Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ХІІ-ХІІІ ғғ Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде ислам дінінің таралуы тежелді. Осы қысылтаяң шақтан кейін исламның қайта дамуы қалай болды?

02.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
376
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Рас, Елуй Дашы негізін қалаған Қидан билеушілерінің сенімі – будда, ал Шыңғысханның сенімі – тәңіршілдік болатын. Бірақ, бұл екі саяси билік исламға ашық тиым салған емес. Тек, Қидан мемлекетінің соңғы горханы найман Күшліктің кезінде мұсылмандар қудалауға ұшырады. Жетісу және Қашқар халқының Күшлікті қуып келген Жебе ноянды қолдауының себебі, Шыңғысхан дін еркіндігін жариялаған еді. Жалпы, Шыңғысханның Орталық Азияны жаулап алуы тек Қидан және Хорезм мемлекетімен болған әскери соғыстан тұрмайды. Шыңғысханның әскери жорығымен бірге Моңғол үстіртін мекендеген ондаған көшпелі түркі тайпалары Орталық Азия және Дешті-Қыпшаққа қоныс аударды. Бұл тарихи ағыспен бірге тәңіршілдік һәм христиандық мәдениет пен мұсылмандық мәдениет бір-бірімен бетпе-бет келді. Діни мәдениеттердің өзара қарым-қатынасында әскери дүрмекпен келген түркі тайпалары біртіндеп исламдану үдерісін басынан кешірді. Жошы ұлысының исламдану үдерісін өз кезегінде мынадай бірнеше кезеңге топтастырып зерттеуге болады:

Біріншіден, Шыңғысханның Ислам дініне деген көзқарасы және Жошыдан туған немересі Берке ханның (1256-1268 ж.б) Куврабия тариқатының шейхтарына мүрид болып, Ислам дінінің қолдаушысына айналуы және Алтын Орда мемлекетінің ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Мұсылман әлемімен тығыз байланыс орнатуы.

Екіншіден, Өзбек ханның (1312-1342 ж.б) Ясауия тариқаты өкілдерінің ықпалымен Ислам дінін қабылдауы және оның билік құрған дәуіріндегі Алтын Орда мемлекетінің ішкі-сыртқы рухани жағдайының дамып өркендеуі.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Үшіншіден, Тыныбек хан (1342 ж.б) мен Жәнібек хан (1342-1357 ж.б) билік құрған кезеңдегі рухани қайшылықтар, Алтын Ордадағы Ислам дінінің одан арықарай дамуы және Алтын Орда мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны мен рөлі.

Төртіншіден, Бердібек хан (1357-1359 ж.б) мен одан кейінгі саяси бұлғақ кезеңінде Алтын Ордадағы рухани қал-ахуалдың күйзеліске түсуі, Алтын Ордаға қарасты Ақорда мен Көкорда және Қырымдағы Ислам дінінің жағдайы.

Бесіншіден, Тоқтамыс хан (1380-1400 ж.б) мен Әмір-Темірдің кезіндегі Алтын Орда және Маураннахр мұсылман мемлекеттері арасындағы ұзаққа  созылған соғыс, Алтын Ордадағы ірі Ислам орталықтарының (қалалар) қирауы, халықтың рухани мешеулікті басынан кешіруі.

Алтыншыдан, Едіге бидің (1402-1416 ж.б) кезіндегі уақытша саяси тұрақтылықтың орнауымен ішкі рухани қарама-қайшылықтардың реттеліп, Ислам дінінің қайта өркендеуі және осы кезеңдегі Алтын Орда мемлекетінің сыртқы саясаттағы діни ұстанымы.

Жетіншіден, Тоқтамыс хан мен Едіге би ұрпақтарының өзара тартысы кезіндегі Алтын ордадағы рухани дағдарыс және Жошы ұлысының империялық қуатынан айырылуымен сыртқы саясаттағы діни ұстанымының әлсіреуі.

Алтын Орда империясының ыдырауымен бұл кеңістікте ислам дінінің саяси қолдаушыларының күш-қуаты әлсіреді.  Берке, Тудай-Мөңке, Ноғай, Өзбек, Жәнібек хандардың  кезінде Алтын Орда мемлекеті әлемдегі Хақ діннің жоғын жоқтаған негізгі саяси күш болса, Тоқтамыс пен Едіге би ұрпақтарының талас-тартысы кезінде Алтын Орда мемлекетінің діни миссиясы тоқтады. Бұдан кейінгі дәуірлерде Анатолияны мекендеген Осман түріктері исламның саяси қолдаушысына айналды.  

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламға қорғаныш болған Алтын Орда Шыңғысхан құрған қағанаттан тәуелсіздігін қалай алды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121069 бөлісті
    Бөлісу 48428 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00