Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғайбаттаушы қалай тәубеге келе алады?

24.08.2015
- Сұрақ-жауап
0
289
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әсілі, кешірім сұрауды әдетке айналдырған дұрыс. Ғайбаттаушы ғайбатталған адамға жағдайды айтып, кешірім сұрауы керек. Мысалы, «сені ғайбаттадым, кешір» деп, мүмкін болса, болған жай айтылады. Егер жағдайды баяндау барысында айтылған сөздер өткенді еске салып кісінің жүрегін қайта жаралайтын болса, онда тек «ақыңды кеш» деп, кешірім сұраған жөн. Ғайбатталған кісі де мүмкін болса барлық нәрсені егжей-тегжейлі сұрамай-ақ, парасаттылық танытып «кешірдім» дегені абзал.

     Кейбір ғалымдар ғайбатты үш түрге бөледі:

     1. Ғайбат жасап тұрып «мен ғайбат жасап тұрған жоқпын, оның бойындағы мінді айтып тұрмын» деп айтуы, харам екені белгілі нәрсені халал деу, бұл‒ күпірлік.

     2. Ғайбаттаушының айтқандары ғайбатталған адамның құлағына жететін болса, ол кісіден кешірім сұрамайынша тәубесі толық болмайды. Керісінше, оның құқығына қол сұғып, құл ақысын  жеген болады.

     3. Ғайбаттаушының сөздері ғайбатталғанның құлағына жету ықтималы жоқ болса, өзі үшін әрі ғайбаттаған адамы үшін кешірім тілеп тәубе ету арқылы кешіріледі. Кейбір ғалымдар міндетті түрде ғайбатталған кісінің өзінен кешірім алынуы керек десе, кейбіреулері Аллаһқа тәубе етіп кешірім тілеу жеткілікті деген.

Ғайбат сөзді бар ықыласымен ерікті түрде құлақ түріп, ынта қоя тыңдаған, адам да ғайбаттаушымен тең. Пайғамбарымыз «тыңдаған адам да ғайбаттаушылардың бірі» деген[1]. Сондықтан біреудің сыртынан жаман сөз айтылғанда оған тосқауыл болуы керек. Пайғамбарымыз«Кімде-кімнің қасында мұсылман бауыры жамандалып, кемсітіліп жатқан кезде күші жете тұрып оған көмектеспесе, қиямет күні Аллаһ Тағала да оны төмендетіп масқара қылады»[2]  дейді. Егер ғайбаттаушыға күші жетпесе, ділімен оны айыптап, шамасы келсе ол жерден кеткені жөн. Ғайбаттаушы және ғайбатты қарсылық білдірмей өз еркімен тыңдаушы мұсылман абайсызда осындай жиіркенішті қылыққа бой алдыратын болса: «Аллаһумағфир ләнә уә лимәниғтәбнәһу» (Аллаһым, бізді және ғайбаттаған адамымызды кешіре гөр!) деп дұға етіп, артынан жамандап сөз айтқан бауырынан міндетті түрде кешірім сұрауы керек.  

[1]Табарани Ибн Омардан, Ихя, 3/1, 325

[2]Табарани Сахлдан, Ихя, 3/1, 326

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла тағаланың сипаттарын адамдарға қоюға болады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00