Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұрынғы діндердің үкімі қалайша исламда негізге алынады?

11.07.2015
- Сұрақ-жауап
0
287
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Діндерді біртұтастық шеңберінде қарастырған мұсылман ғалымдары құқық методологиясында белгілі бір діни мәслеге қатысты үкім шығарарда бұрынғы шариғаттардың үкімдерінің негізге алынып-алынбайтындығы жайлы түрлі көзқарас білдірген. Сөздікте «бізден бұрынғы шариғаттар» деген мағынаға келетін араб тіліндегі «шаръу мән қобләнә (шәрәъиу мән қобләнә)» ұғымы фиқһ методологиясында пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.а.с.) бұрынғы діни үкімдердің кейбір бөліктерін бағзы ғалымдар кейбір шарттар негізінде шариғат үкімі ретінде қабылдаған. «әш-Шәриъатус-сәлифә, әш-шариъатус-сабықа» деген секілді атаулармен аталған осы дәлел көбіне сүннет дәлелі, ижтихад, истисхаб секілді тақырып төңірегінде немесе дәлелдігі нақты емес дәлелдер қатарында қарастырылған.

Фиқһ методологиясында Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға дейінгі пайғамбарлардың шариғаттары екі бөлімде қарастырылған. Бірінші: Біздің шариғатымызда (Құран мен сүннетте) айтылмаған үкімдер. Біздің бұлардан жауапты емес екендігіміз бірауыздан құпталған.

Екінші түрі: Құранда және сүннетте аталатын үкімдер. Бұлар өз ішінде үш түрге бөлінеді:

  1. Біздің шариғатымызда үкімі жойылғандар. Бұлардан жауапты емес екенімізді ғалымдар бірауыздан  құптайды.

2- Біздің шариғатымызда жалғасын тапқан үкімдер. Мұсылман ғалымдары бұлардан мұсылмандардың да жауапты екендігіне бірауыздан келіскен. Мысалы, ораза құлшылығы. Құранда: «Әй, иман келтіргендер, сендерден бұрынғыларға парыз еткеніміздей сендерге де ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183) делінген. Осы топқа кіретін үкімдердің сүннетте орын алған мысалы ‒ құрбандық шалу. Ол Ибраһим пайғамбардың шариғатына қатысты үкім еді. Бұл үкім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Құрбандық шалыңдар. Өйткені ол ‒аталарың Ибраһимнің сүннеті» деген хадисі арқылы бекітілген-ді (Бұхари, Тәйяммүм бөлімі, ас-Соля, 56; Муслим, Мәсәжид 3).

3- Қабылданып-қабылданбайтындығына қатысты ешқандай үкім айтылмай Құранда Аллаһ тағала қысса ретінде баяндаған яки Пайғамбарымыз арқылы келіп жеткен мәселелер. Бұлар жайлы мұсылман ғалымдары түрлі пікір білдірген. Мысалы, иудейлердің шариғатындағы қысас аяты «Мәида» сүресінде: «Тәуратта оларға былай деп әмір еттік: Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс. Жаралар да қысас болып табылады» («Мәида» сүресі, 45) деп берілген. Судың Салихпен (а.с.) елі арасында өзара кезектесіп қолдану үшін бөлінгендігі жайлы айтылған аятта «Оларға араларында суды бөлістіргеніміз жайлы айт. Ішу кезегі кімде болса, сол келіп суын алсын» («Қамар» сүресі, 28) делінген. Бұл үкімдердің мұсылмандар үшін қатысты екендігі ашық білдірілмегендігі секілді, үкімдерінің жойылғандығына да қатысты мәлімет жоқ.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Осы соңғы түрінің дәлелге саналып саналмайтындығына қатысты ғалымдардың көзқарасы екіге жарылады: 

