Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламға қорғаныш болған Алтын Орда Шыңғысхан құрған қағанаттан тәуелсіздігін қалай алды?

02.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алтын Орда мемлекеті 1256-1266 жылдары билік құрған Берке ханның кезінде Қарақорымнан тәуелсіздігін алды. Ал, Берке ханның Алтын Орданы Қарақорымнан бөліп, дербес мемлекет етуіне мынадай факторлар әсер етті:

Біріншіден, ұлы қаған Мөңке қайтыс болып, Құбылай мен Арықбұға арасында таққа талас өрбігенде, Берке хан Арықбұғаның билікке келуін жақтады. Алайда, 1260 жылы Құбылай Арықбұғаны жеңіп, ұлы қаған тағын иемденді. Жеңілген Арықбұғаға төрелік айтуға Берке хан шақырылғанда, ол өз ұлысында қауырт шаруалардың көп екенін айтып, Арықбұға ісіне төрелік айтудан бас тартады. Беркенің бұлайша жақауратуы, Құбылайдың ұлы қағандығын мойындағысы келмегенінің белгісі еді.

Екіншіден, Құбылай ханның Иран мен Бағдат халифатын жаулап алған Құлағуға Елхан атағын беруі де Беркенің мұсылмандық мүддесіне қайшы-тын. Жалпы, Берке хан әу-бастан Құлағудың  Парсы және Ислам халифатын жаулап алуына қарсы болған. Бірақ, ұлы құрылтай қабылдаған шешімнің негізінде Құлағу 1256 жылы өз әскерімен Аму-Дариядан өтіп, Ирандағы исмайлиттер билігін күйретіп, олардың 40-тан астам қамал-бекіністерін басып алады. Онымен шектелмей 1258 жылы Ислам халифатының орталығы Бағдатты шауып, халиф Мустасимнің байлығын талан-таражға түсіреді. Осы кезде Мысыр билеушісі мәмлүк Захир ад-дин Бейбарыс сұлтан Берке ханға өз елшілерін аттандырып, мұсылмандық мүддені бірге қорғауға шақырады. Берке хан да бұл ұсынысты қабыл алып, Құлағуға қарсы Бейбарыспен әскери һәм діни одақтастық құрды. Тіпті, қыз беріп, құдандалы болды. Алтын Орда билеушісінің бұл әрекеті оның Қарақорымнан еншісін бөлек әкеткенін анық аңғартатын еді. Яғни, Алтын Орданың тәуелсізденуіне діни фактордың әсер еткендігі күмәнсіз шындық.

Үшіншіден, Шыңғысханның «Ұлы Ясасы» бойынша соғыстан түскен олжаның бестен екі бөлігі Қарақорымдағы ұлы қағанға, екі бөлігі – жасаққа, қалған бір бөлігі – Батудың отбасына берілуі керек болатын. Құлағудың Бағдатты алғаннан кейін Беркеге тиесілі олжаны жібергенде, сыйлықтар Алтын Орда билеушісінің көңілінен шықпаған. Бұл Алтын Орда мен Құлағу Елхандығы арасының шиеленісуіне түрткі болған экономикалық себеп еді. Сонымен бірге, Иранды жаулап алуға Жошы ұлысынан жіберілген әскери қолбасшылар – Тұтар, Балақан, Құлидың кенеттен қайтыс болуы да Беркенің Құлуғаға деген өшпенділігін тудырды. Ал, Беркенің Елханға жіберген елшілерінің ішіндегі бақсылардың астыртын әрекеті әшкереленгенде, Құлағу оларды өлім жазасына кеседі. Екі билеушінің арасында орын алған бұл шым-шытырық оқиғалар, Шыңғыс ұрпақтарының бір-бірінен бөлінуіне, әрқайсысының жеке мүдделердің сойылын соғуына итермеледі.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Төртіншіден, Шыңғысханның бұйыруымен 1223 жылы Жебе мен Сүбітай баһадүр бағындырған Әзірбайжан мен Грузия жерлерін Берке хан Жошы ұлысына тиесілі деп білді. Ал, бұл жерлер осы кезде Құлағуың иелігінде еді. Оған қоса, Берке хан Құлағу өзінің бір атадан тараған туысы болса да күнгейде Алтын Ордамен бәсекелес күшті мемлекеттің болғанын қалаған жоқ. Яғни, Кавказ тауларының оңтүстік беткейіндегі екі мемлекеттің шекаралық аудандарға деген талас-тартысы һәм Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы өзара саяси бәсекелестік Алтын Орданың дербес мемлекет болуына әсер етті.

Сөйтіп, Шыңғысханның Бөртеден туған үлкен ұлы Жошының ұлысы, кейін Бату ханның Шығыс Еуропаны жаулап алуымен іргесін кеңейткен Алтын Орда – Берке ханның таққа отыруымен Қарақорымнан іргесін бөлек салып, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіз мемлекет қана емес, өз дәуірінде Хақ дін – Исламның жоқтаушысына айналған мәдениеті жоғары, руханияты толысқан, әскери һәм саяси-экономикалық қуаты артқан теңдессіз алып империя дәрежесіне көтерілді.

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Рухани мұра мен сабақтастық - ұлт бірлігінің кепілі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121069 бөлісті
    Бөлісу 48428 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00