (с.а.у) сахабасына: «Түйені байлап барып, тәуекел ет»деп бұйырған. Яғни, мұсылман адам «тәуекел» деп тау қопармақ болса да, тіпті, тұрмыстық ұсақ мәселелерде де әрбір іс-әрекеті мейлінше ақылға сыйымды болуы керек.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Әсілі, тәуекелге қадам жасамасақ, онда қорқақ болып көрінуіміз мүмкін. Керісінше, ақылға сыйымсыз кейіпте батыл әрекетке көшсек, онда оспадар болып көрінуіміз мүмкін. Ал, қорқақтық та, оспадарлық та мұсылманда жат қылық. Сондықтан, қорқақтық емес байыптылық танытып, оспадарлық емес, батыл да орынды әрекет ете алсақ, шариғат құптаған тәуекел иесі бола аламыз.

Ал, «тәуекелдің» ақидаға қатысты жағын айтар болсақ, пендеге алдағы көрер күні әрдайым көмескі, ғайып, белгісіз болып келеді. Бастаған бір істің нәтижесі немен аяқталатынын дәл болжап біле алмайсың. Сол себепті мұсылман әрбір істе Хаққа тәуекел етеді. Мысалы, Алла Елшісі(с.а.у)алдағы күндердегі көретін рызық-несібе туралы: «Егер сендер Аллаға дұрыс тәуекел етсеңдер, Ол таңертең аш кетіп, кешке тоқ болып ұяларына қайтатын құстарды ризықтандырғаны секілді сендерді де ризықтандырар еді» (Термези, Зүхд, 33; Ибн Мажа, Зүхд, 14) деп өсиет айтады. Яғни, ризық беруші Алланың саған жазған тағдырына разы болып, тәуекел етуің керек. Өйткені, тағдыр – иман шарттарының бірі. Хаққа тәуекел етіп, нәтижесіне (тағдырға) разылық танытсақ, иман шартының бірі орындалған саналады.

Хақ Елшісінің үмбеті атам қазақ та: «Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің, уайым түбі – сор қайғы, құрдымына түсерсің» дейді, кейде ақыр-соңы белгісіз іске: «Нар тәуекел» деп бел шешіп кіріседі. Осы тәуекелшілдігімен бабаларымыз тарих тұғырында өз биігін сақтай білді. Тарих қатпарындағы небір шырғалаңдарда халқымыз «тәуекел деп тас жұтып» шынықты, өсті, өнді, бүйірі тоғайды, байлыққа кенелді, тәуелсіз ел атанды. Себебі, Тәңір-Тағала тәуекел еткен құлдарын сүйеді. 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу118Твитерге74Бөлісу15Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Абай атамыз «иманның тазалығы» деп нені меңзеген?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00