Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шыңғысханның дінге көзқарасы қалай болған?

20.08.2015
- Сұрақ-жауап
0
445
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам теологиясы бойынша шариғат бекіткен парызды жоққа шығару, діннен шығушылық саналады. Шыңғысхан қағбаға қажылық жасауды ада-күде теріске шығарса, онда ол иман келтірмеген болып есептеледі. Бірақ, «Түрік шежіресінде» Шыңғысханның қағбаға қажылық жасау туралы: «Тәңір неге бір жерді ғана қасиетті етіп жаратқан?» деп терең ойға берілгендігі, яғни, тафаккур жасағаны жазылған. Сондықтан, Шыңғысханның Исламды қабылдап, қабылдамағанына қатысты кесінді пікір айту қиын.

Белгілі құқықтанушы теоретик Ш.Л. Монтескье Шыңғысханның Исламдағы бесінші парызға «Неге тек Қағба ғана қасиетті?» деген мәселеге терең ойға шомғанына қарап, «Татарлар үйде тұрып көрмегендіктен, ғибадатхана дегенді де білмеген» деп, діни догманы отырықшы һәм көшпелі мәдениет тұрғысынан бөліп бағалайды. Ал, аксиологияны (құндылықтар) отырықшылық немесе көшпелілік деп жіктеу ескі еуроцентристік өлшем. Теологияда діни догманы  бұлайша талдау мүлде сын көтермейді. Себебі, уағында Хақ Елшісі Мұхаммедтің (с.а.у) әкелген дініне мойынсұнған мәдани (қалалық) де, бәдауи (көшпелі) де арабтар болған. Құран мен сүннетте екі мәдениеттің өкілдеріне де артықшылық немесе жеңілдік қарастырылмаған. Яғни, халықты мәдени тұрмысына қарай діни тұрғыдан жіктеу дұрыс емес. Алланың құзырында қалалық һәм далалық та мұсылман тең саналады. Бұл жерде «Заңдар рухы туралы» авторының тұжырымы біржақты айтылған деп түсінуіміз керек.

Жалпы, Шыңғысхан дін адамдарына ерекше құрметпен қараған. «Ұлы Яса» бойынша Мұхаммедтің (с.а.у) үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы хафиздер және фақиһтер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәруіш-кезбелер, азаншылар мемлекетке алым-салық төлемеген. Сондай-ақ, діни бірлестіктердің меншігіндегі уақфтық жерлер де салықтан босатылған. Тіпті, Шыңғысхан Ислам дінін ұстанушылардың құнын жоғары бағалаған. Мысалы, «Ұлы Яса» заңы бойынша кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге, қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат еткен. Бұл құқықтық нормалар Шыңғысханның Ислам дініне оң көзқараста болғанын байқатады. 

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұхан ИСАХАН: «Әдет-ғұрып заңындағы салық түрлерi шариғатпен сабақтас»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121445 бөлісті
    Бөлісу 48578 Твитерге 30361
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    518 бөлісті
    Бөлісу 207 Твитерге 130

Соңғы жарияланымдар

Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

23.03.2026
Ағаш отырғызу шарасына қатысты
Жаңалықтар

Ағаш отырғызу шарасына қатысты

23.03.2026
Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды
Жаңалықтар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

22.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00