Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарақытайлар мен Хорезм шаһ мемлекетінің арасындағы қақтығыстарды діни соғыс деп бағалауға бола ма?

21.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
635
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ибн әл-Асирдің жеткізуіне қарағанда, қарақытайлар әдепкіде соғыс даласында болмаса, жай күнде жергілікті тұрғындарға бейбіт ұстаныммен қараған. Дегенмен, қарақытайлар өздері салдырған қалаларда бұдда ғибадатханаларын да тұрғызып, Қарақан билеушілері тұсында мемлекеттік дінге айналған исламның таралуын шектеп, оны бұрынғы беделінен айырды. 

Батыс Лиау патшалығының кейінгі билеушілері өзіне қарасты халықты ауыр езгіге салып (алым-салық), соның нәтижесінде жергілікті тұрғындар тарапынан қарақытайлардың билігіне жиі-жиі қарсылық туындады. Елуй Дашыдан кейін оның әйелі Гантиям ханым (1143-1150 ж.б) және қарындасы Бұсұған ханымның (1164-1177 ж.б) билік құруы да мұсылмандық дүниетанымға жат еді. Өз кезегінде бұл дәстүр де жергілкті халықтың наразылығын тудырды. Осы кезде Хорезм шаһ билігі ғазауат ұранымен Қидан билігіне қарсы бас көтеріп, бірнеше рет әскери жорықтар жасады. Әдепкіде, қарақытайлар Балх пен Термезден айырылса, кейін Маураннахр мен Үзгентке дейінгі жер аралығы, тіпті, Тараз қаласы да Хорезм шаһ иелігіне өтеді. 

Белгілі қыпшақтанушы-ғалым Б.Көмековтың айтуына қарағанда, Хорезм шаһ мемлекетінің тез күшейіп, саяси ықпалының артуына ислам діні екпінді ықпал еткен. Алайда, Хорезм шаһ билігі діні бөлек қарақытайлармен қатар Ислам дінін берік ұстанған Қарақан билеушілеріне де тізесін қатты батырған. Зерттеуші З.Жандарбек ғылыми айналымға енгізген  «Насаб-нама» нұсқаларында Отырар ханы Хасан ибн Абд әл-Халықты Үргеніш сұлтаны Мұхаммедтің келіп өлтіргені, сонымен қарақандықтар билігінің кесілгені, Қайыр ханның Білге хан орнына хан болғаны, нәсілі қаңлы екендігі айтылады. Хорезм шаһтың Маураннахр билігін қарақандық мұсылман билеушілерден қатігездікпен тартып алғандығын тарихшы С.Волин де өз зерттеулерінде растап өтеді. Ал, Бартольдтің еңбектерінде Хорезм шаһтың Самарқан қаласын жаулап алғанда 10 000 адамды өлтіргендігі, тіпті бұл саннан да анағұрлым көп екендігі айтылады. 

Тарихшы З.Жандарбек Хорезм шаһ билігінің озбырлығын дәлелдейтін деректерді зерделей келе, олардың Ислам дінін насихаттау арқылы парсыландыру үдерісін қолға алғанын, осы тұрғыда түркілік билік жүйесі мен мәдениетіне қарсы күрес жүргізген деп тұжырымдайды. Әлбетте, тарихи деректерге негізделген бұл тұжырым қисынды болғанымен, әлі де зерттеуді қажет ететін сияқты. Яғни, Хорезм шаһтары Маураннахрды жеке-дара билеу үшін Ислам дініндегі қарақандықтарды биліктен шеттетті ме, жоқ әлде шын мәнінде халықты парсыландыру мақсатында дәстүрлі түркілік билеу мәдениетіне соққы жасады ма? Бұл мәселені әлі де әрірек барып зерттеу қажет деп білеміз.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Десек те, Қидан мемлекетінің бұғауынан босап, аз уақыттың ішінде Орталық Азияның едәуір бөлігін, оның ішінде Түркістан (Маураннахрды) және Ауғанстан мен Иран өлкелерін де иеленіп, күншығыс пен теріскейдегі көрші саяси күштерге қарсы Ислам дінінің атынан дүркін-дүркін қасиетті күрес жүргізуі, Хорезм шаһ мемлекетінің өз дәуірінде Орталық Азияда өзгелерден шоқытығы биік саяси құрылым құрғанын көрсетеді. Ал, Қидан патшалығы ХІІ ғасырдың алғашқы жартысында күшейіп, Орталық Азияны дербес билегенімен, ХІІ ғасырдың екінші жартысының аяғына таман бұрынғы әлеуетінен айрылып, Жетісу мен Қашқар өңіріне ғана билігін жүргізді. Теріскейдегі Қыпшақ тайпалары болса, саяси бытыраңқылықты басынан кешіріп, кейбір билеуші хандардың ықпалымен жекелеген тайпалар Ислам дінін қабылдап, Хорезм шаһ мемлекетінің қасиетті соғыстарына қосшы болса, негізгі бөлігі көне тәңіршілдік сенімді ұстанып, саяси біртұтас белсенді күшке айнала алған жоқ. 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шыңғысханның Орталық Азияны жаулау кезіндегі діни саясаты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00