Жексенбі, 22 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ижманың» негізге алынуы үшін қандай шарттар қажет?

24.08.2015
- Сұрақ-жауап
0
373
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ижманың фиқһ әдіснамасындағы мағынасы – Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние салғаннан кейінгі кезеңдемұсылман мүжтәхид ғалымдарының белгілі бір діни үкімге бірауыздан келісуі (З. Шағбан. Ислам хукук илминин есаслары (Усулул-фиқһ) (түрік тіліне аударған: И.К. Дөнмез). Анкара: ТДУ, 1990, 91-б.).

Фиқһ ілімі негіздері ғалымдары ижма үшін келесі шарттардың болуы қажет деген:

  1. Бір мәселе бойынша келісімге келгендер мужтәхид болуы керек. Қарапайым халық пен мужтәхид дәрежесіне жете алмаған кісілердің көзқарастары ижмаға әсер ете алмайды. Себебі, олар шариғат үкімдерінің қайнар көздерінің ерекшеліктерін толық меңгермеген. Сондықтан фиқһ негіздері ілімі ғалымдарының көпшілігінің пікірі бойынша егер бір кезеңде мужтәхид ғалымдар болмаса, онда ол кезеңде ижма жасалынбайды. Ал, бірнеше мужтәхид болса, саны маңызды емес, онда олардың пікірлерінің бір жерден шығуы арқылы ижма жасалынады. Алайда, кейбір фиқһ негіздері ілімінің ғалымдарының көзқарасы бойынша ижма жасалыну үшін мужтәхидтердің саны тәуәтур дәрежесіне жетуі керек деген. Кейбір ғалымдар мужтәхид саны ең аз үшеу болуы керек десе, енді біреулері екеу болса жеткілікті деп санаған. Ал, егер мужтәхид біреу-ақ болса, оның көзқарасы ижма бола алмайды.
  2. Барлық мужтәхидтер бірдей пікірде болуы қажет. Егер көпшілігі бір пікірді ұстанса, ал бірақ кейбіреулері бұған қарсы пікір айтса, онда бұл ижма болып саналмайды. Себебі, қарсы шыққан мужтәхидтың пікірі  дұрыс болуы мүмкін. Бұл көпшілік ғалымдардың ижма жайлы көзқарасы. Дегенмен, кейбір ғалымдар бір пікірге келген мужтәхидтердің санының көп болуы ижма үшін жеткілікті деген. Қарсы шыққандардың саны аз болса да ол ижма жасауға әсер етпейді деп түйген. Ал, енді ғалымдардың кейбіреулері мұндай жағдайда ижма жасалынбағанымен, көпшіліктің бір пікірді ұстануын дәлел ретінде қолдануға болады деген.
  3. Мужтәхидтердің Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үмбеті қатарынан болуы қажет. Алдыңғы пайғамбарлардың үмбеттеріндегі кісілердің бір пікірге келуі ижма ретінде қабылданбайды. 
  4. Ижма – Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болған соң жасалған болуы  қажет. Себебі, Аллаһ елшісінің кезінде ижма болмаған. Егер сахабалар бірауыздан бір мәселеге келісіп, Пайғамбарымыз да (с.а.с.) олардың пікіріне қосылса, бұл ижма емес, сүннет арқылы бекіген үкім болып саналады. Себебі, ол Пайғамбарымыздың мақұлдауына, яғни тақрири сүннетке жатады.
  5. Барлық мужтәхидтің бірауыздан келіскен мәселесі уәжіптік, харамдық, дұрыстық немесе бұрыстық туралы мәселенің шариғат үкімдеріне қатысты болуы керек. Яғни, тілге немесе ақылға негізделген үкімдерге байланысты қағидаларда ғалымдар бірауыздан келісіп жатса да бұл діни тұрғыдан ижма деп аталмайды. Мысалы, ғалымдардың «фә» әрібі немесе «сумма» сөзінің беретін мағыналары немесе әлемнің хадис (мәңгілік емес, кейіннен жаратылғандығы) екендігі жайындағы келісімдері біз айтып отырған ижмаға саналмайды(З. Шағбан. Усулул-фиқһ. 91-92 б.).
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды
Жаңалықтар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

22.03.2026
Жаңалықтар

20.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғайбаттаушы қалай тәубеге келе алады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121371 бөлісті
    Бөлісу 48548 Твитерге 30343
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    515 бөлісті
    Бөлісу 206 Твитерге 129

Соңғы жарияланымдар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды
Жаңалықтар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

22.03.2026
Жаңалықтар

20.03.2026
Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00