Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шыңғысханның Орталық Азияны жаулау кезіндегі діни саясаты

21.11.2015
- Қоғам
0
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шынтуайтында, Шыңғысханның Батысқа жасаған жорықтарынан бұрын Найман тайпасының билеушісі Күшліктің Шыңғысханнан жеңіліп, Жетісу жеріне үдере көшіп келуімен Орталық Азиядағы саяси һәм діни ахуал күрделене түскен болатын. Шыңғысхан әскері 1208 жылы Ертіс өзенің бойында Меркіт Тоқтабек пен Найман билеушісі Таян ханның баласы Күшліктің біріккен қосынын талқандап, Тоқтабек қаза тауып, Күшлік хан әуелі Бесбалық, сосын Құлжаға беттеп, Қидан патшасынан саяси баспана сұрады. Ал, Қидан билеушісі Жилугу горхан жер-жерден шыққан бүліктерді басу үшін қашып келген наймандардың күшін пайдаланғысы келді. Осыны көздеген Жилугу горхан Күшлікке қызын беріп, оны қару-жарақпен, қаражатпен қамтамасыз етеді. Күшлік болса, Шыңғысханнан қашып Бесбалық, Еміл, Қойлық өңіріне қоныс аударған Найман, Керей, Меркіттерден әскер, ат-көлік жинап күшейе түседі.

Күшлік хан Қидан патшалығының ішінде туындаған 1212 жылғы бұлғақты ұтымды пайдаланып, қарлұқтардың билеушісі Махмұд ханмен бірігіп Жилугу горханды биліктен тайдырады. Қайын атасы мен енесін ордада сый-құрметке бөлеп, негізгі билікті өз қолына алады. Көп ұзамай екі жылдан кейін Жилугу патша қайтыс болып, Күшлік хан Қидан патшалығының жеке-дара билеушісіне айналады. Толық билікке қол жеткізген Күшлік қарлұқтарды, қаңлылар мен ұйғырларды бағындыруға ниеттеніп, оларға қарсы ойран сала шабуылдады. Қаңлы ұлысының орталығы болып келген Алмалық қаласына шабуыл жасап, оның билеушісі Озарды өлтірді. Қашқар мен Қотанға бірнеше дүркін жорық жасап, оларды бағындырды.

Тегінде, наймандар несториан дініне сенетін ел еді. Күшлік хан Жилугудің қызы Хұнхуға үйленгеннен кейін несториан дінінен шығып, бұдда дініне кіреді. Күшлік хан өзі үстемдік еткен жерде мейлінше сорақы діни саясат жүргізіп, халықтың қарсылығына ұшырады. Қидан патшалығының негізгі дені Ислам дініне сенушілер болатын. Ал, Күшлік хан мұсылмандарды «не бұдда, не несториан дініне сенулерің керек» деп мәжбүрлей бастады. Оған мұсылмандар қарсылық көрсетеді.

Даңқты жылнамашы Рашид ад-дин өз еңбегінде осы жағдайдың растығын дәлелдейтін мына бір оқиғаны тілге тиек етеді: Күшлік хан Қотан қаласында барлық діни оқымыстыларды жинап, діни пікірсайыс өткізеді. Пікірталас барысында Күшлік хан сөзден жеңіледі. Бұған қатты шамданған Күшлік хан мұсылмандардың имамы Ала ад-динді өлтіріп, оның басын медресе қақпасына іліп қояды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Қидан патшалығындағы діни ахуал қатты ушығып тұрғанда, осы жағдайды өз пайдасына жаратуды ойлаған Шыңғысхан 1218 жылы Жебе ноянды қолбасшы етіп әскерін Күшлік ханды талқандауға аттандырады. Жетісу жеріне аяқ басқан Жебе ноян бейбіт тұрғындардың бас-амандығына кепіл болатанын, сондай-ақ, мұсылмандарға діни-сенім бостандығын қайтарып беретіндігін жария етеді. Діни теңдікті паш еткен Жебе ноян халықтың негізгі бөлігін өз жағына шығарып, Күшлік ханның әскерін тас-талқан етеді. Қашып құтылмақ болған Күшлік ханды Бадахшанның Гиндукуш тауында қуып жетіп, басын алады.

Нағында, Күшлік хан Жетісу мен Қашқар мұсылмандарының діни бостандығына шек қойғанда, қарлұқтардың Арслан ханы, Іле өзенінің аңғарындағы Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), ұйғыр идиқұты Баршық арт-тегін наймандардың зорлық-зомбылығына қарсы Шыңғысханнан көмек сұраған. Тарихи оқулықтарда осы жағдайдан кейін Шыңғысхан Жебе ноянды горханға қарсы аттандырды деген көзқарас айтылады. 

Шығыстанушы В.Бартольд те өз зерттеуінде осы көзқарасты нығаята түсетін мына бір деректі алға тартады: Құлжа өлкесінде Күшлік ханның озбырлығын мойындағысы келмеген Бұзар атты билеуші болады. Ол Күшлік ханның діни саясатына қарсы мұсылмандардың басын қосып, Алмалықта дербес мұсылман иелігін құрады. Ол өзін Тоғұрыл хан деп жариялап, Күшлікке қарсы тұруы үшін Шыңғысханға елшілер аттандырып, оған бағынатынын жеткізеді.

Күшлік хан Ислам дінін ұстанушы қауымға шектен тыс тізесін батырғаннан кейін Бұзар ханның мұсылмандардың тәуелсіз иелігін құрып, оған қарсы бас көтеруі, әсілі аса таңқалатын жайт емес. Дегенмен, белгілі ғалым Құлмат Омірәлиевтің Темучинді қаған сайлаған ұлы құрылтайға Тоғұрыл хан Майқы би бастаған түркінің он биін аттандырды деген дерегі, Шыңғысханның мұсылмандық һәм түркілік мүдденің жауы емес, керісінше, Жетісу халқын Күшлік ханның қатаң езгісінен құтқарушы болғанын әйгілейді. Әйткенмен, Жебе ноянның Жетісу жеріне аяқ басқанда, мұсылмандарға діни-сенім бостандығын қайтарып беретінін жариялауы,  Шыңғысханның Орталық Азиядағы алғашқы жортуылы Хақ дін – Исламды тұқырту емес, Күшлік ханнан кек алумен бірге теперіш көріп отырған мұсылмандық мүддені арашалау мақсатында жүзеге асқанын аңғартады.

 

Мұхан ИСАХАН,

Дін мәселелері жөніндегі

ғылыми-зерттеу және талдау орталығы

Исламды зерттеу бөлімінің басшысы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Төрелерді не себепті «Алтын ұрық» деп атаған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00