Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Анасын ардақтап, қызын қадірлемеген елдің ертеңі бұлыңғыр

29.07.2015
- Қоғам
0
546
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақта «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», «Кішіге ізет, үлкенге құрмет», «Атаға не қылсаң, алдыңнан сол келеді», «Туғанында көрмеген, өлгеніңде жыламайды», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызым үйде, қылығы түзде» деген сияқты көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарап отырсаңыз бар мәселе отбасынан басталады екен. Ұлт тіршілігінде, болашағында отбасы ең басты тұғыр.

Осы тұғыр ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас, жеңге, келін, жезде, күйеу, нағашы, жиен, құда, туыс, туажат, жекжат т.б. болып кете береді. Аталған алғашқы он тұғыры отбасының ішкі қабаты да қалғаны сыртқы қабаттарын құрайды. «Үй ішінен үй тігу» ол анаға қатысты айтылады. Қыз алып қыз берісуді білдіреді де, отбасы тұғырының сыртқы қабатына меңзейді. Туыстық қатынастың орталығы ол қыз екен.

Сонымен отбасының ішкі сыртқы байланысының негізгі көпірі ол ана. Сондықтан қыз өріс деп жатамыз. Ана отбасында ғана емес, ұлттың, мәдениеттің танымдық, құндылықтық орталық ретінде ең маңызды тұғыр. Сол тұғырға қатысты туған жер, отан, ошақ, тілге қатысты анықтамалар көп. «Ана тіл», «жер ана» сияқты. Бұлар мәдениеттің ең басты арнасы: тіл мен атамекен, отан. Адамның «Мені» осы арнадан бастау алады: Жер бесік отан мен тал бесік анадан.

Сондықтан туған жер мен туған ана, адамды адам еткен болмыстық құндылықтардың басында келеді. Сондықтан қазақ «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген ұстанымды жақтаған. Бірақ қазіргі таңда, жаппай құбылыс болмаса да, ішінара қыздарымыз, өздері бастап, ананың қазақ болмысындағы осы көпір функциясынан бас тартып, басқа діни шаблондарды иектеп, ешкіммен санаспастан, ата анасы туған туысын тәрк етіп, байға шығып, артынан талаққа ұшырап жатыр. Бұл біріншіден, діни таным жаттығынан, екінші қыздың қазақ мәдениет ұясындағы тәрбиесі берік болмаған деген сөз. Ол қыз анасының отбасындағы орнын танымаған, тәрбиесі дұрыс болмаған немесе анасының қызына берер құндылығы болмаған. Сондықтан басты себепті сол отбасынан іздеуге тура келеді. Қыз жат жұрттық болса да, жанашыр, бауырмал, тілеулес деп жатамыз. Ол солай негізі. Бірақ неге қазір қыздарымыз жанашырлығы, бауырмалдығы, тілеулестігінің орталығы болған отбасы мүшелеріне, туған туыс, әке шешесі, бауырларына туыстық байланысын ұмытып, өзінің қазақ ұлты алдындағы міндетін ысырып қойып, дәстүр салтын да аттап, басқа жат мінезге, шаблонға өзеурейтін болды.

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025

«Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз ол бүгін, ұлтқа қырық бәледен, қатерден сақтану деген сөз. Сондықтан ұлттың, қазақ мәдениетінің баяндылығы да болашағы да қыздарымыз бен аналарымыздың жауапкершілігінде қалып отыр.

Отбасылық құндылықтардың орталығы ол ана. Алдымен осы тұғыр туралы ойланғанымыз абзал. «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаған. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірсе, ата сол ұяны сақтаушы, қорғаушы болу керек еді. Бірақ кеше кеңестік кезең ыдырап, жұмыссыздық жайлап, аталарымыз кешегі кеңестік шаблоннан қалған сары суға «сылқиып алып төрде жатқанда», бала шағаны асырауға поезд аралап қазақтың аналары кетті. Аталар да шығып көріп еді өзара төбелесіп, еркек атаулы қоғам шырқын бұзған соң, сен үйде отыра бер, өзім деп тәуекелді белге буып аналар шыққаны мәлім. Қазақтың қазақтық болмысын қашанда сақтап келе жатқан тұғыр аналар, қыздар туралы бүгін тағы қайта толғануға тура келді.

Қызын сыйламаған ел, анасын бағаламаған үйден береке кетеді. Береке ол құт деген сөз. Құты қашқан елдің арасында құрмет, бауырластық, сыйластық, махаббат, изет, иман, ар, намыс, жауапкершілік қайдан болсын. Қызға қамқор, қызға қалқан болу ол қазақтың басты ұлттық парызы болуы тиіс. Кейде ғаламторда қазақ қыздарын өзара қырқыстырып қойып, оны жарнамалап жатқан көріністер жақсылықтың нышаны емес. Соны түсіріп, сықылықтап күліп қарап тұрған қазақ жігіттеріне қарап-ақ, оларда ұлттық намыстың жұғыны қалмағанын көресің.

Дінді қолданып, тағы сол қазақтың қызын мазақ қылып, тастап кетіп, «жігіттік сөзін» аяқасты еткендерді, онысын тағы да шариғатпен ақтап кетіп жатқан «жігіттерді» естіп, қазаққа келген «жұт жеті ағайынды» екен деген ой келеді. Себебі бұл құбылыстың артында надандық, білімсіздік, жауапсыздық деп аталатын нәпсіқұмарлық мен ойсыздық жатыр. Азғындықтың шегі болмайды. Бірақ азғындықтың басы қазақта оның анаға, қызға деген көзқарасы мен таным түсінігінен бастау алады.

Сондықтан қазақ қыздарынан тілегім, сен тілдің де, сен ділдің де, сен ұлттың да, сен құндылықтардың да орталығысың… Өзісің, кешегі аталар жолы тарихтың көзісің, жанпидалық пен ерліктің де негізісің…Сондықтан бүгінгі қазақ қыздары осыларды сақтай алмасаң саған серт, ал сендерді қорғай алмаса жігіттерге серт! Ант ішпеске де амал қалмады, басқа жол жоқ… Онда ұлт ретінде жойыламыз…

Сөзімнің соңында «отбасында ана мен қызға», қоғамда «ана тіліне», мемлекетте «мәдениетіне қамқор болмаған кез келген саяси институт жойылуға бет түзейді дегім келеді. 

 Досай КЕНЖЕТАЙ,
профессор

Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни радикализмнің алғашқы белгілері қандай?
Ағымдар ақиқаты

Рухани тәрбие – радикализмге қарсы иммунитет

10.12.2025
Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды
Жаңалықтар

Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды

10.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам – ұлттық құндылықтардың арқауы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Діни радикализмнің алғашқы белгілері қандай?
Ағымдар ақиқаты

Рухани тәрбие – радикализмге қарсы иммунитет

10.12.2025
Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды
Жаңалықтар

Димашқа Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспап сыйға тартылды

10.12.2025
Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар
Қоғам

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00