Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйелдірдің қабірлерді зиярат етуі харам ба?

17.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Негізінен бұл – әйелдердің қабірлерді зиярат етуіне қатысты келген хадистердің әр түрлі болуына қатысты туындаған мәселе. Мұсылмандар арасында әртүрлі пікірлердің болуы мәселеге жан жақты саралап қарамай, діни мәтіндерді контекстен бөлек оқудың нәтижесінде туындайды. Сондықтан, түрлі қайшылықтардан құтылып, дінді дұрыс түсіну үшін мұсылман ғалымдары хадиспен қатар «фиқһул хадисті», яғни хадистердің түпкі мәнін зерттеуді қажет деп тапқан. Тіпті хадисті фиқһсыз оқудың адамды адасуға алып баратынын да айтқан.  Олай болса, әуелі қабір зияратына қатысты айтылған хадистерді келтіре отырып, осы мәселенің мән жайына үңіліп көрейік.

Мәселен, Ибн Мажә және Тирмизидің хадис жинақтарында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бар тапқаны қабірлерді зиярат етуден тұратын әйелдерге лағынет айтқандығы келтіріледі. Ал мына төмендегі хадистер әйелдерге қабірлерді зиярат етуге рұқсат берілгендігін көрсетеді:

Әнәстан (р.а.) риуаят етілген мына хадисте былай делінген: «Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабір басында баласын жоқтап, жылап отырған бір әйелдің қасынан өтіп бара жатып оған: Аллаһтан қорық, әрі сабыр ет – деді…» (Бұхари, жәнәйз 32-43/ахкәм 11; Муслим, жәнәйз 14-15).

Осы хадисте Пайғамбарымыздың әйелдерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салмағанын көреміз. Енді мына хадисті қарастырып көрейік. Ағасы Абдуррахманның қабірін зиярат етіп келе жатқан Айша анамыздан (Алла оған разы болсын!) «Пайғамбарымыз қабірлерді зиярат етуге тыйым салмап па еді?» деп сұраған кезде ол: «Иә, тыйым салған еді. Алайда кейін қабірлерді зиярат етуді бұйырды» деп жауап берген (әл-Хаким, әл-Мустадрак, 1/375). Бірде Айша анамыз (р.анһа) Алланың Елшісіне (с.а.с.): «Қабір зиярат ететін уақытта     оларға қалай дұға етейін?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз оған мына дұғаны оқуды бұйырады: «Жәбірейіл маған: Әлбетте Раббың саған Бақи зиратына барып олар үшін жарылқау етуіңді әмір етті, деді». Мен (Айша) тағы да: «Ей, Алланың Елшісі! Олар үшін қалай дұға етейін?», – дедім Алланың Елшісі: «Әссәламу алейкум әһләд-дияри минәл-мумининә уәл-муслимин. Уә ярхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл мустахирин. Уә иннә иншааллаһу бикум ләхиқун» деп айт – деген(Муслим, Жанаиз 35).

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Әйелдер үшін рұқсат берілген осы хадистермен қатар жалпы рұқсат берілген мына «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім. Енді зиярат етулеріңе болады»  деп айтты» (Муслим, жәнәйз 106), «Кімде-кім қабірлерді зиярат етуді қаласа, зиярат етсін, өйткені қабір фәни дүниені ұмыттырып, ақыретті есімізге салады» делінген (Термези, жәнәйз 60; Әбу Дәуіт, жәнәйз 77) хадистердің бәрін жалпылай қарастырған ханафи ғалымдары мынадай қорытындыға келген:

Әуелгі хадис Пайғамбарымыз (с.а.с.) қабірлерді зиярат етуге рұқсат бермей тұрған кезде айтылғандықтан оның үкімі жойылған. Сонымен қатар, ол хадистегіе әйелдерге тыйым салудың мақсаты басқа. Ол хадис қабірлерді зиярат етуді жаман әдетке айналдырып алған әйелдерге қаратыла айтылған. Ал одан кейін келтірілген хадистер еркектермен қатар әйелдерге де қабірлерді зиярат етудің рұқсат екендігін нақты көрсетеді. Өйткені, қабірлерді зиярат өлімді еске салып, ғибрат алуға себеп болатындықтан ер кісілермен қатар әйелдер үшін де пайдалы.

Мына жағдайды да ескере кету керек, егер қабірлерді зиярат ету барысында бақырып-шақырып жылайтын, яки қандайда бүлікке себеп болатын болса, онда әйелдердің қабірлерді зиярат етуіне тыйым салынады.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Жиһадты» қалай түсінеміз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00