Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам дінінде сыйлыққа қатысты белгілі бір әдептер бар ма? Сыйлықтың көлеміне шектеу қойылған ба?

22.09.2015
- Сұрақ-жауап
0
521
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистері мен сүннеттерінде сыйлық жайлы егжей-тегжейлі айтылғанын көруге болады. Алла елшісі (с.а.с.) хадистерінде адамдардың бір-біріне сыйлық тарту етуі өзара сыйластық пен достықты нығайтатынын, қызғаныш, көреалмаушылық, сараңдық секілді жаман мінез-құлықтардан арылтатынын айтқан. Сыйлық берудің пайдасы жайлы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Сыйлық беріңдер, бір-біріңе деген сыйластықтарың артсын», «Бір-біріңе тағам тарту етіңдер. Бұл ризықтарыңның берекеттенуіне жол ашады», «Маған сыйлыққа қойдың сирағы тарту етілсе де қабыл аламын. Одан пісірілген тамаққа шақырылсам да, шақырудан бас тартпаймын», «Бір-біріңе сыйлық беріңдер. Себебі сыйлық жүректегі күмәнді жояды. Әйелдер көршілерінің тарту еткендерін менсінбей жүрмесін, тіпті қойдың сирағы болса да» деген хадистері бар.

Жоғарыдағы хадистерде сыйлықтың пайдаларымен қатар, арзан сыйлық болса да қабыл алу керектігі айтылады. Әсіресе, көршілер жайлы мысал беріліп, көршілердің де бір-біріне сыйлық беруі қажеттігі меңзеледі. Бұлардың бәрі де әлеуметтік өміріміз үшін қажетті мәселелер.

Осы көрші мәселесі бойынша, Айша анамыз (р.а.) бір риуаятында: «Бір күні Алла елшісінен:

–       Уа, Алла елшісі, екі көршім бар, сыйлығымды қайсысына берейін, – деп сұрадым.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

–       Есігі саған жақын тұрғанына бер, – деп жауап қайтарды», – дейді.

Осы секілді айтылған хадистерден сыйлық жайлы әдептерді былай тізбектеуге болады:

  1. Сыйлықты қабыл алу керек. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде былай деген: «Адам өзі сұрамаса да бауырынан бір жақсылық келсе ол жақсылықты қабыл алсын, кері қайтармасын. Себебі ол – Алланың жіберген ризығы болып табылады. Сыйлық құнсыз болса да қабыл етілу керек». (Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәд)
  2. Сыйлық жауапсыз қалмауы қажет. Пайғамбарымыздың хадисінде бұл жайында: «Саған біреу жақсылық жасаса, оны жауапсыз қалдырма. Оған беретін нәрсе таппасаң, ең болмаса, ол үшін дұға жаса. Сонда осы дұға арқылы оған жауап қайтарған боласың» деп айтылған. (Әбу Дәуд, Сүнән) Пайғамбарымыздың өзі де келген сыйлықтарға әрдайым сыйлықпен жауап қайтарып отырған. Кей кездері берген сыйлығы құны жағынан алған сыйлығынан жоғары болған.

Сондай-ақ егер  жоғары мансаптағы кісі қол астындағыларға сыйлық берсе, онда бұл сыйлыққа сыйлықпен жауап қайтармауға, тек қана алғыс  пен ризашылығын сөзбен айтып, сол кісі үшін дұға тілесе жеткілікті болады.

  1. Берілетін сыйлық адал болуы керек. Яғни харам нәрселерді сыйлыққа тартуға болмайды.
  2. Басқа дін өкілдерінің сыйлығын қабыл етуге болады. Себебі Пайғамбарымызға (с.а.с.) кейбір елдердің басшылары елшілері арқылы сыйлықтар жіберетін. Пайғамбарымыз да оларды қабыл алатын. (Тирмизи, Сүнән)
  3. Мереке және атаулы  күндерде сыйлық тарту ету. Пайғамбарымыз да (с.а.с.) айт мерекелерінде, тойда сыйлық тарту ететін.
  4. Мереке мен атаулы күндердің тысында да сыйлық беруге дағдылану қажет.
  5. Сыйлықтың құндылығынан гөрі пайдалы жағы ескерілуі қажет. Тарту ету үшін сыйлық алатын кезде пайдалы, іске асатын жағын қаперге алу қажет.
  6. Кісі өзі шамасы келетін сыйлықты ғана тарту етуі қажет.
  7. Сыйлық ешуақытта пәре ретінде берілмеуі керек. Себебі пәренің үкімі харам екені белгілі.
  8. Сыйлық берудің де, оны қабыл ету мен оған сыйлықпен жауап қайтарудың да үкімі сүннет болып табылады. Яғни сыйлық беру сауапты істердің қатарына жатады. Сондықтан сыйлық  шынайы ниет және ықыласпен берілуі қажет.

Ал сыйлықтың көлеміне қатысты Ислам діні бойынша ешқандай шектеу қойылмаған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) берген сыйлықтары арасында азық-түлік, әтір, ат, түйе, ет, тарла, бау-бақша да болған. Ең бастысы адам өзінің шамасы келетін нәрсені сыйлық ретінде тарту еткені жақсы. 

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Судың температурасын саусақты батырып білсе, ол су дәретке жарамсыз болып қала ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00