Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәселе дінде емес, оны ұстанған пендеде

04.08.2015
- Ағымдар ақиқаты
0
126
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Діни басқармаға еліміздің әр аймағынан мешіт жамағатынан бастап, қарапайым ха­лыққа дейін «осындай дөрекі әрекеттерді тыюдың жолы бар ма?» деген мазмұнда өтініш хаттар мен ұсыныстар келіп түсуде.

Дініміздегі қасиетті ұғым саналатын «халал» сөзін жезөкшелікпен байланыстырудың өзі – үлкен қателік. Екеуі мүлдем екі бөлек ұғым. Аты жаман сөзді қасиетті ұғыммен байланыстырып, «халал» деген атау­ды жиіркенішті әрекетпен былғау дұрыс емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін бауырларымды, әпке-қарындастарымды сөз жауапкершілігін сезінуін сұраймыз. Әрбір айтылған сөзге жауапты екенімізді ұмытпасақ екен. Біреуге қымбат, қастерлі, құнды болған сезімдер мен құндылықтарды қорласақ, түптің-түбінде өз-өзімізді, өз дініміз бен сенімімізді қорлауымен бетпе-бет келетініміз ақиқат.

Халқымыз сөзді, сөз өнерін жоғары бағалаған. Сөзді киелі деп түсінген. Қарияларымыз: «Әлдене туралы жақсы айтсаң да, жаман айтсаң да, айтқаның айналып келіп, өзіңді табады» деген. Он бәленің тоғызы тілден келеді деген сөз де бекер айтылмаса керек. Сол үшін де ата-бабаларымыз: «Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндіре көрме» деп дұға жасаған.  

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Ешкім өзіне, сезіміне, сеніміне, дініне, ата-анасына, бауырларына, отбасына жамандық жасалғанын қаламайды. Олай болса, өзімізге қаламаған нәрсені өзгеге жасауымыз – адамгершілікке де, арымызға да жат амал. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өздеріңе қалаған нәрсені өзгеге қаламайынша, толыққанды иман келтірген бола алмайсыңдар деген. 

Мақалада бір мұсылман қарындасымыздың бірнеше рет тұрмыс құрғаны айтылады. Бұл – адами фактор. Бір адамның тағдыры арқылы бүкіл қоғамға немесе мұ­сылман жамағатына баға беруге әсте болмайды.

Рас, қоғамда мұндай мәселе жоқ емес, бар. Дінді біліммен емес, сезіммен түсінген, эмоциямен, құрғақ уағызбен қабылдайтын жандар баршылық. Ғаламторда шыққан осы мақалаға бір оқырман: «Е-е-е-х, ислам! Сені ұстанатындар сенің абыройыңды төкпеді ме?» деп пікір білдіріпті. Рас айтыпты. Дінге дайындықсыз, таяз біліммен немесе біреудің құрғақ уағызымен келетін кейбір бауырларымыздың осындай әрекеттері өзі ұстанатын діннің абыройына нұқсан келтіріп жатыр.

Біздің айтқымыз келген нәрсе: мәселе дінде емес, оны ұстанған пендеде. Адамның пенделік амалдары, кемшілік-қателіктері немесе азғындыққа жол берген санасы мен әрекеті үшін ислам әсте жазықты емес.

Отбасы жауапкершілігіне немқұрайлы қарайтын бауырларымды «талақ» берудің шариғаттағы үкімдерін терең түсінуге шақырамын. Өмірлік жар етіп алған қыз-келіншек ер адамға аманат етіп тапсырылады. Аманатқа қиянат жасамауымыз керек. Өзіміздің әпке-қарындасымыздың тұрмысы тұрақтамай, қайта-қайта күйеуге шығып, ажыраса беруін қалаймыз ба? Әрине, жоқ. Олай болса, біреудің қызына да осы көзқарас тұрғысынан қарауымыз қажет.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сонау сегізінші ғасырда-ақ: «Жәннат – аналардың аяғының астында» деп әйел затына лайықты құрмет көрсетіп, оларды қадірлеуді өсиет етіп кеткен.

Бір хадисте: «Ер кісі – жанұяның тәрбиешісі. Сондықтан ол жанұяның тәрбиесі үшін жауапты» деген. Сондықтан ер адамға отбасын сақтап қалуда немесе ажырасуға жол бермеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ал ажырасу – Аллаға ұнамсыз амал.

Бір әйелдің басындағы тұрмыстық жағдайды, тағдырын негізге алып, қоғамға «халяль проституция» деген ой, түсінік тарату – қалам ұстаған қауымның қателігі бол­ды.

Халқымызда «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деген нақыл бар. Ба­ла кезімізде ақсақалдар: «Абайлап сөйле, әйтпесе сөздің киесі ұрады» деп ескертіп отырушы еді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген қанатты сөз де бар. «Халяль проституция» деген мақала мұсылман жамағатының ашу-ызасын, наразылығын тудырды. Еліміздің 70 пайыздан астам тұрғыны – мұсылман. Ендеше, исламды ұстанатын әрі елімізде сан жағынан басымдыққа ие мұсылман халқымыздың асыл құндылықтарын, асыл дінін қорлауға жол бермеуіміз керек.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА,

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы

бойынша өкіл имамы,

Aikyn.kz

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кемел иман – көркем мінезде

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00