Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халық даналығындағы «Жақсылық көрсем – Құдайдан, жамандық көрсем – өзімнен» сөзінің мағынасы қандай?

09.10.2015
- Сұрақ-жауап
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл жерде исламдағы қада («қаза» деп те айтылады, «шешім» деген мағынаны береді), қадар (тағдыр, жазмыш), ирада (қалау, ерік) ұғымдарының арақатынасы туралы күрделі сауал туындайды.

Әбу Ханифа Имам Ағзам қада, қадар, ирада мәселесіне қатысты былай деп жазған: «Пенденің іс-әрекеті де, қимылсыз, әрекетсіз қалуы да – ақиқатында пенденің өз кәсібі. Хақ Тағала оның (әрекеттің) жаратушысы, бұлардың барлығы Алла Тағаланың қалауымен, ілімімен, шешімімен, тағдырын белгілеуімен болады. Уәжіб (міндет) болған бойұсынулардың барлығы да Алла Тағаланың бұйрығы, жақсы көруі, разылығы, ілімі, қалауы, шешімі, тағдырын белгілеуі арқылы болады. Ал күнәлардың барлығы Алла Тағаланың ілімі, қалауы, шешімі, тағдырын белгілеуі арқылы болады, бірақ разылығы, жақсы көруі, бұйрығы арқылы болмайды».

Айтылғандардан ұғарымыз, жақсылықтың да,  жамандықтың да тағдыры – бір Алладан. Исламға тірек болған иманның шарттарында да жақсылық пен  жамандықтың тағдыры бір Алладан делінетіні белгілі. Бірақ жақсы істерде Алланың бұйрығы, жақсы көруі, разылығы бар, ал жаман істерде бұлар жоқ.

Ендігі кезекте не себепті Алла Тағала жаман істердің де жаратылуына (пенделік түсінікпен алғанда «жасалуына») жол береді дегенге келсек, ол жоғарыда айтылғандай адам баласына ақыл, шариғат, жолбасшы жіберумен қатар сынақ үшін іс-әрекет жасаудағы қалау еркіндігін бергендігінен туындайды.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Ақидамыздың негізін салушы имам Матуриди көзқарасы бойынша адамда жеке «жузи ирада» (қалау еркіндігі) бар, яғни іс-әрекет жасауда адам баласы ерікті. Ол Алла берген ақыл-парасатты, көрсеткен тура жолды дұрыс пайдаланып, жақсы істерге ниет етіп, талаптануы мүмкін немесе Хақ тарапынан берілген ескертулер мен тыйымдарға бойұсынбай, жаман (күнәлі) істерге ниет етуі, жасауға тырысып, әрекет етуі ықтимал. Бірақ екі жағдайда да іс-әрекеттің орындалуы Алла Тағалаға тән, яғни Алла өз шешімі, қалауы, тағдырын белгілеуі арқылы жақсы істі немесе жаман әрекетті жаратады (болғызады).

Осы нәзік мәселені ғұлама ойшыл Шәкәрім былай деп түсіндіреді: «Адамда түк ерік жоқ болса, пенденің ғибадатына сауап, күнәсына ғазап қылғаны ғаділет емес болады. Себебі бәрін Алланың өзі қылғызып, оған біріне жаза (бергені) дұрыс болмайды ғой. Енді осыдан ойласаңыз, Алла Тағала пендеге еріксіз іс қылғызып, ол үшін сауап не жаза қылмайды… Пенде біржолата өзінің ойлаған ісінің бәрін істеп, орнына келтіруге құдіретті емес. Ол ісін орнына келтірмек Алла Тағаладан. Пенде өзінің талабына ғана ерікті болады… (Адам) өз талабына ерікті, со себептен қылған ісіне не сауап, не жаза көреді, бірақ ол іс орнына келсе, пайғамбар жіберіп, ақыл беріп, мархамат қылып, орнына келтірген Аллаға шүкіршілік қыл дегені. Егер жаманшылық орнына келсе, «Алланың тыйғанына болмай, нәпсіме ерген соң, қаһарына жолықтым-ау» деп тоба қыл дегені. «Бәрі Алладан» дегеніміз – «Алла Тағала «болсын» демесе бірде-бірі болмас еді» деген сөз».

Бұл жолдардан аңғаратынымыздай, жақсы істің орындалғаны үшін де Алла Тағалаға шүкіршілік ету қажет, өйткені адамға ақыл берген, пайғамбарлар арқылы тура жолды көрсеткен және пендесіне мейірімін төгіп, жарылқауға лайықты болуы үшін жақсы ісінің орындалуын нәсіп еткен – Алла Тағала. Алланың шешімі, қалауы, тағдыры болмаса, жақсы іс те жүзеге аспас еді және сол жақсы іспен қатар Алланың разылығы, жақсы көруі, жарылқауы қоса жүрмес еді. Қазақтың «Жақсылық көрсем – Құдайдан» деуінің мәнісі осында.

Ал Шәкәрімнің «Алланың тыйғанына болмай, нәпсіме ерген соң, қаһарына жолықтым-ау» деп тоба қыл» деген сөзі «Жамандық көрсем – өзімнен» деген сөздің түсіндірмесі іспетті. Яғни жоғарыда айтылғандай, Алла Тағала тарапынан ненің жаман екені көрсетіліп, тыйым салынған істер айқындалып, жазалар ескертіліп қойылғанына қарамастан жаман іске әрекет еткені үшін пенде өзі жауапты болмақ. Сол жаман істердің салдары дүние тіршілігінде де, ақыретте де көрініс беруі, яғни жаман істің салдары жамандықпен қайтуы ықтимал. Ал пендесін жасаған ісіне орай жазалау немесе кешіру – Алла Тағаланың еркінде.

Осы мәселелерді қазақтың бертінгі рухани қайраткерлері түгел еңбегінен сусындап, сілтеме жасаған Орта Азиялық мұсылман өркениетінің үлкен ғұламасы Сопы Аллаяр да тарата жазған. «Агар чандики қоймас еркімізгә, Берібдүр ихтияри жузи бізгә», «Ошанча ихтияри жузидан баз, Тапар бәндә жаза көп қылса я аз», «Харамыдын уале маниғ етті бізні, Берібдүр ихтияри жузимізні» деп жырлаған сопы Аллаяр бәйіттерінде Алланың пендесіне жеке қалау еркін бергендігі, арам мен адалды ажыратып көрсетіп, арамнан тыйғаны, сол қалау еркіне сәйкес өзі жасаған әрекеттері үшін пенденің ақыретте аз немесе көп жаза тартатыны баян етілген.

Сүннеттен озбаған халқымыздың «Жақсылық көрсем – Құдайдан, жамандық көрсем – өзімнен» деген нақылы жайындағы сөз түйіні ретінде Пайғамбарымыздың дәл осы мазмұндағы: «Жақсылық Сенің (Алланың) қолында, ал жамандықтың Саған (Аллаға) қатысы жоқ» деген сөзін келтіруге болады. Бұл сөзді белгілі ислам ғұламасы ибн Хажар әл-Асқалани «Фәтхул бәри» атты еңбегінде жазып қалдырған.

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу34Твитерге22Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Домбыра тарту харам ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00