Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көптің қолы біріксе – көкке жетеді

19.10.2015
- Мемлекет және дін
0
390
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Еліміз егемендік алғаннан бергі уақытқа көз салатын болсақ, жұртымыз бірлігін сақтай отырып, өркениет көшінен қалыс қалмай келеді. Аллаға сансыз шүкірлер болсын, ортақ Отанымыз Қазақстанда тәуелсіздігімізбен қатар ата дініміз Ислам қанат жайып келеді. Оның жарқын мысалы ретінде еліміздің түпкір-түпкірінде күн санап бой көтерген мешіттер мен медреселер санымен, Алланың үйі болған қасиетті мекендерге келіп, сәждеге бас қоюшылар қатарының көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Сондай-ақ, елемізде тұратын көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері арасында өзара ортақ түсінік қалыптасты.

Биыл Астана қаласында тұңғыш рет І республикалық имамдар форумы өтті. Дін қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің басын босқан бұл басқосу игі істерге бастама болып, ұрпақ үшін ұлағатты болды деуге болады.

Имамдар форумының маңыздылығы – тәлімдік құжаттардың қабылдануы. Форумда қабылданған құжаттың бірі Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы. Он үш бөлімнен тұратын осы құжатта Діни басқарманың негізгі ұстанымы айқын көрсетілген. «Ислам және зайырлы қоғам», «Ислам және салт-дәстүр», «Ислам, дінаралық қарым-қатынас және толеранттылық» деп аталатын бөлімдер халқымызды тағаттылық жолын таңдауға, бірлігімізге бекем болуға үндейді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Бұл туралы осы құжатта былай делінген: «Мұсылмандар тек өз дініндегі бауырларымен ғана емес, басқа дін өкілдерімен де жақсы қарым-қатынаста болған. Сондықтан, ойлары мен сенімдері бізден өзгеше кісілерге толеранттылық танытылады. Исламда дінаралық толеранттылықтың орны ерекше. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін де ешбір адамды Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген емес».

Ел бірлігі мен мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайту – Діни басқарманың басты ұстанымы. Сонымен бірге, Діни басқарма еліміздегі келісім мен тұтастық жолында мемлекеттік мекемелер мен дәстүрлі дін өкілдерімен де ынтымақтаса жұмыс жасауда. Соның мысалы ретінде Сауд Арабия Корольдігімен жасалған ортақ келісімнің нәтижесінде биыл қажыларымыздың тікелей рейспен Мекке мен Мәдина қаласына барып, парызын өтеп қайтқанын айтуға болады. Осынау тұңғыш рет жүзеге асқан тарихи оқиғалардың орындалуына Сауд Арабия Корольдігінің Қазақстандағы елшілігі де зор үлес қосты. Қажылық маусымының ұйымдастырушылық жұмыстарына серпін берген шетелдік әріптестеріме Қазақстан Қажылық миссиясы атынан алғыс айтамын.     

Иә, Ислам дiнi – жер бетiнде бейбiтшiлiк пен тыныштықты орнату үшiн жiберiлген соңғы дiн. Мiне, сондықтан, әрбiр мұсылман, тiптi, сәлем бергеннiң өзiнде хал-жағдай сұрасқанда «әссәламу алейкум» деп бейбiтшiлiк пен амандық тiлеп амандасады.

«Ислам» деген сөздің өзі «бейбітшілік» деген мағынаны білдіретінін баршамыз жақсы білеміз. Демек, мұсылмандықтың мұраты – ұлттар мен ұлыстарды ұйымшылдыққа ұйыту, өзгеге қылдай қиянат жасамау. Адамзатты имандылыққа үндеп, ата-ананы қадірлеуге, көрші мен ағайынға көмектесуге шақырған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде шынайы мұсылмандарды: «Мұсылмандар кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес» деп сипаттаған.

Сондай-ақ, Ислам діні әрбір ұлт өкілдеріне құрметпен қарап ешкімді ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Жаратқанның алдында адам баласы бірдей, артықшылығы тек тақуалықпен ғана өлшенеді. Бұл мәселе жайында пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тағы да бір хадисінде: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алланың алдында ең мәртебелілерің діндар болғандарың» деген.

Мұсылман адам қоғам арасына түрлі теріс пікір таратып, адамдардың арасына іріткі салмайды. Өйткені, Алла Тағаланың: «Шын мәнінде, мұсылмандар бір-бірімен бауыр. Сондықтан бір-біріне ренішті болған бауырларыңды татуластырыңдар. Алладан қорқыңдар» деген сөзі баршаны ортақ мақсатқа жетелейді.

«Көптің қолы біріксе – көкке жетеді» деп, өнегелі сөз қалдырған халқымыз басты құндылық еткен бірлігіміздің мәңгілік болуын Алла Тағала нәсіп еткей!     

 

Серікбай қажы ОРАЗ,

ҚМДБ наиб мүфтиі,

«Әзірет Сұлтан»

мешітінің бас имамы

Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақ мұсылмандығының діни мектебі қалыптасып келеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00