Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа, имам Ғазали сынды үлкен ғалымдардың кітаптарын қайдан табуға болады?

29.09.2015
- Сұрақ-жауап
0
620
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әңгімемізді имам Ағзам Әбу Ханифа еңбектерінен бастасақ. Кезінде Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілде (оны кей ғалымдар «шағатай тілі» деп атайды, бірақ даулы болғандықтан біз бұл атауға жүгінбейміз) Алтынхан төре аудармасымен қолданыста жүрген Әбу Ханифаның «Ең үлкен фикһ» («Фикхул акбар») кітабы соңғы жылдары отандық оқырманға Ризабек Батталұлының «Ақида сабақтары» еңбегі арқылы жетті. Осы кітаптың қосымшасында автор Әбу Ханифаның  «Өсиеттер» («Уасият») атты кітапшасын да аударып, ұсынған. Имам Ағзамның аталған екі еңбегін біз 2014 жылы Дін істері агенттігі тұсында «Ханафи әдебиеттері» сериясымен қайта жасақтап, «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында шығарып, ел аумағындағы барлық кітапханаларға таралуына мұрындық болдық.

Имам Ағзамның үшінші бір еңбегі – «Ұстаз бен шәкірт» («әл-Ъалим уал-Мутаъаллим») Қайрат Исаның аудармасымен 2003 жылы «Шапағат-Нұр» баспасынан жарық көрген.

Имам Ғазалидің «Бақытқа жету әліппесін» («Кимйаи-саадат») кезінде оңтүстіктің белгілі ақыны, марқұм Тұрсынәлі Айнабеков аударған. Бұл кітапты біздер марқұмның отбасында сақталған жалғыз нұсқа арқылы қайта даярлап, бұрын осы кітапты жариялаған «Қасиет» баспасына сілтеме жасай отырып, «Ханафи әдебиеттері» сериясы аясында жарыққа шығардық.

Ал Ғазалидің «Жан тәрбиесі» және «Аллаға махаббат» атты еңбектерін қазақ тіліне өзіміздің замандасымыз, исламтанушы ғалым Жалғас Сәдуақасұлы аударған. «Жан тәрбиесі» алғаш рет 2010 жылы жарияланған. Бұл екі кітаптың аудармасы да «Ханафи әдебиеттері» сериясымен  жарық көрді. Аталмыш кітаптар Ғазалидің атақты «Ихйау улумиддин» («Дін ғылымдарының қайта жаңғыруы») еңбегінің тараулары болатын.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Имам Ғазалидің «Ей, балам!» («Әйиуһәл уәләд», «Ұлыма өсиет» деп те  аударылады) атты кітабын 2010 жылы «Ұлы мұра» қайырымдылық қоры баспадан шығарды. Аталған қор ғұламаның «Насихатул-Мулк» («Наставление правителям») және «Исследование сокровенных тайн сердца» атты еңбектерін орыс тілінде 2013 жылы жариялады.

Сонымен қатар Ғазалидің «Мизанул аъмал» («Амалдар таразысы» – «Весы деяний»), «Основы духовности», «После смерти» атты кітаптары орыс тілінде Ресейде жарық көргенін де айта кеткен жөн.

Тағы бір ислам ғұламасы ибн Хажар әл-Асқаланидің «Мунаббиһат» (2004, «Үш қиян» баспасы) және «Фәтхул бәри» (2009, Халифа Алтай қайырымдылық қоры) атты кітаптары да қазақ тілінде жарыққа шыққан.

Қазақ зиялылары мен ағартушы ғалымдары жаттап өскен ортағасырлық Орта Азия дін ғылымының классигі Сопы Аллаярдың «Саъбатул ажизин»  («Әлсіздердің табандылығы», түсіндірмесі «Әзиза» деген атпен белгілі) кітабы «Қазыналы Оңтүстік» және «Ханафи әдебиеттері» сериясымен 2013-2014 жылдары жарық көрді (қазақшаға аударған  – Зәріпбай Оразбай).

Ал біз жиі сілтеме жасайтын «Иманшарт», «Шар кітап», «Мұхтасар ғылымхал», «Имандылық жайлы мың сұрақ» секілді көне қолжазбалар тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде түрлі баспалардан бірнеше рет жарыққа шығып үлгерді.

Діни әдебиеттерді жарыққа шығаруда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстаздар қауымы, маманданған діни баспалар және ел ішіндегі жекелеген аудармашылар үлкен үлес қосуда. Айта кету керек, ислам әдебиеті жауһарларының аздаған бөлігі тікелей араб тілінен аударылса, елеулі бөлігі түрік, орыс, ішінара өзбек тіліндегі нұсқалар арқылы сатылай аударылып келеді. 

 

 

 

 

Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Мінәжат» діни жанрының түркі халықтары әдебиетінде қалыптасуы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00