Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран кәрімді оқудың әдептері қандай?

22.09.2015
- Сұрақ-жауап
0
1.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Құран тілімен сөйлеген адам дұрыс нәрсені айтқан болып саналады, онымен амал еткен адам сауап алады. Кім Құран арқылы үкім айтса, әділдікпен үкім айтқан болып табылады. Кімде-кім Құранға шақырылса, тура жолға шақырылғаны» деген. (Тирмизи, Сүнән)

Осындай қасиетті кітаптың да өзіне тән оқу дәстүрі, әдебі бар. Біріншіден, Құранды қолға алып оқитын адамның дәреті болуы керек. Себебі Құранда Алла тағала: «Оған (Құранға) тап-таза болғандардан (дәретті болғандардан) басқасы қол тигізе алмайды» дейді. (Уақиға: 79) Құранды жатқа оқыған кезде дәрет керек болмағанмен, қолға алып оқитын кезде дәреті болуы қажет. Ал ғұсылы болмаған жағдайда адамның Құранды қолға алып оқуына да, жатқа айтуына да болмайды. Бірақ ондай кезде Құранды тыңдауына, мағыналарын ойлануына болады.

Екіншіден Құран оқудың алдында ауыз тазалығына да мән беру керек. Бұл жайында хз. Али (р.а.): «Ауыздарың Құран жолы болып табылады, оны мисуақпен тазалаңдар» деген. (Зәркаши, әл-Бурхан) сондықтан Құран оқудан бұрын ауызды мисуақпен, тіс щеткасымен тазалаған дұрыс. Бұл мұстахаб болып саналады.

Үшіншіден, Құран оқу үшін отырғанда отырысымыз оған деген құрметті білдіретіндей болуы керек. Яғни Құран оқитын кезде  ұстаздың алдында отырғандай, тіпті әлемдердің Раббысының алдында отырғандай сезімде болып сыпайы отырыспен отыру қажет. Құбыла жаққа қарап отыру, Құранды көкірек тұсына жақын ұстау мұстахап болып табылады. Алайда құрметті және сыпайылықты сақтай отырып, түрегеп тұрғанда, бір қырымен жатқанда да Құран оқуға рұқсат етіледі. Дегенмен, отырып оқу әдептіліктің ең жақсы көрінісі.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Құран оқу барысында есінеуден сақтану керек. Есінегісі келген адам Құран оқуын үзіп, аузын жауып есінеп, есінеуі біткен соң ғана Құран оқуын жалғастыруы қажет.

Төртіншіден, әурет жерлерді жабатындай киім кию. Құран оқитын кезде әурет жерлерді толық жабатын киім кию әдеп болып табылады. Киімнің таза, әрі әдемі болуы да әдептіліктен. Тіпті ғұламалардың кейбірі Құран оқитын кезде бастарына сарықтарын орап, үстеріне шапандарын киген екен.

Бесіншіден, Құран оқитын орынды да дұрыс таңдау қажет. Әсіресе Құранды мешітте отырып оқу сауаптырақ. Үйде де Құранды жиі оқуға тырысу керек. Себебі Құран оқу арқылы үйлер нұрлана түседі. Ал Құран оқылмаған үйді Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұртта қалған үйіндіге теңеген. Ол жерде періштелердің азайып, шайтандардың көбейетінін, ризықтың азаятынын айтқан.

 Монша және әжетхана секілді лас жерлерде Құран оқу мәкрүһ, яғни ұнамсыз болып табылады.

Алтыншыдан, Құранды сергек кезде оқу. Ұйқы қысқанда адам ұйқылы ояу Құранды жаңылыс оқуы немесе оқып жатқан жерінің мағынасын ойлана алмауы мүмкін. Ал сергек кезде Құранды беріліп оқып, мағынасын да түсініп оқуға тырысады.

Жетіншіден, Құран оқитын кезде «Аузу билләһи минаш-шайтанир-ражим» және «Бисмилләһир-рахманир-рахим» дұғаларымен бастау керек. Себебі Құранда: «Енді Құран оқитын кезде қуылған шайтаннан Аллаға сиын!» деп бұйырылған. (Нахл: 98) Құран оқудан алдын «Аузу билләһи минаш-шайтанир-ражим» дұғасын айту да мұстахаб болып табылады.

Сегізіншіден, Құранды әдемі дауыс мәнерімен, асықпастан, бөліп-бөліп, тәжуид қағидаларын сақтай отырып оқу керек. Музәммил сүресінің 4-аятында Алла тағала: «Құранды тәртил арқылы (асықпастан, төліп-бөліп, сөздерін нақты шығарып) (мағынасын) ойланып оқы» деген.

Құранды дауыстап та, іштей де оқуға болады. Құран оқып жатқанда біреудің сұрағына жауап беруі керек болса, аятты толық аяқтап барып, сөйлеуге болады. Сондай-ақ Құран оқуды тоқтататын кезде де аяттың жартысынан қалдырмай, толық аяқтап барып тоқтау қажет.

Тоғызыншыдан, Құранды ықыласпен, Алла тағаланың ризашылығы үшін, құлшылық ниетімен оқу керек. Сонда оқылған Құранның әрбір әрпіне сауап та жазылады.

Құранды оқуды тастап кетпеу керек. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құран басынан соңына дейін оқып, одан кейін қайта бастауды Алла тағалаға ұнамды амалдардың қатарына жатқызады. (Тирмизи, Сүнән)

Оныншыдан, Құран оқуды бітірген кезде «Садақаллаһул-азим» деп айту да Құран оқудың әдебі болып саналады. Құранды оқып болған соң кітаптың бетін ашық қалдырмау қажет. Үстіне басқа зат қоюға болмайды. Құранды басқа кітаптардан жоғарыда тұру керек. Құранды толығымен аяқтағанда дұға жасау мұстахаб болып саналады.

Міне, Құранды осы секілді әдептерді сақтай отырып оқыған дұрыс.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу41Твитерге26Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сыйлық сыйластығымызды арттырады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00