  1. Ханафи мен мәликилердің көпшілігі, шафиғилердің кейбірі және Ахмад ибн Ханбалдан жеткен таңдаулы көзқарас бойынша, алдыңғы үмбеттердің өзгеріске ұшырап, бұрмалаушылыққа жол берілген кітаптары арқылы емес Пайғамбарымызға келген уахи арқылы бізге сенімді түрде келіп жеткен үкімдері біздерге де ортақ. Оларды басшылыққа алып, бағыну міндетті болып табылады. Мысалы, ханафилар аятта айтылған «жанға-жан» сөзін зыммиді (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) өлтірген мұсылманды, әйелді өлтірген еркекті қысас ретінде өлтіруге рұқсат екендігіне дәлел ретінде санаған. Бірінші көзқарасты ұстанғандардың алға тартқан уәждері мынау: ол да Аллаһ тағаланың түсірген шариғаттарының бірі әрі үкімі жойылғандығына қатысты ешқандай дәлел жоқ. Жаратқан иенің ол оқиғаны баяндап кетуі айқын түрде болмаса да тұспалды түрде құптағанын білдіреді. Олай болса, оны басшылыққа алу міндетті. Мына «Міне сол пайғамбарлар Аллаһ тағаланың тура жолға салғандары. Сен де солардың жолын ұстан» («Әнғам» сүресі, 90) деген аят та соған нұсқайды. Сонымен қатар «(Әй, Мұхаммед!) Содан кейін саған: «Хақ жолды ұстанған Ибраһимнің дініне мойынсұн. Өйткені ол серік қосушылардан емес» деп уахи еттік» («Нахіл» сүресі, 123), «Аллаһ «Дінді дұрыс ұстап, онда бөлінбеңдер» деп дін ретінде Нұхқа өсиет еткендерін саған уахи еткенімізді, Ибраһимге, Мұсаға және Исаға өсиет еткендерімізді сендер үшін де шариғат етіп бекітті» («Шура» сүресі, 13) деген аяттар осы ақиқатты баяндайды.
  2. «Шындығында Тәуратты Біз түсірдік. Онда тура жол мен нұр бар…» («Мәида» сүресі, 44), «Мұсаның ашуы тарқаған кезде (жерге қойған) Тәурат тақталарын қолына алды. Онда: «Раббыларынан қорыққандарға тура жол және рақым бар» деп жазылған-ды» («Ағраф» сүресі, 154). Демек, осы аяттарда айтылғандай, Тәeратта тура жол, нұр және рақым бар болса Құран мен сүннетте баяндалып, үкімдері жойылғандықтары білдірілмеген алдыңғы кітаптардың үкімдерін жетекшілікке алу қажет. Өйткені олардың Құран мен сүннетте айтылуы дұрыс екендігінің дәлелі болып табылады  (H. Каrakaya, Fikh usulu, Stambul, 1995, 175-б).

Ибн Аббастың «Сад» сүресіндегі «Дәуіт өзін сынаққа салып тұр деп ойлап, Раббысынан жарылқау тілеп, сәждеге бас қойып, тәубе етіп, Аллаһқа бет бұрды» («Сад» сүресі, 38) деген аятты оқып сәждеге бас қойғандығы әрі дәлел ретінде «Міне, сол пайғамбарлар Аллаһ тағаланың тура жолға салғандары. Сен де солардың жолын ұстан» («Әнғам» сүресі, 90) деген аятты оқығандығы нақты мәлім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кімде кім намазды ұмытып яки ұйықтап қалса, есіне түскен кезде оқысын» дегеннен кейін «..мені еске алу үшін намаз оқы» («Таһа» сүресі, 14) деген аятты оқыған. Ғалымдар парыз намаздың қазасын өтеудің де парыз екендігіне қатысты осы аят-хадистерге сүйене отырып дәлел келтіреді. Алайда бұл аят Мұса пайғамбарға (а.с.) қаратыла айтылған. Аллаһтың елшісінің алдыңғы шариғаттарға қатысы жоқ болса, бұл аятты оқудың пайдасы болмас еді (У. Зухәйли, әл-Уәжиз фи усулил-фиқһ, 103-б.).

Абдуллаһ ибн Аббас та Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде иудейлердің ашура күні ораза ұстауының мәнісін сұрап, осы мүбәрак күнде Аллаһтың Исраилұрпақтарын жауларынан құтқарғандығын, сондықтан осы күні Мұсаның ораза ұстайтынын айтқанда, Аллаһ елшісі «Мен Мұсаға сендерден гөрі жақынмын» деп сол күні ораза ұстап, мұсылмандарға да ораза ұстауды бұйырғандығын айтқан (Бұхари, Саум, 69; Муслим, Саум, 127) Бұл хадис те Пайғамбарымыздың алдыңғы үмбеттерге тиесілі кейбір үкімдерді дәл солай жасағандығын көрсетеді. 

Фиқһ ғалымдары жоғарыда Салих пайғамбардың шариғаты жайлы келген «Оларға судың араларында бөлістірілгендігі жайлы хабар бер…» деген аяттағы«мухаияә» (бір нәрсені кезектесіп қолдану) жолы арқылы ортақ малды өзара бөлісіп қолдануға рұқсат екендігіне дәлел ретінде санаған. Бұл аят Салих пайғамбар мен елі арасында суға қатысты пікірталасты шешу үшін түскен. Осыған орай белгіленген күнге қарай суды қолдану қажет еді. Түйеге арналған күнде Салихтың елі тек қана түйенің сүтін ғана қолдана алатын. Осындай бөлістің үкімінің жойылып-жойылмағандығына қатысты Құранда кесімді үкім жоқ.   

Тағы да Жүсіп пайғамбардың қыссасында баяндалған «Патшаның су ыдысын алып келген адамға бір түйеге жүк боларлық сый бар» («Юсуф» сүресі, 72) деген аятты ғалымдар сый тағайындаудың рұқсат екендігіне дәлел ретінде санаған.

Ханбалилар да еңбектің мәхір ретінде жүретіндігіне Шұғайып пайғамбардың шариғаты жайлы айтылған «(Шұғайып:) «Саған мына екі қызымның бірін некелегім келеді. Ол үшін маған сегіз жыл жалданып жұмыс істейсің…» («Қасас» сүресі, 27) деген аятты дәлел ретінде алға тартқан.

2. Шафиғиларда басымдық берілген көзқарас бойынша, әшғари, мұғтазилиттер мен шиғалардың көзқарасында біз бұрынғы шариғаттардың үкімдерінен жауапты емес екендігімізді айтады.

У. Зухәйли бұл мәселені былайша түйіндейді: «Шариғатымызда үкімі жойылмағандардың тысында, біздің шариғатымыз басқа шариғаттардың үкімін жойған. Бұны барлығы бірауыздан мойындайды» деушілерге «Шариғатымыз оған қарама-қайшы келген үкімдерді ғана жойған. Ал үкімін жоймай, ол жайлы еш нәрсе айтпағандары тұспалды түрде біздер үшін де шариғат саналады. Өз кезегінде ол да иләһи үкім болып табылады. Құран кәрім Тәурат пен Інжілді растайды. Қысастың, зина жасау мен ұрлықшының жазасы да осыған дәлел» деп жауап берілгендігін, алайда өзінің екінші көзқарасты таңдайтынын айта келе… «Бізден бұрынғы шариғаттардың өз алдына бөлек діни дәлелдердің бірі емес, керісінше оның Құран мен сүннеттің үкімдерін жетекшілікке алу болып табылатынын ұмытпау қажет. Өйткені оны жетекшілікке алу үшін Аллаһ пен Оның елшісі (с.а.с.) жоққа шығармастан, үкімінің жойылғанын хабар берместен біздерге  баяндауы шарт. Сондықтан ол негізінде Құран мен сүннетке сүйенеді», – дейді. (У. Зухәйли, әл-Уәжиз фи усулил-фиқһ, 104-б.).

З. Шағбан да өз ойын: «Зер сала қарасақ, бізден бұрынғылардың шариғаты негізінде өзі бөлек бір дәлел емес, түбі Құран мен хадистің ауқымына кіретінін байқаймыз. Жоғарыда айта кеткеніміздей, бізден бұрынғылардың шариғатына қатысты оқиға Құранда немесе сүннетте баяндалып, оның үкімінің қабылданбайтындығына қатысты ешқандай үкім білдірілмесе, мұсылмандар тарапынан ол үкімнің жойылғандығына қатысты ешқандай дәлел айтылмаса, ол басшылыққа алынады. Демек, ол Құран мен сүннеттің ауқымына кіреді», – деп қорытындылайды (Z.Şaban, İslam hukuk ilminin esaslari (Usulul-fkh), (I.Кafi Donmez), Аnkara, ТDU, 1990, 180-183-б.)

 

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ораза тұтпаған адам сауабына сеніп тарауих намазын оқысы болады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00